Тарату электр


Бұрмалы және жылжымалы құрылғыларды қолдана отырып жұмыс жүргізу



Pdf көрінісі
бет15/331
Дата06.04.2022
өлшемі8,07 Mb.
#30054
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   331
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

Бұрмалы және жылжымалы құрылғыларды қолдана отырып жұмыс жүргізу  
1) 
Бұрмалы қондырғыларды қолдана отырып жұмыс жүргізу 
Бұрмалы  қондырғыларды  қолдана  отырып  жұмыс  жүргізу    кезінде  бұрмалы  кабельдер 
(желілер)  немесе  бұрмалы  ажыратып-қосқыштар  сияқты  уақытша  ток  жүргізілетін  бұрмалы  электр 
тасымалдау  желілері  немесе  жабдықтары  техникалық  қызмет  көрсету  және  ауыстыру  үшін 
токсыздандырылуы  тиіс  жұмыс  желілерінің  немесе  жабдықтарының  (электр  тізбектер,  ажыратып 
қосқыштар  немесе  трансформаторлар  сияқты)  орнына  қолданылады  және  олар    кейіннен  жұмыс 
аяқталған  соң  электрмен  жабдықтау  қалпына  келтірілгенде  алынып  тасталады.  Бұл  әдіс  жұмыс 
жүргізілген уақытта тұтынушыға электр қуатының үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді. 
 
 
 



 
 
 
1.3-сурет. Потенциалдарды теңестіру арқылы жұмыс жүрізу сұлбасы.  1—Кернеу берілген 
бөлік; 2—Дене ; 3—Оқшаулағыш; 4—Жерге тұйықталған бөлік. 
 
Бұрмалы құрылғыларды қолдана отырып жұмыс жүргізу кернеумен жұмыс жасаудың дәстүрлі 
тәсіліне  жаңа  тұжырымдама  енгізеді  және  кернеумен  жұмыс  жасайтын  желіде  жұмысты  дәстүрлі 
жүргізудің  бернеше  технологиялық  операцияларының  бірігуі  арқылы  «тұтынушыға  электр 
энергиясын  үзіліссіз  жеткізу  кезіндегі  қызмет  көрсету  бойынша  жұмыстарды  жүргізуді»  іске 
асырады. Бұл бұрмалы  құрылғыларды және кернеудегі жұмысты дәстүрлі жүргізуді қолдану арқылы 
жұмыстарды қолайлы үйлесіммен орындау кернеумен жұмыс жүрізу арқылы толықтырылған электр 
желісіндегі  ағымдағы  жұмыстарды  электр  энергиясын  ажырату  арқылы  жүргізуге  негізделген 
жағдайды түбегейлі өзгертеді.   
2) 
Жылжымалы құрылғыларды қолдану арқылы жұмыс жүргізу  
Тарату  трансформаторларын  ауыстыру  (қуатты  арттыру  үшін),  электр  тасымалдайтын  әуе 
желілерін  ауыстыру  немесе  сымдарды  ауыстыру  сияқты  электр  желілеріндегі  көптеген  жұмыс 
кернеумен  жұмысты  тікелей  жүргізу  арқылы  жүзеге  асырылмайды.  Дегенмен,  оларды 
тұтынушыларды  қуатпен  қамтамасыз  етуді  аз  ғана  уақытқа  ажырата  отырып  (қуат  берудегі  үзіліс 
уақыты  коммутациялық  жұмыс  уақытына  тең)  немесе  техникалық  қызмет  көрсетілуі  тиіс  электр 
желілерінен  ажырату  және  жылжымалы  құрылғылардың  көмегімен  қосу  арқылы  тұтынушыларға 
электр  қуатын  беруді  жалғастыру  арқылы  жүзеге  асыруға  болады.  Бұл  жылжымалы  құрылғылар 
жұмыс аяқталған соң электрмен қамтамасыз ету қалпына келтірілген соң алынып тасталады.   
Бұл  жылжымалы  құрылғыларды  қолдана  отырып,  жұмыс  жүрізудің  негізгі  идеясы  болып 
табылады  және  оған  жылжымалы  генераторлар,  жылжымалы  апаттық  генераторлар  және  қорап 
түріндегі жылжымалы  трансформаторлар кіреді.      
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   331




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет