185
құлауды болдырмау үшін тіректің тиісті бөлігіне бекітілуі тиіс.
ii)
Сол және оң арқандарды тіректің жоғарғы бөлігіне бекіту. Сол және оң аспалы арқандар
оқшауланған және Т/Б тіректің шетке ығысуын болдырмас үшін дұрыс жағдайда бекітілуі тиіс.
Бетон тірек пен кернеулі сымдардың арасындағы арақашықтықты реттеу керек. Кенеттен
ығысуын болдырмас үшін тым көп күш салмау керек, бұл Т/Б тіректің күрт шайқалуына әкеп
соқтырады.
5)
Тіректерді орнату және орташа желілік сымдарды көтеру.
i)
Оқшауланған себеттегі электрмонтерлары екі перифериялық желідегі байлайтын сымдарды
босатады, содан кейін шағын кранның көтергіш жебе қозғалқытқышын іске қосу арқылы
басқару иінтірегінің көмегімен перифериялық желілік сымдарды түсіреді (сымдардың
салбыруына назар аудара отырып). Перифериялық желілік сымдарды түсіру алдында салбырау
деңгейін есептеп, оның рұқсат етілген шекке кіретініне көз жеткізу керек.
ii)
Оқшауланған себеттегі электрмонтерлар перифериялық желілік сымдарды бір-бірінен
қашықтықта ұстап тұру үшін тірек қарнақтарын (штанга) пайдаланады немесе жердегі
жұмысшылар оқшауланған арқандардың көмегімен перифериялық желілік сымдарды қарама-
қарсы екі жаққа тартады және оқшауланған арқандарды жердегі тіреуіштерге бекітеді.
Кернеулі
сымдардың түсіп кетуін болдырмас үшін тірек қарнақтарын (штанга) орнату кезінде алдыңғы
және артқы сымдар бекітілген жерді нығайту және тіркеу үшін байлау сымдарын пайдалану
керек.
iii)
Оқшауланған себеттегі электр монтерлары орташа желілік сымның байлау сымын
қолданады, кейін басқару иінтірегінің көмегімен шағын кранның көтергіш жебесін қозғалтып,
орташа желілік сымдарды 7.11(b)-суретте көрсетілгендей қажетті биіктікке көтереді. Т/Б
тіректің кернеулі жердегі сымдармен түйісуін болдырмау үшін көтеру биіктігін өлшеу және
есептеу керек. Рұқсат етілген қашықтығы 0,4 м.
iv)
Сымдарды көтеру мен түсіру кезінде біркелкі күш қолдану және оларды мықтап бекіту,
ағытуын болдырмау керек.
6)
Ауыстыруға жататын тіректе «еңіс» қазу.
7)
Ауыстыруға жататын тіректі алу.
i)
Басшының нұсқауларын сақтай отырып, кранды ақырын ескі бағанаға түсіреді. Жердегі
жұмысшылар аспалы арқандардың көмегімен тірек пен перифериялы желілік сымдардың
түйісуін болдырмау үшін бір жағына жылжып кетуін азайту үшін тіректің жағдайын басқарып
отырады. Жердегі жұмысшылар сондай-ақ кранға үстінгі бетінен 1,0 м тереңдікте шұңқырға
тіректі ақырын қозғалтуға көмектеседі. Тірек абайлап алынуы тиіс. Алған кезде тірек
бөліктерінің әрқайсысына берілетін күшке назар аудару қажет. Тағайындалған жауапты
тұлғалар басшының нұсқауларын сақтай отырып, бақылау арқандарын қадағалауы қажет.
Тіректі түсірген кезде көтергіш жебе кернеулі жердегі бөлшектерден кемінде 2,0 м қашықтықта
орналасуы тиіс. Үрдіске байланысты емес жауапты қызметкер мен басшыны қоспағанда,
қызметкер тірек биіктігінен 1,2 есе артық қашықтықта болуы тиіс және тіректі орнату кезінде
көтеру аймағында жүрмеуі және болмауы тиіс.
ii)
Тіректен оқшаулайтын
экрандаушы заттарды, траверс пен оқшаулағыштарды алу.
iii)
Жаңа тіректі орнату кезінде кедергі жасамау үшін ескі тіректі бір бетке жылжытып қою.
Жаңа тірек 7.11(с)-суретте көрсетілгендей орнатылуы тиіс.
8)
Жаңа тіректі орнату.
i)
Тірекке арналған шұңқырды және «еңісті» қалпына келтіру керек. «Еңістің» үстінен жаңа
тіректің негізін тығыз орналастыру керек. Тіректің негізінде жерге тұйықтайтын сымдарды
берік орнату керек.
ii)
Экрандау, сондай-ақ жаңа тіректі көтеру мен орнату кернеулі жерде тіректі қарнақтарды
(штанга) орнату бойынша нұсқаулықтарды сақтап орындалуы мүмкін.
9)
Сымдарды бекіту.
i)
Оқшауланған
себеттегі
электрмонтерлары
бірлесіп,
траверстерде
орнатылған
оқшаулағыштарға орташа желілік сымдарды төсейді. 7.11(d)-суретте көрсетілгендей сымдарды
берік бекіту керек. Сымдарды түсіру мен орналастыру, сондай-ақ тіректі қарнақтарды (штанга)
алу үрдісі сақтықпен жүргізілуі тиіс. Орташа желілік сымдарды олар мықты бекітілмейінше
кран ілгегінен ағытуға болмайды.
ii)
Оқшауланған себеттегі электрмонтерлары бірлескен күшпен перифериялы желілік сымдар
үшін оқшаулайтын тіректі қарнақтарды (штанга) алады. Сымдарды траверстерде орнатылған
оқшаулағыштардың бүйірлеріне орналастыру және оларды нығайтып бекіту керек.
186
iii)
Орнатылған тіректің беріктігіне көз жеткізген соң кранды жұмыс аумағынан шығару керек.
10)
Оқшаулайтын жабындарды шешу және жерге түсіру. Жұмыстар аяқталған соң сымдар мен
тіректе бөтен заттар қалмағанына көз жеткізу керек. Содан кейін оқшаулайтын жабындарды алып,
жерге қайта түсу қажет.
4)
Сақтық шаралары
1)
Тіректі орнату немесе алу алдында көтеру кезінде тіректің құлауын және кернеулі жердегі
сымдармен тіректің үстіңгі бөлігінің түйісуін болдырмау үшін «еңісті» дайындау қажет. «Еңісті»
қазуды бастамас бұрын кранды және арқандарды соның құлауын болдырмау үшін тірекке бекіту
керек.
2)
Сымдарды көтеру мен түсіру кезінде сымдарға біркелкі күш қолдану және оларды мықтап
бекіту қажет. Сымдарды көтеру мен түсірер алдында сымдардың салбырауын тексеру және ол
рұқсат берілген деңгейде екеніне көз жеткізу қажет.
3)
Тіректі кранмен орнату немесе алу кезінде арқанның матауышы тіректі алған кезде кенеттен
құлауын болдырмау үшін дұрыс күйінде бекітілуі тиіс.
4)
Тіректен сымдарды шешуден бұрын тіректің негізін беріктігіне тексеру және оның бұзылуын
болдырмау бойынша шаралар қабылдау қажет. шұңқырды қазу алдында тіректі бекіту қажет.
5)
Сол және оң аспалы арқандар оқшаулануы және Т/Б тіректің бір бетіне ығысуын болдырмау
үшін дұрыс күйінде бекітілуі тиіс. Бетон тірек пен кернеулі сымдар арасындағы қашықтықты
реттеу керек. Кенет түсуін болдырмау үшін аса көп күш салмау керек, ол Т/Б тіректің кенеттен
шайқалуына әкелуі мүмкін.
6)
Көтеру операциялары бойынша рәсімді сақтау қажет. Көтергіш құрылғы тексерілуі керек және
объектіні көтеру жағдайында болуы қажет. Кранның көтергіш ілгегі кенеттен ағытылудан
қорғалуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: