Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет179/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

Т І Л Ж Ұ М С A Р
Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы 
танытатын 1-інші кітап
Білім ордасы 1-нші басқыш мектепте ұстауға ұйғарған 
Қазақстан баспасы 
Қызылорда – 1928 жыл


294
§ 1. ДӘЙЕКТЕМЕ
Тіл  –  құрал.  Құрал  болғанда  толып  жатқан  есепсіз 
бөлшектері  бар,  ол  бөлшектері  түрлі  жағымен  қиысатын  то-
лып жатқан қырлы, тетіктері есепсіз көп бір өте үлкен машина 
секілді құрал. 
Қандай құрал болса да, оны жұмсаушысы екі түрлі болмақ. 
Біреуі – құралдың ішкі-тысқы бөлшектерінің бәрін біліп, олар 
қалай бір-біріне үйлесіп, үйлескенінен шығатын тетіктер бір-
біріне қалай жалғасып, қалай қызмет ететіндігін біліп отырып 
жұмсаушы.  Екіншісі  –  олардың  бәрін  білмей-ақ  құралдың 
жұмсауға  керегі  бар  тысқы  бөлшектері  мен  тетіктерін  көріп, 
жұмсау әдісін үйреніп алып жұмсаушы. Ішкі бөлшектері мен 
тетіктерін бұл таныс құралды жұмсап жүріп, онымен көп істес 
болып барып, тәжірибе арқылы таниды. 
Солай  танығаннан  кейін  ананың  да,  мынаның  да  құрал 
жұмсауы,  оны  тануы  бірдей  сияқты  болып  шығады.  Бірақ 
асылында  олай  болмайды.  Мәселен:  машина  бөлшектері 
жасалған  заттардың  қасиеттерін,  олар  үйлесуінен  шығатын 
тетік заңдарының жайын жақсы білетін жұмсаушының маши-
на тануы мен тек өз тәжірибесі арқылы машинамен танысқан 
адамның  машинатануы  –  екеуі  бірдей  болмайды.  Машина 
жүрісінде  кемшілік  біліне  бастаса,  оның  неден  екенін  анау 
бірден білгенде, мынау тіпті білмеуі мүмкін. 
Жалпақ  жұрттың  құрал  тұтынуы  көбінесе  екінші  жолды 
болады.  Тігін  машианаларын,  пішен,  егін  машинараларын 
қолданушылар солардың ішкі, сыртқы бөлшектерін, тетіктерін 
біліп  отырып  жұмсамайды,  жүргізетін,  тоқтататын  сияқты 
жұмсауға керегі бар тек тысқы бөлшектері мен тетіктерін біліп 
кәне жұмсайды. Бұлардың да машина біліп алатындары бола-
ды, бірақ оны құрал жұмсау жүзінде көп тәжірибе көргеннен 
кейін біледі. 
Бұл күнде бала үйрету [дін] табиғи қолы – тәжірибе арқылы 
білім  алатын  осы  айтылған  соңғы  жол  деп  танылады.  Жана 
да ел мектебі – білімді түптеп білдіріп, мамандар шығаратын 
мектеп  емес.  Жалпы  тұрмысқа  жұмсалатын  жалпақ  түрдегі 
білім  беретін  мектеп.  Сондықтан  үйрету  жүзіндегі  кәзіргі 


295
жаңалықтың  негізі  –  үйрету,  әсіресе  бастауыш  мектептерде 
үйрету, тәжірибе жолымен білу. 
Бала  білімді  тәжірибе  арқылы  өздігінен  алу  керек. 
Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны 
өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолы қысқару үшін, 
ол  жолдан  балалар  қиналмай  оңай  оқу  үшін,  керек  білімін 
кешікпей  кезінде  алып  отыру  үшін,  балаға  жұмысты  әліне 
шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп оты-
ру. 
Бұл  «Тіл  жұмсар»  деп  ат  қойып  отырған  кітап  ана  тілін 
жоғарыда  айтылған  жаңа  жолмен  үйретуге  ыңғайланып 
шығарылған. Мұндағы білім – «Тіл – құралдағы» білім, бірақ 
сол білімді мұнда үйрету жолы басқа. 
«Тіл – құрал» қазақ тілі қандай құрал екендігін тұтас түрінде 
таныту үшін түрлі бөлшектерін, тетіктерін ұсағын ұсағынша, 
ірісін ірісінше жүйелі тұрған орнында алып көрсетіп таныта-
ды. «Тіл жұмсар» cол үлкен құралдың бөлшектерін, тетіктерін 
балаға  шағындап,  бөлек-бөлек  ойыншық  сияқты  құрал  жа-
сап, соларды танытып, соларды жұмсату арқылы барып үлкен 
құралды танытады. 
Бұл  айтылған  «Тіл  –  құралдан»  «Тіл  жұмсардың»  негізгі 
басқалығы  мұнан  өзге  де  бала  шамасына  шағындағандықтан 
туған басқалықтар бар. Оларды мұнда түгендеудің қажеті жоқ, 
үйткені  «Тіл  жұмсармен»  үйреткенде,  әрқайсысы  өзінің  ор-
ны-орнында  көрінбекші.  Мұнда  тек  басты-бастыларын  ғана 
көрсете өтсек болады. 
1.  Әріптен  басқа  жазуда  қолданатын  белгілерге  бүгінге 
дейін  анықтап  белгілі  ат  қойылған  жоқ  еді.  Сүгіретке  қарап 
біреу  олай,  біреу  былай  деп  атайтын  еді.  Мұнда  соларға  ат 
қойылды. Мұндағы ат тек сүгіретіне қарай емес, жұмсалатын 
орнына қарай қойылады. Мәселен: тыныстық (.), жапсарлық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет