8
соңында «China Southern Power Grid» («Оңтүстік Қытай электр желісі») компаниясы тікұшақтың
көмегімен кернеумен тұрған оқшаулағыштарды шаю тәсілін көрсетті. Соңғы жылдары тікұшақтың
көмегімен кернеумен тұрған оқшаулағыштарды шаю қызметі электр қуаты «North China Power Grid»
(«Солтүстік Қытай электр желісі») компаниясынан және «Үш шатқал» ГЭС келетін тұрақты токтың
жоғары вольтты электр желілерінің хунань секцияларында табысты сатыла бастады.
Тікұшақтың көмегімен кернеумен тұрған оқшаулағыштарды шаю кезінде әдетте кедергісі
10000 Ом•см болатын ионсыздандырылған су қолданылады, ионсыздандырылған суды немесе сүзгіні
сатып алуға және ионсыздандырылған суды өндіруге де болады. Оқшауланған су зеңбірігі екі: қысқа
зеңбірік және ұзын зеңбірік түрінде болады. Сумен шаю ағынының жылдамдығы шамамен 30 л/мин.,
ал оның бүріккішіндегі қысым шамамен 7-10 бар.
2)
Тікұшақты қолдана отырып, потенциалдарды теңестіру кернеуінде жұмыс жүргізу. 1979
жылы АҚШ-тан келген Майкл Куртис тікұшақты қолданумен потенциалдарды теңестірумен
кернеумен жұмыс істеуге тырысқан бірінші адам болды. 1980-жылдары АҚШ, Канада және
Австралия электр беру желілерін тексеруден бастап, тікұшақты қолдана отырып, потенциалдарды
теңдестірумен кернеумен жұмыс жүргізуге дейінгі электртехникалық жұмыстарды өндіру тәсілін
табысты әзірледі (1.5-сурет), тікұшақты қолдана отырып, электр техникалық жұмыстарды жүргізу
әдістерінде алға үлкен қадам жасады. Тікұшақты пайдалану арқылы потенциалдарды теңестіру
арқылы кернеулі жұмыстарды жүргізу өзінің тәжірибеде қолдануының орындылығын дәлелдеді. Бұл
әдіс жабдықтың нөлдік қашықтықтағы ақауларын анықтау үшін, соның ішінде жалғау
құрауыштарының, сымдар мен жерге қосу тростары мен оқшаулағыштардың ақауларын анықтау
үшін; жалғау құрауыштарын жөндеу және ауыстыру үшін, сымдар мен оқшаулағыштарға арналған
дистанциялық кергіштер; сондай-ақ
Достарыңызбен бөлісу: