Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет182/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   255
Байланысты:
itog

Түйінді  сөздер:  әлеуметтік  қорғау,  әлеуметтік  қамсыздандыру,  әлеуметтік 

сақтандыру, әлеуметтік көмек, әлеуметтік жұмыстың субъектілері. 

 

 



379 

 

Алдымен  «әлеуметтік  қорғау»  ұғымымен  танысайық.  Ол  адам  құқығының 



қорғалуын  қамтамасыз  ететін  және   әлеуметтік  мұқтаждығын  қанағаттандыратын 

шаралар  жүйесі.  Ол  барлық  қоғам  мүшелерінің  материалдық  және  әлеуметтік 

жағдайынан  тыс  қоғамдық  қажеттілігін  құрып,   жасайтын  мемлекеттің  әлеуметтік 

саясатының маңызды бағыттарының бірі. 

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына  сәйкес, әр адам әлеуметтік 

қамтамасыз  етілуге  және  өз  абыройын  сақтауға  тиіс  қажеттілікті  жүзеге  асыруға, 

экономика, мәдениет, әр мемлекеттің құрылымы мен ресурсына сай әлеуметттік салада 

ұлттық  күш  салып,  халықаралық  ынтымақтастыққа  және  жеке  тұлға  ретінде  еркін 

дамуына құқығы бар. Сондай-ақ әр жұмыскер өз еңбегінің әділ бағалануына,  өзі және 

өзінің отбасы лайықты өмір сүреді деп есептеуіне құқығы бар.  Айта кетсек, қажет деген 

жағдайда еңбекақысы әлеуметтік қамтудың басқа да құралымен толықтырылуы мүмкін. 

Жалпы,  кез  келген  адамның  игілігіне  қажетті,  кем  дегенде,  тамақ,  киім-кешек, 

баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетілу — денсаулығын сақтап, оның 

және оның отбасының игілігі қамтамасыз етілуі тиіс.   Егер күнелтуге қажетті қаражат 

болмаған  жағдайда  азамат  (жұмыссыздық,  ауыру,  мүгедектік,  кәрілік  немесе 

асыраушысынан  айырылғанда)  мемлекет  тарапынан  көрсетілетін  жәрдемге  сүйенеді. 

Аналар  мен  нәрестелерге  құжаттағы  мөріне  қарамастан  ерекше  көңіл  бөлінуі  тиіс: 

барлық бала некеде туылып, туылмағанына  қарамастан,  біркелкі әлеуметтік қорғауды 

пайдаланады. 

Мемлекеттің  түрлі  себептермен  қиындықтарға  тап  болған,  әлеуметтік  аз 

қамтамасыз  етілген  азаматтарды  қолдауы  бірнеше  факторлар  тұрғысынан  маңызды. 

Алдымен, түрлі себептердің салдарынан әлеуметтік қиындыққа тап болған азаматтардың 

өмір  сүру  сапасының  жақсаруына  ықпал  етеді.  Екіншіден,  мемлекеттегі  әлеуметтік 

теңсіздікті  азайту  және  қауіпсіз  қауіпсіз  қоғам  құру  тұрғысынан  өзекті.  Үшіншіден, 

азаматтардың  мүмкіндіктерін  теңестіруге  және  адам  ресурсын  дамытуға  көмектеседі. 

Осыған байланысты әлемдегі кез келген мемлекет белгілі бір деңгейде әлеуметтік қорғау 

механизімдерін іске асырады.  

Әлеуметтік қорғаудың үлгілері: 

Неміс  үлгісі  —  адам  өзінің  белсенді  шағында  төлеген  ақшадан  аударылымына 

сәйкес  әлеуметтік  құқығы  қамтамасыз  етіледі.  Мүмкіндігі  шектеулі  отбасыларының 

барлығына арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар; 

Ағылшын үлгісі – қандай да бір санатқа жатсын, жатпасын, әлеуметтік жәрдемнің 

минимум өлшемі қарастырылған. 

Кейде  әлеуметтік  қорғауды  тым  тар  ұғымда  түсінеді:  белгілі  бір  кірісі  бар 

тұрғындар  белгілі  себептермен  өзін-өзі  асырай  алмаған  жағдайда  деп  түсінеді: 

жұмыссыздар,  мүгедектер,  ауыр  науқастар,  жетімдер,  қариялар,  жалғызбасты  аналар, 

көпбалалы  отбасылар.  Қандай  жағдай  болмасын,  әлеуметтік  қорғаудың  басты 

қағидалары  —  адамгершілік,  адрестілік,  кешенділік,  жеке  тұлғаның  құқығын, 

бостандығын сақтау болып табылады. 

Әлеуметтік  қорғаудың  негізгі  үш  түрі:  әлеуметтік  қамтамасыз  ету,  әлеуметтік 

сақтандыру және әлеуметтік көмек. 

Әлеуметтік қамсыздандыру — мемлекеттің әлеуметтік саясатын білдірудің түрі. 

Ол мемлекеттік бюджет  қаражатымен белгілі  бір санаттағы азаматтарды материалдық 

қамсыздандыруға  және  азаматтық  әлеуметтік  ахуалын  басқа  қоғам  мүшесімен 

теңдестіру мақсатында  мемлекет тарапынан елеулі оқиға (оның даму кезеңінде) болып 

табылған  жағдай  туындағанда  бюджеттен  тыс  арнайы  қорлардан  қаражат  бөлуге 

бағытталған. 



380 

 

Әлеуметтік  кепілдіктер  —азаматтарға  ұсынылатын  әлеуметтік  игіліктер  және 



көрсетілетін қызметтер, яғни  тексеру қажеттілігі мен еңбек салымының есебінсіз, бөлу 

қағидасы негізінде, қолда бар қоғамдық игіліктерді мұқтаждығы бойынша үлестіру. 

Әлеуметтік  сақтандыру —  әлеуметтік  қорғау  жүйесі.  Оның  міндеті  — 

экономикалық  белсенді  азаматтардың  конституциялық  құқығын  қамсыздандыруды 

жүзеге  асыру  –  қартайғанда,  ауруға  шалдыққанда,  жартылай  немесе  толық  еңбекке 

жарамдылығынан  айырылғанда,  асыраушысынан  айырылғанда,  жұмыссыз  қалғанда 

материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету. 

Әлеуметтік көмек — ол ақшалай көмек және заттай көмек. Негізінен бюджеттен 

және  өз  еркімен  жасалған   қайырымдылықтан  қаржыландырылып,  ауыр  материалдық 

жағдайдағы  адамдарға  төленеді.  Олардың  кірісі  негізінде,  өмір  сүруге  қажетті 

қаражатына  қарай,  сондай-ақ  кірісі  тексерілмей,  белгілі  бір  өлшемдеріне  қарай 

әлеуметтік  көмек  көрсетіледі.  Және  де  халықтың  бір  бөлігі  көмек  көрсету 

бағдарламасының игілігін пайдаланады деп білеміз. 

Әлеуметтік  жұмыстың  субъектілері —  осы  жұмысты  жүргізетін  адамдар  мен 

ұйымдар. Мемлекетттік органдардың әлеуметтік қорғауы арқылы әлеуметтік саясатты 

жүргізетін жалпы мемлекет. 

Әлеуметтік қорғаудың түрлері 

Мемлекеттік құрылым: 

Қолжетімді денсаулық сақтау

Жеңілдіктер; 

Қолжетімді білім беру; 

Зейнетақымен қамсыздандыру; 

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі және әлеуметтік көмек ұсыну; 

Әлеуметтік қолдау көрсету шаралары

Мемлекеттік емес құрылымы: 

Ерікті әлеуметтік сақтандыру; 

Қайырымдылық; 

Денсаулық сақтаудың жеке меншік жүйесі және т.б. 

Біз мемлекеттік туралы айтып отырмыз. 

Қазақстандықтарда қандай әлеуметтік стандарт және әлеуметтік кепілдіктер бар 

Қазақстанда  ең  төмен  әлеуметтік  стандарттар  ҚР   «Ең  төмен  әлеуметтік 

стандарттар  және  олардың  кепілдіктері  туралы» Заңына  сәйкес,  мына  салаларда 

белгіленіп, қолданылады

1) еңбек; 

2) әлеуметтік қамсыздандыру; 

3) білім беру

4) отбасы және балалар; 

5) денсаулық сақтау; 

6) мәдениет; 

7) дене шынықтыру және спорт

8) мемлекет кепілдігімен заң көмегі. 

Әлеуметтік  көмек  дегенде  мынандай  мәселелер  ескерілуі  керек:  білім  алудың 

қолжетімділігі,  медициналық  көмектің  қолжетімділігі,  түрлі  себептермен  жұмыссыз 

қалған адамдардың жәрдемақы алуы, еңбек етуге жарамсыз адамдарға берілетін көмек, 

табыс  көзі  күнкөріс  мөлшерінен  төмен  адамдарға  берілетін  жәрдем.  Төменде  осы 

категориялар  бойынша  Қазақстанда  берілетін  мемлекеттік  көмек  бойынша  жеке 

тоқталған. 



381 

 

Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын 



адамға  немесе  отбасыға  мемлекеттік  атаулы  әлеуметтік  көмек  көрсетіледі.  Басқаша 

айтқанда бұл кірісі төмен адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдем. 

Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  17  шілдедегі  «Мемлекеттік  атаулы 

әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес. Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз ақшалай 

көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі. Екеуінің басты айырмашылығы, 

біріншісінде алушыға ешқандай шарт қойылмайды, ал екіншісінде мемлекеттен көмек 

алу үшін жұмыс іздеу, түрлі курстарға қатысу жолымен біліктілігін арттыру талабымен 

беріледі. Басқаша айтқанда, шартсыз көмек – ол жәрдем алушыны мемлекеттің тұрақты 

жұмыс тапқанға дейін уақытша қолдауы. 

Қорытындылай  келе,  өркендеген  елдердегі  әлеуметтік  мемлекеттің  құрылуы 

мемлекеттік  құрылыстағы  жаңа  қадам  деп  тұжырымдауымызға  болады.  Әлеуметтік 

мемлекет  жоғарыда  айтқанымыздай  -  өз  азаматтарының  өмір  сүруіне  лайықты 

жағдаймен  қамтамасыз  етуге,  әлеуметтік  жағдайының  қорғалуына,  материалдық  және 

рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өндірісті басқаруға, қоғам мен мемлекет іске 

араластыруға ұмтылатын мемлекет.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.Смит, А.  Исследование о причинах и природе богатства народов / А. Смит – М., 

Эксмо, 2007. – 960 с. 

2.Волков, Ю.Е. Социология труда / Ю.Е. Волков – М., ИД «АТИСО», 2009. – С. 

62-63. 

3.Esping-Andersen  G.  The  Three  Worlds  of  Welfare  Capitalism.  Cambridge:  Polity 

Press, 1990. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет