Барлығы
6
Оқылым
1.
Мәтінді түсініп оқы. Мәтінге сүйеніп, кестені толтыр.
Қаныштың шын есімі – Ғабдулғани. Анасы Әлима еркелетіп «Ғани, Ғаныш» деп
атаған екен. Кейін облыстық орыс-қазақ мектебіне оқуға барғанда журналға есімі Қаныш
болып жазылып кетіпті.
Қаныштың туып-өскен жері Баянауыл тауының сыртқы бөктері – Ақкелін.
Қаныш бала күнінде өте момын, тұйық болып өседі. Төрт-бес жасқа келгенде асық,
топай ойындарымен құмарланады. Өзеннің жағасынан әдемі жылтыр тастарды көп
жинайды.
Қаныш ауыл мектебінде арабша хат танып, алғаш рет түркі әдебиетінің
үлгілерімен танысады. Қаныш – қазақ халқының тұңғыш академигі, бар өмірін ел игілігі
үшін жұмсаған кісі. Сондықтан оның жарқын бейнесі біз үшін аса қадірлі, аса қымбат.
38
|