Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет86/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

176-сурақ.  Буйректің қурылысы қандай, нефрон деген не?
Адам  мен жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың зөр бөлу 
жүйесі қос бүйректен жөне олардан шығатын зәр ағарлардан, куыктан, 
зәр арнасынан (каналынан) тұрады.
Бүйректің қүрылысы өте күрделі.  Ол сыртқы қыртыстық қабат- 
тан жөне ішкі бозғылт заттан тұрады. Қыртыстық қабат нефрондар- 
дан құралады. Нефрон ішінде капилляр шумағы (Мальпиги шумағы) 
бар нефрон (Ш умлянский-Боумен) капсуласынан басталады (28-су- 
рет). Капсула қос қабырғалы бір қабат эпителий торшаларынан қүрал- 
ған тостаған  пішінді  қүрылым.  Оның  қабырғаларының  арасында 
саңлау-қуыс жатады.  Капсуланың ішкі қабырғасы капиллярлар шу- 
мағымен тығыз жанасып, сүзгіш мембрана құрайды.  Капсулаға ка­
пилляр қабырғасы арқылы қаннан сүзіліп ш ы ққан сұйықтық - ал- 
ғаш қы зәр - жиналады.
28-сурет
Н еф рон  қүрылысы:
1-капилляр шумағы, 2-бірінші ретгік 
(проксимальдық) ирек түгік,
3 ,4 - нефрон ілгегінің төмендеу 
және өрлеу иірімі, 5- екінші ретгік 
(дистальдық)  ирек түтік, 
6-жинағыш түгік, 7-капиллярлар, 
8-артерия, 9-вена
168
Капсуланың қысқа мойыны бірінші қатарлы (проксимальды) ирек 
түтікшелермен жалғасады. Бүйрекіің бозғылт қабатына жеткенде бүл 
түтікшелер жазылып жіңішкереді (қылталанады) де, терендей созы- 
лып,  нефрон  (Генле)  ілгегінің томен  кететін  иінін түзеді.  Бозғылт 
қабаттың бітер тұсында бұл түгікше ілгек тәрізді иіліп, қайта кеңейеді 
де,  қыртыстық  қабатқа  қарай  жоғары  көтеріледі.  Түтікшенің  бұл 
бөлігін Генле ілгегінің жоғарғы иіні деп атайды. Жоғары өрлеген бұл 
и ін   қ ы р ты сты қ   қабатта  ек ін ш і  қ атар л ы   (д и стал ьд ы қ )  и р ек  
түтікшелерге айналады, ал олар жинағыш түтікшелермен жалғасады. 
Жинағыш түтікшелер тоғыса келіп еміздікшелер түзеді. Ал еміздікше 
түтікшелер зөрді бүйрек астаушасына қүяды.  Өз ретінде ол бүйрек 
қақпасынан басталатын несеп ағармен жалғасады.  Осы баяндалған 
құрылымдар нефрон деп аталады да, бүйрекге зөр түзу процесін қам- 
тамасыз етеді.
Адамның екі бүйрегінде 2 млн.  астам,  ірі қарада  -  8  млн.,  шош- 
қада - 1,5, қойда -  1 млн. нефрон болады. Нефронның ішкі беткейінің 
жалпы  ауданы  адамның  екі  бүйрегінде  -  4-6  м2,  ірі  қарада  -  39,5, 
шошқада - 7,2, қойда - 3,5 м2. Әрбір нефронның ұзындығы 30-50 мм, 
ал олардың ұзындығының жалпы қосындысы 60-70 км жетеді.
177-сурақ.  Буйрект ің  қанм ен  ж абдықталуында  ерекш еліктер 
бола м а?
Қыртыстық қабатга артерия тамырлары нефрон капсуласына кіріп, 
онда үзындығы 0,5 мм шамасындағы 30-50 капиллярларға тарамда- 
нады  да,  шумақ  құрайды.  Ш умаққа  қан   жеткізетін  тамырларды 
өкелуші тамырлар дейді. Аталған капиллярлар жинала келіп қанды 
өкететін аргериялар құрайды. Қанды әкелуші тамырлар диаметрі қанды 
әкетуші тамырлар диаметрінен 2 есе кең болады. Осымен байланыс- 
ты шумақта қан іркіліп, оньщ қысымы с.б. 70-90 мм дейін көтеріледі. 
Ш умақтан  ш ы ққан тамыр  ирек түтікшелер  мен  нефрон  ілгегі  ма- 
ңында қайтадан тарамданып, екінші рет капиллярлар торын құрай- 
ды.  Осыдан  кейін  ғана  капилляр  тамырлардағы  қан   вена  торына 
жиналып, бүйрек венасына қүяды. Ш умақтағы қысымның жоғары 
болуына бүйрек артериясының тікелей қолқа артериясынан басталуы 
жөне оның келтелігі де ықпал етеді.
Бүйрек қанмен өте мол жабдықталады, басқа мүшелермен салыс- 
тырғанда оған қан 20 есе көп келеді. Мысалы, адамның өр бүйрегіне 
минут  сайын  750  мл  қан   келеді.  Төулігіне  бүйрек  тамырларынан 
1700 л қан өтіп, оның  170 л мальпигий шумақтарында сүзіледі. Адам 
денесіндегі 5 л қан  төулігіне бүйректен 200-300 рет өтеді.
169




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет