Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет183/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

§ 4. СӨЙЛЕМ БЕЛГІЛЕРІ
Тыныстық (.), Жапсарлық (,)
 
Мұғалім әңгімесінде әріп нүктесінен басқа жерге қойылған 
нүкте  бар  ма?  Олар  сөйлемнің  қай  жерінде  тұр?  Тынатын 
белгіге  не  деп  ат  қою  [керек]?  Төмендегі  «Мәкеш  әңгімесі» 
дегенді үтір біткендерін түгел қойып көшіріңдер.
Мәкеш әңгімесі 
Күзге  қараған  кез.  Күндіз  жылы,  түнде  салқындау.  Aй 
жарық. 
Қораның  шетіне  алтыбақан  құрдық.  Төрт  баладан  кезекке 
бөліндік.  Бір  кезекке  мен,  Жұмаш,  Төреш,  Нұрыш  төртеуміз 
кірдік.  Екінші  кезекке  Үміт,  Дәмет,  Мұрат,  Мұқаш  төртеуі 
кірді.  Зұлқаш,  Зұпынын,  Ұрқия,  Құбаш  төртеуі  бір  кезекке 
кірді. Ұсақ балалар көп үстінен тебетін болды. 


301
Екі бала тебеді, екі бала жібереді. Біреулер қатты жібергенде 
қорқады. Қорыққандарға күлеміз. 
Осында  әріп  үтірлерінен  басқа  үтір  бар  ма?  Олар  қалай 
қойылған?  Сөз  араларының  бәріне  де  қойылған  ба?  Қандай 
араларына қойылған? 
Осы әңгімені оқығанда, сөздердің үтір тұрған аралары мен 
үтір тұрмаған аралары қалай оқылатынын байқаңдар. 
Қайсысында сөз арасының жігі көбірек ашыла оқылады. 
Сөз арасының алыстайтын жігін көрсететін белгіні не деп 
айту [керек]?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет