Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет89/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

184- 
сурақ.  Азотты  заттардың  алмасу  өнімдері  қандай  заттар 
турінде болінеді?
Организмде белоктар,  нуклеин қышқылдары және басқа азотты 
қосылыстар ыдыраған кезде аммиак, несепнөр, зөр қышқылы сияқ- 
ты уьгггы затгар түзіледі. Олар денеде шамадан тыс жинақталса копте-
175


ген физиологиялық процестер бұзылады. Осы аталған өнімдердің ең 
уытгысы - аммиак та, уытгылығы төмендеуі -  зөр қышқылы. Тіріщлік 
ерекшеліктеріне, сумен қамтамасыз етілу жағдайьша байланысты жа- 
нуарлар азотты заттарды осы өнімдердің бірі түрінде бөліп шығара- 
ды. Сондықтан олар өздері бөлетін азот өнімінің сипатына қарай үш 
топқа бөлінеді:  аммониотелиялық (азотты заттарды аммиак түрінде 
бөлетіндер), уреотелиялық (несепнөр бөлетіндер) және урикотелия- 
лық (азотты затгар өнімдерін зөр қышқылы түрінде бөлетіндер).
Аммиак  аз  мөлшердің  өзінде  өте  уытгы  зат.  Ол  өте  ерігіш  зат 
және молекулалық массасының төмендігімен байланысты сумен жа- 
насқан беткейден оңай өтеді. Сондықтан да суда тіршілік ететін омырг- 
қасыздар, сүйекті балықтар, қос мекенділер личинкалары азотты зат- 
тардың алмасу өнімдерін аммиак (аммоний ионы) түрінде бөледі.
Құрлықта тіршілік ететін жануарлардың сумен жанасу мүмкіндігі 
шектеулі, сондықтан олар аммиак ұлпалар мен ішкі ортада жиналмау 
үшін оны басқа, уыттылығы аздау өнімге - несепнөрге, айналдыра- 
ды.  Осымен  байланысты  сүт  қоректілер  азотты  заттардың  алмасу 
өнімін несепнөр түрінде бөледі.
Қүрлықты, өсіресе қуаңшылық аймақты мекендеуге бейімделген 
жануарлар (құрлық насекомдары, қабыршықты бауырмен жорғалау- 
шылар,  құстар)  азотты  заттардың  соңғы  өнімдерін  зөр  қышқылы 
түрінде бөледі. Зәр қы ш қы лы  суда нашар ериді, оңай тұнбаға айна- 
лады, осмостық белсенділік корсегпейді. Оны организмнен бөліп шы- 
ғару үшін су онша қажет болмайды.
185-сурақ.  Терінің қурьиысы мен қызметі қандай?
Тері - денені  сыртқы ортадан шектеп түратын жабынды қабық. 
Ересек адамда  оның  жалпы  беткейі  1,5-2  м2 жетеді.  Күрылысына, 
табиғатьша жөне атқаратын қызмепне қарай ол үш қабатқа бөлінеді: 
сыртқы  -  эпидермис,  ортаңғы  -  нағыз  тері,  немесе  кориум,  жөне 
ішкі-тері шелі.
Эпидермис сыртқы ұрықтық қабықтан - энтодермадан дамиды да, 
коп қабатгы эпителийден қүралады. Оның беткей қабаты өлекселеніп, 
мүйізденіп,  қабырш ықтанып  сыдырылып  түсіп,  үздіксіз  жаңарып 
отырады.  Мүйізденген торшалардан тереңірек тіршілігі тоқтамаған, 
цилиндр пішінді, көбею қабілеті жойылмаған ядролы торшалар ор- 
наласады.  Тері беткейіне ығысқан сайын олар жалпайып, ядросын 
жоғалтады. Эпидермистің терең қабатьшдағы торшалар қүрамында 
организмді ультракүлгін сөулелер өсерінен қорғайтын меланин деген 
пигмент болады.
Нагыз тері -  кориум,  - ұрықтың ортаңғы қабықшасы - мезодер- 
мадан дамиды. Ол құрамында көптеген оралымды талшықтары бар
176
дөнекер үлпадан құралады. Соңцықтан тері оралымды және серпімді 
қүрылым. Нағыз тері еміздікше жөне торлы қабатгардан тұрады.
Еміздікиіе қабат эпидермистің астында орналасып, одан негіздік 
жарғақпен (мембранамен) бөлінеді. Бұл қабат борпылдық жөне тор­
лы дөнекер үлпадан түзіледі, бір-бірімен торлана байланысқан кол­
лаген талшықтары будасына бай. Олардың арасында теріге серпімді- 
лік  беретін  эластин  талшықтары  орын  тебеді.  Еміздікше  қабатта 
эпидермисті қоректендіретін қан тамырлары мен жанасуды, жылы- 
лықты, суықтықты, ауырсынтуды қабылдайтын сезімтал нерв ұпгга- 
ры орналасады. Малда бұл қабат түктің өсуіне тікелей өсерін тигізеді, 
сондықтан жүнді көп беретін жануарларда ол қалың болады.
Торлы  қабат  -  бір-бірімен  торлана  байланысқан  коллаген  тал- 
шықтары будалары мен олардың арасындағы эластин талшықтары- 
нан құралған тығыз дөнекер ұлпадан тұрады. Коллаген талшықтары 
будаларының жуандығы, тоқылу тәртібі жануарлардың түріне, дене 
аумағына қарай өзгеріп отырады.
Дермада май, тер бездері және түк түбірлері орналасады.
Тері шелі нағыз тері сияқты мезодермадан дамиды.  Ол дерманы 
дененің беткейлік шандырымен байланыстырады.  Оны түзетін бор- 
пылдақ дөнекер ұлпа талшықтары арасында май түйіршіктері (май 
қоры) орналасады. Шел майы денені механикалық соққылардан сақ- 
тап, қорғаныстық қызмет атқарады.
Қүрылым ерекшеліктеріне байланысты тері бірнеше қы змет ат- 
қарады.
1.  Қорғаныстық қызмет - серпімді берік қүрылым болғандықтан 
тері денені қысым, үйкеліс, соққы  өсерінен туындайтын механика- 
лы к зақымданудан сақтайды.
2. Тері организмді шамадан тыс су жоғалтудан, улыракүлгін сөу- 
лелерден, ауру тудырушы микроорганизмдердің енуінен сақтайды.
3. Теріде ультракүлгін сөуле өсерімен эргостериннен Д дөрмендөрісі 
түзіледі.
4. Өзінде орналасқан қан тамырларының арнасын, тер бездерінің 
өрекетін өзгерту арқылы жөне шел майын жинауға байланысты тері 
жылу реттеу процесіне қатысады.
5. Тері бөлу процесінде маңызды рөл атқарады. Тер арқылы дене- 
ден су мен минералды түздардың артық мөлшері, азотты заттардың 
алмасуы нөтижесінде түзілген соңғы өнімдер бөлінеді.
6.  Теріге тыныстық қызмет те тән. Таза теріде  1% мөлшерінде газ 
алмасу процесі атқарылады.
7. Теріде жанасу, ауырсынту өсерлерін, температура ауытқуларын 
қабылдайтын сезімтал нерв ұштары орналасады.
8. Тері организмді сыртқы орта қүбылыстарына бейімдейтін ма- 
ңызды мүше.
177




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет