51
кешуге. Бай кісі балпаң келер, жарлы кісі қалтаң келер. Жақсы
кеңес жарты ырыс. Ұзын көсеу қол күйдірмес. Тура биде туған
жоқ. Ауру күлкі сүймес. Жүйрік итті түлкі сүймес. Қысқа жіп
күрмеуге келмес. Құтты қонақ келсе, қой егіз табар. Өткір
пышақ қынға қас, өтірік сөз жанға қас. Арық малды асырасаң
аузы-мұрның май етер. Қараңғы үйде қабан күркүрейді. Кәрі
түйе ойнақтаса, жұт болады. Арық атқа ауыр қамшы да жүк.
Жыртық үйге тамшы ой нар. Шабан үйрек бұрын ұшар. Құрғақ
қасық ауыз жыртар. Қуыс үйден құр шықпа. Аз асқа жасауыл
болма. Көп асқа бөкеуіл болма! Жақын жолдың алысы жаман.
Тез қасында қисық ағаш жатпас.
ІІІ.
САН ЕСІМ
Кей сөздер нәрсенің санын атайды. Мәселен:
бір,екі, үш,
төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, он үш,
он төрт, он бес, он алты, он жеті, он сегіз, он тоғыз, жиыр-
ма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, бір
жүз, екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті
жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз, мың, миллион.
Нәрсенің санын сұрағанда
неше? деп яки
қанша? деп сұ-
раймыз.
Неше? деп сұраймыз нәрсенің дәл санын білуге, мәселен:
неше кісі келеді?» – үш кісі келеді.
Қанша? деп сұраймыз нәрсенің дәл санын білуге емес, ша-
масын ғана білуге, мәселен: «қанша күн жүресің?» – «үш-төрт
күн жүремін».
Тойда неше кісі болды? деп сұрамайды, қанша кісі болды?
деп сұрайды, үйткені тойдағы кісілердің анық санын білуге
емес, шамасын ғана білуге сұралады. Жауап беруші тойдағы
кісілердің анық санын айта алмай, шамасын ғана айтады,
мәселен, «екі жүз кісі болды» демейді, «екі жүздей кісі бол-
ды» дейді.
Жоғарғы келтірілген мысалды: «Неше кісі?» дегенге «үш
кісі» деген сөз жауап; қанша кісі дегенде «екі жүздей кісі» деген
сөз жауап; басқаша айтқанда «неше?» дегенге «үш», «қанша»
дегенге «екі жүздей» деген сөздер жауап болып тұр. Міне, осы
52
сияқты неше? қанша? деп сұрауға жауап болатын һәм нәрсе-
нің
санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз.
Неше? деген сұрау нешеу? деп де айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: