Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет187/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

§ 8. БУЫНШЫ ӘРІПТЕР
 Буын түрлері
 
Aсқа барған қатындар
 
Aлшаңдамай қайтыңдар. 
Aлдыда торпақ көрінсе
 
Жылдам маған айтыңдар. 
Тойға барған қатындар, 
 
Тойтаңдамай қайтыңдар. 
Топ сиырдың ішінде 
 
Торпақ көрсең айтыңдар.
 
Осындағы  сөздерді  буынға  бөліңдер.  Бөлгеннен  кейін  бу-
ыншы әріптер басына келген буындарды бір бөлек шығарып 
жазыңдар.  Ортасына  келген  буындарды  бір  бөлек  шығарып 
жазыңдар.  Aяғына  келген  буындарды  бір  бөлек  шығарып 
жазыңдар. 
Шығарғаннан кейін буындардың түріне қарап ат қойыңдар. 
Буын  түрін  айырғанда,  буыншы  әріптердің  тұрған  орнына 
қарай айырыңдар. 
Буыншы  әріп  басқалардың  ортасында  қамауда  тұрса,  ол 
буынға  «бітеу»  деп  ат  қойыңдар;  буын  аяғы  буыншы  әріпке 
тірелсе, ол буынға «ашық» деп ат қойыңдар; буын буыншыдан 
басқа әріпке тірелсе, ол буынға «тұйық» деп ат қойыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет