Дағдыландыру. Төмендегі өздерге «-нды» жұрнағын жал-
ғатып, туынды сөз істету.
Қу, бу, ту, жұу, бас, ас, тас, ақ, жақ, тақ, ұқ, тық, ек, төк,
жүгір, сат, қайт, сүрт, шық, жұл, үз, мүжі, жұт, сөйле, қыр, ой,
қуыр, ор, шақыр, қаз, боя, тап, жат, түкір, жібер, семір түрт,
шеш, байла, тала.
19. Жұрнақ «-ма». Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты
я жарты дауысты дыбыс болса яки «р», «л» болса, осы «-ма»
күйінде жалғасады. Мәселен: сана-санама, тасы-тасыма, ту-
тума, сау-саума, жай-жайма, қыр-қырма, сал-салма.
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «-ма» орнына «-ба» бо-
лып жалғасады. Мәселен: жаз-жазба, оң-оңба, жон-жонба.
Түбір сөздің аяғы қатаң болса, «-ма» орнына «-па» болып
жалғасады. Мәселен: бас-баспа, ат-атпа, ақ-ақпа, жап-
жаппа, аш-ашпа.
48
Түбір сөздер жіңішке болса, «-ма» орнына «-ме», «-ба» ор-
нына «-бе», «-па» орнына «-пе» болып жалғасады. Мәселен:
кер-керме, іл-ілме, ій-ійме, кез-кезбе, көм-көмбе, кес-кеспе, ек-
екпе.
Достарыңызбен бөлісу: |