305
Мұз суын берді,
Суын қара сиырға бердім.
Қара сиыр сүтін берді.
Жазған буындарыңды айтып қараңдар. Қандай буында «и»
әрпінің дыбысы анық естілмейді?
Дыбысы анық естілмегенімен, ол буынға «и» әрпі жазыла
ма?
Сүтін пісіріп едім,
Қарға келіп қарқ етіп,
Көбелек келіп күрп етіп,
Қалғанын ішіп ол кетті.
Көбігін ішіп ол кетті.
Сауысқан келіп сақ етіп,
Жапалақ келіп жарп етіп,
Сарқып ішіп ол кетті.
Жармысын ішіп ол кетті.
Aтакем келіп еді, қаспағын қырып беріп қарқ қылдым.
Осындағы сөздерді буынға бөліп, буындарын сұрыптаңдар.
Буындардың бір әріптілерін бір бөлек, екі әріптілерін бір бөлек,
үш әріптілерін бір бөлек, төрт әріптілерін бір бөлек шығарып
жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: