Соңғы уақытқа дейін табиғатты қорғау мәселесі мұнай мен газ өндірісінің жоспарлы
тапсырмалары орындалуына орын беріп, жобаларда тиісті шешімін таппай келді. Бұл
факт экологиялық ахуалға өзінің ерекше белгісін қалдырды. Бұрғылаудың өнеркәсіптік
қалдықтары бұрғылау алаңының амбарларында немесе үйінділерде жинақталған, олар
234
одан әрі шығарылып, шлам сақталуына арнайы бөлінген аумақтарда орналастырылуы
керек. Осы ретте, қалдықтардың ластағыш қабілеттігін бағалау мәселелері ерекше
маңызға ие болуда. Жер асты суларындағы ластағыш затардың мөлшері мен ушылдығы
соған байланысты. Бұрғылау жұмыстары кезінде негізгі және ең күшті ластағыш зат
бұрғылау ерітіндісі болып табылады. Оны дайындау үшін жиырма шақты химиялық
реагенттер қолданылады, олардың көбісінде Денсаулық сақтау министрлігімен
бекітілген шекті шоғырлану мөлшері жоқ. Ұңғылардың құрылысы және соған еріп
жүретін бұрғылау қалдықтарының жинақталуы басқа өндіріс түрлерінен бұрғылау
нысандарының әр жерде болуымен, қалдықтардың сипаттамалары біркелкі болмауымен
және олар уақыт бойынша өзгеруімен ерекшеленеді. Кен орындарын пайдалану кезінде
ірі жер массивтері бұзылады. Мысалы, Қарашығанақ кенорнын игеру кезінде 3000
гектардан аса егістік, жайылым жерлері, ормандар және т.б. алынуы жоспарланған. Теңіз
кенорнының алаңы 200 шаршы метрді құрайды. Тұрақты тіршілік ету үшін экологиялық
тұрғыдан қолайсыз аймақ ретінде Теңіз кен орны үшін 50 км анықталған, Қарашығанақ
үшін қалдық тастаудың шекті мөлшері жоғарырақ, яғни, соған сәйкес, атмосфера одан
бетер ластанады. Ескірген жабдық пен шарушалық қызметтің әдістері экологиялық
кауіпті көбейтеді, жаға технологиялық әдістерге көшу жаңа проблемаларды туындатады.
Мысалы, ұңғыларды жөндеу кезінде қоршаған ортаның ластануы байқалады. Осы ретте,
ұңғы ішіндегі жабдық жүздеген рет түсуру-көтеру жүргізілді. Ұңғыма толық
газсызданғанға дейін техникалық сумен алдын ала шайылады. Алайда, тәжірибеде ол
шаю құбырлар мен жабдықтың ішкі және сыртқы қабырғаларынан мұнай өнімдерінің
қабыршағын толық жоя алмайды.
Магистральды мұнай құбырларында топырақтың, жер беті суының және
атмосфералық ауаның жоспарлы мониторингі жүргізіледі. Қатты тұрмыстық
қалдықтарды және мұнай қойыртпағын әкету мен көму тәртібі үнемі бақылауда тұрады,
мазутпен былғанған қойыртпақты қалпына келтіру жүргізіледі. Компания
филиалдарында экологиялық аудит жүргізілді, экологиялық ортаға ықпалы көзқарасы
тұрғысынан магистральды мұнай құбырларына толық баға берілді. Экологиялық
мониторинг нәтижелері бойынша өндірістік объектілердің қоршаған ортаға елеулі әсер
етпейтіндігі анықталды. Магистральды мұнай құбырларының табиғи тозуына
байланысты олардың экологиялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар да артады. Осыған
байланысты алдын алу жүйесін жетілдірудің және мұнай тасымалы саласының төтенше
жағдайларын жоюдың негізгі бағыттары айқындалды.Сонымен, мұнай-газ саласының
улы, жанғыш, жарылғыш заттарды көп мөлшерде өндіріп, тасымалдайтын
кәсіпорындары жоғары технологиялық және экологиялық апаттардың көзі болып
есептеледі. Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық жағдайды жақсарту үшін газ бен
мұнай кен орындарын, табиғи көмірсутекті бұрғылау, өңдеу, дайындау, тасымалдау және
сақтау жөніндегі өндірістік оъектілерді өңдеуде табиғатты қорғау шараларын тиімді
жүзеге асыру қажет. Экологиялық бағдарламалар апатты болдырмау, мұнай мен газ
қорларын тиімді пайдалану, флора мен фаунаны сақтау мен қоршаған табиғи ортаны
ластауға қарсы күреске бағытталуы қажет. Жоғарыда айтылғандардан келесідей
қорытынды жасауға болады: мұнай қорын пайдаланудың қазіргі жағдайы төмен.
Мұнайдың геологиялық қорының көп пайызы жер қойнауында қалып қояды. Осыған
байланысты технологияның жаңа жетістіктерін пайдаланып, мұнайды жер қойнауында
қалдырмай өндіру пайызын көбейту керек.Мұнай түрлерінің мүмкіндіктері тиімді
пайдаланылмайды. Қазақстандық мұнай құрамындағы пайдалы компоненттердің көбі
өндірістің қалдығы болып есептеледі, және қоршаған ортаны ластаудың бірден бір көзі
болып отыр. Осыған байланысты мұнайдың сапасын ескере отырып, қайта өндіретін
арнайы зауыттарды салу өзекті мәселелердің бірі. Мұндай зауытты құрамында парафині
235
көп, ауыр мұнай өндірілетін жерде салу тиімді. Мұнайдың осы түрлерінің экспортқа
шығару мөлшерін шектеп, жеңіл мұнайды өндіру мен экспортқа шығаруды арттыру
экономика тұрғысынан тиімді болады. Мұндай жағдайдан шығу жолдарының
бірі мұнай-газ машина құрылысын дамытуды күшейту. Әлемнің мұнай өндіруші
елдерінің мұнайды игеру мен пайдалану тәжірибесі мұнай-газ қоларын өндіру, экспорқа
шығару игерудің бастапқы кезеңі екенін көрсетеді. Мұнайды толық қайта өндіріп,
экспортқа шикі мұнайды жібермей, дайын өнімдерді жіберу ең тиімді болып есептеледі.
Мұнайды қайта өндіруді көбейту, мұнай өнімдерінің сапсын арттыру республика
қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, келешекте қолданыстағы, қайта жөнделген
жабдықтарда өндірілген жоғары сапалы мұнай өнімдерін экспортқа шығаруға мүмкіндік
бар.
Өндірістің кез келген саласы сияқты, мұнай-газ өндірісі де қоршаған ортаға
келеңсіз ықпалын тигізеді. Сондықтан апаттың бетін алу, мұнай мен газ қорларын тиімді
пайдалану, флора мен фаунаны сақтау, қошаған табиғи ортаны ластауға қарсы күрес
шараларына арналған экологиялық бағдарлама жасау қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Рябов В.Д.Химия нефти и газа. – М.: РГУ НиГ им. И.М.Губкина, 2004.-288с.
2. Ахметов С.А.Технология глубокой переработки нефти и газа.Уфа Гилем,
2002. – 672 с.
3. Мановян А.К. Технология первичной переработки нефти и природного газа:
Учебное пособие для вузов. 2-е изд. М.: Химия, 2001. 586 с.
4. Надиров Н.К. Высоковязкие нефти и природные битумы. т. 1-5.
Алматы.:Ғылым, 2001. – 2000 с.
5. Сырманова К.К. Физика и химия волокнообразующих полимеров/ Учебное
пособие/-
Шымкент:
Южно-Казахстанский
государственный
университет
им.М.Ауезова,2009. - 146с.
6. Бейсенбаев О.К.,Мамытов К.Ж. Органикалық және мұнайхимия өндірісінің
технологиясы, Шымкент, 2011ж Оқу құралы 336 б.