Сұрақ:
Иғтикаф ғибадаты жайлы Құран мен хадисте не
айтылған?
Жауап:
Құранда «Бақара» сүресінің 187 мен 125-аят-
тарында:
«Сендер мешітте иғтикафта болғанда...» және
«Менің үйімді (Қағбаны) тауап етушілер, ғибадатқа
отырушылар және рукуғ, сәжде етушілер үшін тап-таза
ұстаңдар», – делінген. Айша анамыз: «Алла Елшісі Мәдинаға
келген соң, көз жұмғанға дейін Рамазанның соңғы он күнін
иғтикафпен өткізетін», – дейді. Иғтикафтың мақсаты
– адамның оңаша қалып шынайы ықыласпен Аллаға бет
бұруы, Оған жақындауға тырысуы.
Сұрақ:
Иғтикафтың қандай түрлері бар?
Жауап:
Иғтикаф – уәжіп, бекітілген сүннет және мұстахаб
болып бөлінеді. Нәзір етілген (иғтикафқа кіремін деп сөз
берген) иғтикаф – уәжіп. Рамазанның соңғы он күндігіндегі
иғтикаф – бекітілген сүннет (муәккада) және басқа бір
уақытта ғибадат ниетімен мешітте бір мезгіл иғтикафта
болу – мұстахаб.
Достарыңызбен бөлісу: |