Тарату электр


  Кернеу астында жұмыс жүргізудің негізгі әдісі



Pdf көрінісі
бет13/331
Дата06.04.2022
өлшемі8,07 Mb.
#30054
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   331
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

1.1.1 
Кернеу астында жұмыс жүргізудің негізгі әдісі  
 
Кернеу  астында  жұмыс  істеу  дегеніміз  жұмысшы  кернеу  астындағы  желілерде  (жабдықта)  сынақ 
жүргізу және техникалық қызмет көрсету үшін арнайы жұмыс құрал-саймандары, жабдық (немесе аспап) 
арқылы кернеу астындағы желілерде (немесе жабдықта) тікелей жұмыс жасайды немесе кернеу астындағы 
желімен  (немесе  жабдықпен)  тікелей  байланысады.  Мұндай  шара  қызмет  көрсету  кезінде  электр 
энергиясы сөндірілмейтін және қалыпты электрмен жабдықталуды қамтамасыз ететін тиімді шара болып 
табылады.  
Жұмысшы мен кернеу берілген бөліктің, яғни кернеу берілген бөлікпен жұмысшы денесінің тікелей 
жанасуына қарай кернеумен жұмыс жасау әдісін екі негізгі әдіске, атап айтқанда: жанасу арқылы жұмыс 
жасау  және  қашықтықтықта  жұмыс  жасау  деп  бөлуге  болады;  жұмысшы  денесінің  потенциалын  ескере 
отырып,    кернеумен  жұмыс  жүргізуге  байланысты  бұл  жұмыстарды  төмендегідей:    жер  потенциалы 
бойынша  жұмыс  жүргізу,  орташа  потенциал  бойынша  және  потенциалдарды  теңдестіру  арқылы  жұмыс 
жасау деп жіктеуге болады. 
1) 
Жер потенциалы бойынша жұмыс жасау  
Жер  потенциалы  бойынша  жұмыс  жасау  жұмысшының  оқшаулағыш  құралдар  арқылы  кернеудегі 
бөлікпен байланысу арқылы жұмыс жасауын айтады, бұл ретте оның жермен (мұнара) бірдей потенциалы 
болады. Бұл уақытта дене мен кернеу берілген бөлік арасындағы қатынас мынадай болады:  
 «жер  –  дене  –  оқшауланған  құралдар  –  кернеу  берілген  бөлік».  1.1-суретте  жер  потенциалымен 
жұмыс жүргізу сұлбасын көруге болады. Жердің потенциалы бойынша жұмыс жүргізу, сондай-ақ нөлдік 
потенциал  бойынша  жұмыс  жасау  деп  те  аталады,  ол  шетелде  қашықтан  жұмыс  жасау  әдісі  ретінде 
танымал.  Жердің  потенциалы  бойынша  жұмыс:  «қолдау,  тарту,  бекіту  және  іліп  алу»  деген  төрт  негізгі 
әдісті  қолдану  арқылы  жүзеге  асырылады  және  осы  әдістерді  үйлестіру  -  қашықтықта  жұмыстарды 
орындаудың негізгі құралы болып табылады. 
 
Кернеу астындағы электр тарату желілерін пайдалану және қызмет көрсету. Бірінші басылым. Тянью Ли, Цюцзинь Линь 
және Гэнхуан Чэнь. © 2017 China Electric Power Press. 2017 жылы «John Wiley & Sons Singapore Pte. Ltd компаниясымен 
басып шығарылған 
 
 Осы  әдістегі  ең  бастысы  дене  мен  кернеу  берілген  бөлік  арасындағы  жеткілікті  қауіпсіз 



 
қашықтықты  сақтау  болып  табылады  және  онда  оқшауланған  құралдардың  жеткілікті  шамадағы 
оқшаулау қашықтығы болуы  тиіс.     
2) 
Орташа  потенциалмен жұмыс жүргізу   
Орташа  потенциалмен  жұмыс  жүргізу  жұмысшының  кернеу  берілген  бөлікпен  оқшауланған 
құралдар  арқылы  байланыс  жасайтын  әрекеттерін  білдіреді,  бұл  кезде  ол  әрдайым  жерге  қосылған 
бөлік  пен  кернеу  берілген  бөлік  арасындағы  орташа  потенциалда  болады.  Осы  уақытта  дене  мен 
кернеу берілген бөліктің арасындағы қатынас мынадай болады: «кернеу берілген бөлік -оқшаулағыш 
–  дене  -  оқшаулағыш  -  жер».  1.2-суретте  орташа  потенциал  бойынша  жұмыс  жүргізу  сұлбасы 
көрсетілген.  Дене  тиісінше  жерге  тұйықталған  бөліктен  және  кернеу  берілген  бөліктен 
оқшаулағыштардың  екі  секциясымен  оқшауланады,  бұл  секциялар  электр  тогының  денеге  өтуіне 
мүмкіндік  бермейді,  ал  дене  мен  жерге  тұйықталған  бөлік  арасындағы  ауа  саңылауы  дене  арқылы 
кернеу берілген бөліктің тұйықталған бөлікке зарядсыздануын болдырмайды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   331




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет