|
Байланысты: itog
ӘОЖ 378
ЕСІМДЕРІ
АҢЫЗҒА
АЙНАЛҒАН
МАҢҒЫСТАУДЫҢ
ҒАШЫҚТАРЫ
Алшын С.
Ғылыми жетекші: Сатанбаева А.У.
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,
Ақтау қ., Қазақстан
Аңдатпа. Маңғыстау
тарихының
жарқын
беттері
мен
айтулы
оқиғалары
бізге
халық
жадында
өшпестей
жатталып,
кейінге
ауызша
мұра
боп
және
тасқа
қашап,
оюмен
ойып
өрнектеп,
сәулеті
сәніне
жарасқан
ғажайып
ескерткіштерді
орнатуымен
жетті.
Тарихын
таспен
өрген
өлкеде
дала
кемесіндей
дараланған
ескерткіштердің
50
заманында
ортадан
ойып
алар
орны
бар
дара
тұлғаларға
немесе
ерекше
бір
оқиғаға
арқау
болған
пенделерге
арналғаны
даусыз.
Түйінді сөздер: Тарих, ғашықтық, махаббат, Маңғыстау, сезім.
Тарих
о
тереңіне
о
сүңгіген
сайын,
жүріп
өткен
әрбір
жол,
әрбір
оқиға
аңызға
айналады.
Өткенге
көз
жүгіртсек,
періште
махаббатымен
халық
есінде
мәңгі
сақталган
ғашықтар
көп.
Олардың
өмір
дастанына
айналған
сырлы
да
шежірелі
махаббатын
таланттылар
ән-жырға
қосып,
шығармаларына
арқау
еткен.
Ғашықтар
әңгімесі
негізінде
Маңғыстау
тарихына
үңілсек,
тамылжыта
айтып,
тамсана
тыңдар
ғажайыптар
бұл
далада
да
жоқ
емес.
Тарихта
сүйгеніне
қосыла
алмай
өмірден
өткен
жандар
қаншама?
Ия,
ғашықтар
туралы
айтқанда
жеті
ғашық
есімізге
түсетіні
белгілі.
Олар
Ләйлі-Мәжнүн,
Жүсіп-Зылиқа,
Фархад-Шырын,
Таһир-Зухра,
Арзу-Қамбар,
Бозжігіт-Қарашаш,
Зияда-Хорлы.
Бұлардың
әрбіреуінің
есімі,
әрбіреуінің
махаббат
хикаясының
тарихтағы
орны
ерекше.
Бірақ
мен
айтайын
деп
отырған
ғашықтар
басқа.
Олар
туралы
әңгіме
қозғағанда
киелі
362
әулиелі
Маңғыстау
тарихына
үңілсек,
бұл
даланың
ондай
аңыз-әңгімелерден
кенде
емес
екендігінің
куәсі
боламыз.
Талай
жанның
атақоныс
асыл
мекеніне
айналған
өлке.
Бұл
жердің
тарихы
басқалардан
өзгешелеу.
Ол
туралы
аңыз
да,
өлең
де
тек
оған
деген
қызығушылық
пен
сүйіспеншілікті
арттыртпаса,
азайтпасы
анық.
Тарихын
таспен
өрген
мекеннің
әрбір
тасы
киелі.
Қасиетті
өлкенің
әр
ескерткіші
тарихты
еске
салады.
Солардың
арасында
тағдырдың
қатал
сынына
ұшырап,
әділетсіздікке
мойын
ұсынбастан
арманда
кеткен
Маңғыстау
ғашықтарының
да
ескерткіштері
бар.
Тас
мүсіндер
қыршыннан
қиылған
жас
өмір
мен
пәк
махаббатының
жолында
құрбан
болған
қос
мұңлықтың
бейнесін
бейнелеп
тұрғандай.
Ешбір
жанды
бей-жай
қалдырмайтын
осы
бір
махаббат
дастандары
сол
ғашықтардың
рухының
биіктігінің
бір
көрінісі
секілді.
Маңғыстау
тарихының
жарқын
беттері
мен
айтулы
оқиғалары
бізге
халық
жадында
өшпестей
жатталып,
кейінге
ауызша
мұра
боп
және
тасқа
қашап,
оюмен
ойып
өрнектеп,
сәулеті
сәніне
жарасқан
ғажайып
ескерткіштерді
орнатуымен
жетті.
Тарихын
таспен
өрген
өлкеде
дала
кемесіндей
дараланған
ескерткіштердің
заманында
ортадан
ойып
алар
орны
бар
дара
тұлғаларға
немесе
ерекше
бір
оқиғаға
арқау
болған
пенделерге
арналғаны
даусыз.
Солардың
бірі
-
Маңғыстау
ғашықтарының
басына
орнатылған
ескерткіштер.
Қазіргі
таңда
Маңғыстау
сынды
өлкенің
арманда
кеткен
ғашықтары
Құрымсы-
Кежек,
Ақбөбек-Қайып,
Ақшора-Белтұран,
Асалы-Көкетай,
Қаработа-Дөңқара
сынды
ғашықтар
туралы
ел
аузындағы
деректер
мен
аңыздар,
бұрын-соңды
баспа
бетін
көрмеген
мәліметтер
мен
жады
мықты
көнекөз
қарияларымыз
шерткен
әңгімелер
біршама
жинақталып,
жүйеленді.
Ғашықтық
өмірдің
тауқыметін
тартып,
кіршіксіз
ақ
сезімдері
қиындыққа
душар
еткен
Маңғыстау
ғашықтарының
бірі
-
Ақшора-Белтұран.
Аңыз
бойынша
жеті
ел
келіп,
жеті
ел
кеткен
делінетін
кең
құшақты
Маңғыстау
өңірі
қазақ
Таласбай
мен
түрікмен
Дүрді
Қылышқа
мекен
болған.
Уақытында
тату-тәтті
көрші
болған
олардың
арасындағы
кикілжің,
алауыздық
екі
жастың
таныстығынан
басталады.
Таласбайдың
ұлы
Белтұран
мен
Дүрді
Қылыштың
жалғыз
қызы
Ақшора
өзен
жағасында
кездесіп,
бір-бірін
ұнататындарын
сөзсіз
түсінеді.
Мұны
байқаған
Таласбай
ауылы
қос
ғашыққа
тіл
қатпаса
да,
олардың
бір
болуын
қаламаған
Дүрді
Қылыш
бір
түнде
көшіп
кетеді.
Белтұран
өзен
жағасында
Ақшораны
тағатсыздана
күтсе,
Ақшора
бөтен
жерде
қамығып,
қайғыру
үстінде,
себебі
әкесі
қызын
дәулетті
отбасынан
шыққан
жігітке
ұзатпақшы.
Ол
хабарды
51
естіген
Белтұран
ғашығының
артынан
іздеп
барып,
күн
батар
шақта
қос
ғашық
аттарына
мініп
қашады,
оларды
байқаған
Дүрді
Қылыш
арттарынан
қуғыншы
жібереді.
Қуғыншылардан
құтыламыз
деген
оймен
Белтұран
мен
Ақшора
таудан
қол
ұстаса
секіріп,
сол
жерде
өздерін
мерт
қылады.
Қос
ғашықтың
сезіміне,
алғаш
тіл
табысқанына
куә
болған
өзен
тартылып,
орнынан
қос
мазар
ғана
көрінеді.
Маңғыстаулықтар
Ақшора-Белтұран
бейітін
қос
ғашық
мазары
деп
атап
кеткен.
Ол
мазар
Ақтау
қаласынан
47
шақырым
жерде
орналасқан.
Маңғыстау
өңіріндегі
ғашықтарға
қатысты
әңгіме
Ақбөбек
пен
Қайыпқа
қатысты.
Бұл
19
ғ-дың
жартысында
Маңғыстау
түбегінде
болған,
тарихи
оқиға.
Олардың
махаббаты
туралы
аңыз-әңгімелер
Маңғыстауда
кең
тараған.
Дерек
айтушылардың
бәрі
де
Ақбөбек
пен
Қайып
қиғасын
ықыласпен
әңгімелеп,
оларды
қадір
тұтады.
Әңгіме
аяғы
Қайыптың
Бесқалаға,
одан
Тәжік
жеріне,
Ақбөбек
үйінің
Иранға
кетуімен
бітеді.
«Ақбөбек-Қайып»
оқиғасы
шамамен
1885-90
жылдар
аралығында
болған.
Ақбөбек
сол
кезде
17-18
дегі
жас
кыз
екен.
Ал
Қайып
отыздардағы
сақа
жігіт
болған
көрінеді.
Ол
1857
жылы
өмірге
келіп,
1918
жылы
қайтыс
болған
деп
айтылады.
Қайып
Адайдың
тобыш
руынан,
оның
бегейінің
малайы.
Ал
Ақбөбек
бәйімбеттің
мамыртайы.
«Ақбөбек-Қайып»
әңгімесі
Маңғыстау
халқының
аузындағы
жатталған
аңыз
әңгіме.
Аманбай
атаның
өз
аузынан
айтылған
естелікте
ата
«Ақбөбек-Қайып»
оқиғасына
араласқан,
ақ
патшаның
кезінде
сауатты
адамдардың
бірі
болған.
Қазір
Маңғыстауда
ұрпақтары
бар.
«Ақбөбек
пен
Қайып»
оқиғасы,
100
жылдан
аса
уақыт
бойы
ұмытылмай,
ел
аузында
айтылып
келе
жатқан
Қайыптың
ерекше
әншілігі
мен
ақындығы,
оның
Ақбөбекке
деген
сағыныш
пен
махаббатқа
толы
лирикалық
әндері
әлі
талай
жылдарға,
ғасырларға
жетуі
мүмкін. Бүгінге
дейін
бірін-бірі
әлі
күткендей
үнсіз
тұрған
Төңірекшыңның
етегіндігі
Асалы
мен
Көкетай
күмбездері.
Асалы-Көкетай
күмбезі
-
Бейнеу
ауданы,
Боранқұл
(Опорный)
станциясынан
50
шақырым
солтүстік-шығыс
бағытта
орналасқан
сәулетті
ескерткіш.
Тарихи-этнографиялық
деректерге
сүйенсек,
күмбез
19
ғ-дың
басында
қуғыншылар
қолынан
қаза
тапқан
қос
ғашыққа
арнап
салынған.
Бұлардың
да
тағдыр-тауқыметі
айтылып
өткен
ғашықтар
тағдырларымен
ұқсас.
Көкетай
атақты
руы
Мамыртай
Дүйсенбай
байдың
қызы,
Табын
ауылының
айттырулы
қалыңдығы.
Асалы
сол
байдың
жылқышысы,
кедей
жігіт,
ол
Қаратоқа
Жеменей
руынан.
Аралығы
12
шақырым
қашықтықтағы
қос
күмбездің
құрылысы
бүгінде
жақсы
сақталған.
Ауыздан
ауызға
жалғасып
келе
жатқан
әңгімелер.
Әрине
көп
ешкімге
бағына
бермейтін
уақыт
дейтін
құдірет
бар.
Ол
өз
дегенін
жасамай
қоймайды.
Ұрпақтан
ұрпаққа
жалғасып
келе
жатқан
аңыздар
бір
кездегі
өзінің
желісінен
айрылады,
кей
уақытта
тіпті
басқа
сарынға
түсіп
кететіні
де
болады.
Өйткені
әңгімені
айтушы
адамның
тарапынан
қалай
болғанда
да
өзгерістер
болатыны
анық,
бұрмалануы
заңды.
Жаңағы
айтып
өткен
ғашықтар
туралы
әңгімені
күні
кеше
болды
десе
де
болады.
Себебі
оларға
соғылған
ескерткіштер
желдің
өтінде,
жаңбыр,
қар
суының
астында
тұрды
десек
те
әлі
көп
бүліне
қоймаған.
Бұл
олардың
беріде
салынғанының
бірден-бір
дәлелі.
Ал
бұл
өлкеде
олардан
да
әрірек
өмір
сүрген,
өздері
туралы
артында
ауыз
толтырып
айтатын
деректер
қалып
жарымаған
ғашықтарға
арналған
ескерткіштер
бар.
Соның
бірі
Құрымсы
мен
Кежекке
арналған.
Сол
Сердалыдан
күншығысқа
бет
түзеп
жүргеніңде
аралары
бес-алты
шақырымдай
болып
орналасқан
екі
әулие
тұр.
Алғашқы
тап
болатының
Кежекке
соғылған
ескерткіш.
Бір
заманда
өткен-кеткенді
өзінің
салыну
ерекшелігімен
таңқалдыра
тартқан
еңселі
ескерткіш
болғаны
көзге
ұрады.
Бірақ
уақыт
өз
үстемдігін
жасапты.
Қазір
соның
артқы
жары
ғана
қауқиып
тұр,
қалғаны
52
құлаған.
Күйдірілген
қызыл
кірпіштен
қаланған
жарының
қалыңдығы
бір
метрге
жуық.
Көбі
құм
астында
қалған.
Мен,
әрине,
оны
кезінде
мынадай
болған
екен,
көлемі
осыншама
жерді
алып
жатыпты
деген
әңгіме
айтудан
аулақпын.
Себебі,
біріншіден,
оның
салыну
ерекшелігіне
қарап
көз
алдыма
елестете
жобалайтын
құрылыстың
маманы
емеспін,
екіншіден,
содам
бері
қаншама
уақыт
өткені
тағы
белгісіз.
Тынымсыз
соққан
желден
ескерткіш
топырақпен
көміле-көміле
төбешікке
айналған. Құрымсы-Кежектің
оқиғасын
сол
түрікмендердің
Маңғыстаудан
кеткен
уақыттарымен
шамалас
қылып
айтып
отыратын
еді
ақсақалдар.
Құрымсы
осы
Бозашыны
мекендеген
адай
жігіті.
Ал
Кежек
болса
түрікмен
қызы.
Бірін-бірі
ұнатқан
жастарға
қандарының
басқа
екені,
өзге
ұлттан
екендігі
кедергі
болмаған.
Бірақ
түрікмендердің
бұл
жерден
қоныс
аударуына
байланысты
олардың
дегені
болмады.
Сүйген
қызы
артына
жалтақтай
қарап
өзіне
беймәлім
жерге
кете
барды.
Қолынан
ештеңе
келмеген,
қарсы
тұрар
дәрмені
жоқ
Құрымсы
Бозашыда
қалады.
Ертең
кетеміз
деген
күні
ретін
тауып
жолығысқан
екі
жас
жердің
түбіне
кетсе
де
бірін-бірі
іздеп
табатынына,
өмірлік
бірге
болатынына
серттесіп
аттанған
еді.
Бірақ
екеуі
де
дегеніне
жете
алмай
екі
жерде
қаза
табатынын
білген
жоқ
болатын.
Сүйгенінің
сонау
Хиуа
жаққа
кеткеніне
Құрымсы
ұзақ
шыдамайды.
Бесқалаға
аттанған
керуеншілермен
бірге
сапарға
шығады.
Әрине
қамсыз
болмайды.
Қамданып
барады.
Өзімен
бірге
ұзақ
жүріске
шыдамды
атты
жетегіне
алады.
Содан
не
керек
көздеген
жеріне
жетеді.
Қызының
бар
ойы
сонау
алыста
қалған
Маңғыстаудағы
Құрымсы
екенінен
секем
алған
әкесінің
оны
үнемі
бақылауда
ұстауына
қарамастан
ретін
тауып
босап
шығады.
Екі
ортаның
қаншама
жер
екені
өздеріңе
белгілі.
Қасына
ертіп
жүрген
қалың
қолы
жоқ
Құрымсы
тезірек
ұзап
кету
жайын
ойлап,
бастапқы
күндері
суыт
жүріп
отырады.
Ел
шетіне
аяқ
басқасын
келдік
қой
деп
ойлады
ма,
әлде
астарындағы
аттары
болдырды
ма
өздерін
еркін
сезініп
асықпай
келе
жатады.
Осы
кезде
арттарынан
қуғыншылар
да
көрінеді.
Көліктерінің
ендігі
шабысқа
шыдамайтынын
білген
Құрымсы
Кежекті
ілгері
оздыртып
жіберіп
арттағылармен
айқасқа
түсіпті.
Алда
келе
жатқан
екі-үш
атты
ғой
деп
ойлаған
Құрымсы
олардың
соңындағы
көп
қолды
байқамаған.
Ажалы
сол
жерде
болады.
Бұлдырап
Түлкілі
Бөкенбайдың
төрткүлі,
Аманқызылит,
Ауызбастың
таулары
бірте-бірте
көз
алдынан
алыстап
бара
жатады.
Соңғы
рет
көзін
салғанында
Кежектің
өзіне
қарайлап
төбе
басында
тұрғанын
байқады. Сүйген
жігітінің
қаза
болғанын
білген
Кежек
өзін-өзі
мерт
қылыпты.
Сөйтіп,
қос
ғашыққа
туған
жерге
келу
бақыты
бұйырғанмен,
бірлесе
өмір
сүру
маңдайларына
жазылмапты.
Екеуі
екі
төбе
басында
қала
берді.
Кежек
дәулетті
жердің
қызы
еді.
Артынан
өз
істеріне
өздері
өкінген
әкесі
сонау
Бесқаладан
итініп-тартынып
келіп,
бармағынан
бал
тамған
айтулы
шеберді
алдыртып
көрерге
көз
керек
осы
ескерткішті
орнатқан
екен.
Арада
ондаған,
тіпті,
жүздеген
жылдар
өтті.
Қос
ғашықтың
басына
салынған
ескерткіш
өткен
кеткенге
өз
жайларынан
хабар
бергендей
болып
әлі
тұр.
Бір-біріне
деген
ақ
сезім,
адал
махаббаттың
құрбаны
болған
ғашықтар
туралы
аңыз-әңгімелер
аз
емес,
біз
қазір
олардың
тек
мен
мұндалап
тұратын
мазары
мен
күмбездерін
ғана
көре
аламыз.
Пәк
сезімі
жолында
қатыгездіктің
құрбаны
болған
ғашықтардың
махаббатқа
адалдығы
мен
мәрттігі
ұрпаққа
үлгі
болсын.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Өскен
Орда»,
Әзірбайжан
Қонарбаев, Алматы,
Зерде,
2003,
352
б.
2. Батырлар
жыры.
Алматы,
Жазушы,
1990,
230
б.
53
3. «Жұмбақ
жайлап
аңыз
өрген
-
Маңғыстау»,
О.
Көшбайұлы, Алматы:
Үш
қиян,
2005.
-
189
б.
4. «Сыбызғы
сыңсып
жырлайды»,
О.
Көшбайұлы,
Алматы,
Үш
қиян 2008.
–
290
б.
5. «Есен
–
қазақ»,
С.Қондыбай,
Алматы,
Үш
қиян, 2002,
- 362
б.
|
|
|