6
онда бұл саладағы ең үздік әдістер мен құралдар бар. Қазіргі уақытта тікұшақтар мен
манипуляторлар АҚШ-та кернеумен жұмыс жүрізудегі негізгі құралға айналды. Франция,
Ұлыбритания, Канада, Германия, Италия және Дания сияқты басқа елдер кернеумен тұрған электр
тасымалдау желілеріне қызмет көрсету бойынша жұмыс жүрізуде мол тәжірибеге ие, бұны осы
елдердің автоматтандыру мен механикаландырудың жоғары деңгейімен ерекшеленетін және түрлі
жұмыс операцияларына мамандандырылған жұмыс жүрізу құралдары мен әдістерінен көруге
болады.
Кернеумен жұмыс жүрізуді кеш бастағанына қарамастан, автоматтандырудың жоғары деңгейі
және алдыңғы қатарлы жұмыс құралдары бар Жапонияда бұл сала, әсіресе таратушы электр
тасымалдау желілерінде тез қарқынмен дамыды. Қазіргі уақытта Жапонияда жұмысшы оқшауланған
буыны бар көтеру платформасының оқшауланған кабинасында отырып, манипуляторды басқаратын
жұмыстар кеңінен таралған. Манипуляторда механикалық немесе гидравликалық жетек бар және ол
робот бағытында дамытылады. Алдыңғы қатарлы технологияны пайдаланатын «Kyushu Electric
Power Co., Ltd.» компаниясы жерде тұрып, икемді әрі қауіпсіз жұмыс жасай алатын екінші буын
роботтарын қолдана бастады.
1.2.3
Достарыңызбен бөлісу: