Түйінді сөздер: ескерткіш, қала,мешіт, қорық, түбек.
Маңғыстау жері – бұл ежелгі өркениет елі, 11 мың тарихи ескерткіш мемлекеттің
қорғауына алынған археологиялық қорық, ашық аспан астындағы мұражай, мыңдаған
тасқа салынған сурет-дастандардың елі.
Бүгінде Маңғыстауды қазыналы түбек, тарихи ескерткіштер мен мыңдаған
жолдар өлкесі деп атайды. Бұл жолдар теңіз жағасында пайда болған қала – Ақтауға,
Қазақстан Республикасындағы ең жас орталықтардың бірі болып табылатын Маңғыстау
облысына апарады. Ұлы геолог, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті,
КСРО ҒА академигі Қ.И. Сәтбаев бірде түбекті ұшақпен айналып ұшқанда, оның құм
пердесімен жабылған әйелдің кескініне ұқсайтынын байқап, оны «ұйқыдағы ару» деп
атаған.
Форт-Шевченко қала-Түпқараған ауданының орталығы. Орта ғасырларда осы
жерде
Кетік
қалашығы
орналасқан.
1846
жылы
штабс-капитан
М.И.Иваниннің басшылығымен Ново-Петровск бекінісі бой көтерді. 1857 жылдан
бастап Форт-Александровск, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары Форт-Урицский, 1939
жылдан бастап қазіргі атымен аталады.
Қызылтас- 1834 жылғы Маңғыстау жеріндегі алғашқы әскери бекініс. Белгілі
ғалым,
саяхатшы
Г.С.
Карелиннің
басшылығымен
осы
жерде
Ново-
Александровскі форты салынды. Артынан Каспий теңізінің кейін қайтуына байланысты
бекініс Түпқараған түбегіне көшірілді. Қәзіргі уақытта ол жерде бекіністің құланды
орындары сақталған.
Тынымбай шоқы- Шопан Ата әулиесінен күн шығысқа қарай жүргенде 20
шақырымдай жердегі биік шоқы. Таудың тегіс жарлы қабатына көптеген таңбалар
ойылып жазылған.
Жау жол- Жыңғылды аулынан күнбатысқа қарата жүргенде 15 шақырымдай
жердегі таудағы асу. 18 ғасырдың 80 жылдары Хиуа басқыншыларына Қожагелді батыр
бастаған Адайлардың тойтарыс берген жері.
Шоңай Қожакелді Тоқсанбайұлы – осыдан 250 жыл бұрын өмір сүрген, халық
арасында аты аңызға айналған халық батыры. Қазіргі Маңғыстау ауданы, Жыңғылды
елді мекенінде туып өскен. Батырдың өмір сүрген уақытында Маңғыстау қазақтары мен
Хиуа хандығына бағынышты түрікмендер арасында жер, мал, жесір дауы, барымта,
қақтығыс өршіп тұрды. Адайдың білікті азаматтары Ұланақ-Жыңғылды жеріне ту тігіп,
түрікменнің Құтты Сейіт ханын бітімге шақырады. «Құтты Сейіт өзін Ұланақ жерінде
40
күтіп отырған қазақтармен жүздесетін уақытын Атажанның ақша атымен Хиуаға
хабарлап, әскер жіберуін өтінеді. Көзге түспеу үшін түрікмендер Орпаның тұсындағы ақ
таудан құлайды. Олар тау асуларында қазақ әскерлерін көп заялапты» жау жол деп осы
жолды атап кеткен. Кейіннен 1941-1945 Ұлы Отан соғысы кезінде Орпа колхозының ту
сыртындағы Ақтаудың үстінен шығатын айналма жолды шөп, мал тасымалына ыңғайлы
етіп Қосмағанбетов Рахметпен Сатанбаев Қайысбай бірге ауылда қалған әйел
адамдардың күшімен ешқандай техникасыз қарапайым қол күрек, сүймен, балта, қашау
сияқты құралдармен жаяу адам, атты адам түсіп шығуға ыңғайлы етіп төте
жолдыөңдейді. Бұл еңбекші колхоз адамдарының жолды қысқартып уақытты
үнемдеудегі шараларының бірі болатын. Осы жол міне,«жау жол».
Қызыл қала- Орта ғасырлардағы керуен жолы бойындағы қала орны.
Археологиялық қазба жұмыстары бір неше рет жұргізілді, болашақта жалғасын табады.
Отпан тау- Тарихи-мәдени кешен. Адай Ата рухына ақын Сабыр Адайдың
бастамасымен салынған ескерткіш. Бұл жерде ерте кезде ел басына күн
туғанда Адайлардың бас қосатын жері болған.
Ерсарының қайрағы - тарихи ескерткіш. 14-15 ғ.ғ. туындысы. Аңыз-
деректерде осы
жерде күрделі
мәселелерді шешу үшін Маңғыстаудағы ру
басшылары бас қосатын болған.
Отпан – тау биігі: Маңғыстаудағы Батыс Қаратаудың ең биік нүктесі (биіктігі –
532 м). Ақтау – Таушық – Шетпе тас жолы бойындағы Жыңғылды ауылы менен Тұщыбек
санаторийінің орта жерінде, жолдан 5-6 км сол жақ қапталында орналасқан.
Отпан таудың басынан жан-жағыңа көз салсаң, Бес шоқы – биік тауларды, сай-
сала жазық даланы, ағарған биік төбелер мен жотаны, ағып жатқан бұлақты, көгеріп
жатқан теңізді, ала бұлт шалған көгіңді, кең байтақ шексіз жеріңді, кей кездері тұман
басқан даланы, ақ шаңқан Ақтау қаланы, көгерген бақша көз тартқан елді мекен ауылды,
тау бөктеріне жайылған төрт мүлік малды көре аласың. Көктем кездерінде түрлі-түсті
гүлдерді, ерте кезде ақсақал ағалар, ем үшін іздеп келетін 15 түрлі өсімдік киелі шипа
шөптерді көресің.
Маңғыстаудың ең биік шоқысы Отпан тау болып есептеледі. Жаугершілік
заманда ел іргесіне жау тигенде адайлар Отпан тау басына от жағып белгі берген. Оны
көрген батырлар келісімді жерге жиылып, бас біріктіріп, жауға соққы берген. Сондықтан
Отпан тау ел бірлігінің символы болып келді. Маңғыстаудың, исі қазақтың танымал
ақындары Сабыр Адай мен Светқали Нұржан бас болып, 2003-жылы осы Отпан тау
басына Адай ата кесенесін салу жөнінде іс басталған болатын. Қазан айының 25-
жұлдызында сол жұмыс оңына асып, кесене ашылды.
Адай ата кесенесі Отпан таудың ұшар басына орналасты. Оның жанында Ұран от
жағылды. Сәл төменірек «Түгел түркі түбі бір, түп атасы – Көкбөрі» деген ұғымға сай
Көкбөрінің алып бейнесі орнатылды. Одан да төмен Ақсарай салынды, ол ел
ақсақалдарының бас қосып, ақылдасар, пәтуаласар орны әрі мұражай болмақ. Тікұшақ
қонатын алаң, жолдар салынып, бұл жер үлкен тарихи-мәдени кешенге айналды.
Кешеннің ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау жолдады. Бұл той
да үш күн тойланып, 500 үй тігілді. Түрлі ұлттық спорт жарыстары, мүшәйра,
республикалық ақындар айтысы, ғылыми конференция ұйымдастырылды. Аламан бәйге
мен ақындар айтысының Бас жүлдесіне шетелдік джип автомобильдері тігіліп, мүшәйра
жеңімпаздары 500 мың мен 50 мың теңге арасында сыйлықтар алды. Бұл той – Адай
рухын асқақтатқан, ел бірлігін ту қылып көтерген, Маңғыстау тарихындағы ұлы
оқиғалардың бірі болды.
Бұл таудың бөктерінен жер бетінде сирек кездесетін көптеген сырқаттарға ем
үшін пайдалануға таптырмайтын бал тәрізді қара қоңыр мумияны да кездестіре аласың.
41
Тау бөктерінен қырағы көзге киелі аң арқар да, түлкі мен көкбөрі көкжал қасқыр да қараң
етіп көрініп кетуі мүмкін. Көк аспанда қалқып ұшып жүрген тау бүркіті мен сұңқар,
ителгі, қаршыға мен күйкентай, Қашаған ақынның жырында айтқан («Отпан таудың
басында, «Дегелек» деген бір құс бар, аспанда жүріп ысқырса, мың орда жылан
басылған...) киелі қыран құсты да көре аласың. Батыста алыстан ап-анық Каспий
теңізінің құрлыққа еніп жатқан жері – Үш ауыз тауы көрінеді. Бұл таудың арасында
Адайлардың көтерілісін басам деп теңіз арқылы келген патша әскерімен Иса-Досан
сарбаздарының соғысып, шапқыншы орыс әскерлерін қырып тастаған, ұрпағымызды
ерлікке, бірлікке, елдікке жетелейтін тарихи орын айналасы қоршалып, ауқымды жерді
алып жатқан мола-төбе жатыр.
Түнде басына шықсаң оңтүстік батыстан Ақтау қаласының, оңтүстік шығыстан
мұнайлы Жетібай кентінің, терістіктен Қаражанбас кенішінің самсаған оттарын көресің.
Бейне бір көкжиекке шашып тастаған отты моншақтар сияқты. Бұлар Отпан таудың
басынан 150, 100, 80 шақырым қашықтықта орналасқан.
Ақсарай Адай атамыздың Ақордасы. Ақсарай Адай атаның сегіз немересінің
құрметіне арналған сегіз бөлмеден тұрады. Бұл бөлмелерде елдің елдігін ұлықтайтын ас-
жиын, елдің елдік, ұлттық мүдделеріне байланысты салиқалы кеңестер өткізіледі. [1]
Орталық залда Қазақстан мемлекетінің даму тарихына арналған тұрақты көрме
(қазақ хандықтары, хандар шежіресі, ұлт қаһармандары, қазіргі заман бейнелері, ұлттық
рәміздер, тәуелсіздік көріністері, тұңғыш президент – Елбасы туралы деректі көріністер)
ұлттық мәнермен безендірілген.
«Маңғыстау және жеті жұрт» тақырыбындағы көрме залы Маңғыстау тарихына
арналып, ол жердің археологиялық сараптамасы, картасы, макеттер, артефакттер аңыз-
әңгімелермен айқындалып, тас дәуірінен осы күнге дейін мекендеген халықтар мен
тайпалардың тарихы, мәдениеті бойынша жинақталған мәліметтер жүйеленіп
жасақталған. Мысалы: Қазақстан жеріндегі тайпалық одақтастар картасы, және біздің
эрамызға дейінгі Ү-111 ғасырдағы ежелгі сақ тайпалары жауынгерлері суреттері ілінген.
552-744 жылдары билік құрған Түрік қағанаты туралы деректер (Түрік империясы
картасы, Ноғай ордасы картасы, «Қырымның қырық батыры» кітабы) көрсетілген.
Адай Ата кесенесі Қаратау жоталарының ең биік шоқысы (Балтық теңізі
деңгейінен 532 метр биік) Отпан тауда орналасқан. Кесененің биіктігі күмбез
найзасының ұшына дейін 37 метр. Ресей республикасында жасалған күмбездер арқауы
алтынмен шайылған. Адай Атаның екі қапталындағы-екі баласы Құдайке мен
Келімберді атамыздың құрметіне арналған кесенесі.
Адай Ата елінің Ел таңбасы. Қалқанның фонында айқастырылып салынған. Найза
мен қылыш, ортасында бүкіл ел білетін атауы «Жебе» делінетін Адай таңба. Бұл таңба
ұштары біріккен үш сызықшалардан тұрады және ол садақ оғының ұшын
бейнелейді. Бұл Ерліктің, Елдіктің, Бірліктің белгісі. Адай таңба Үш жүздің басының
біріккен күшімен, көк найзаның ұшымен ғана жауыңды жеңіп жерінді қорғай аласың,
«үш жүздің басы біріксе алынбайтын қамал жоқ, тәуелсіздіктің тірегі-үш жүздің
басының бірлігі» деген мағынаны білдіреді.
Адайдың Жебе таңбасы (стрела, стрелка) бағыт-бағдар, жол көрсетіп бүкіл әлем
елдерінің кез-келген жерінде тұр. Бұл Атам Қазақтың қарашаңырағының иесі
Адайлардың «авторлық» құқы.
Ерте заманда елге жау шапқанда, кең байтақ Маңғыстауды ру-ру болып жайлап
жатқан халықтың басын жинау үшін Отпан таудың басында Ұран отын жаққан. Сүйтіп
Адай халқы бірігіп елін, жерін жаудан қорғап қалған. Отпан таудың басынан жаққан алау
от сонау Үстіртің үстінен көрінеді екен.
42
Киелі Маңғыстау өлкесінде мұндай тарихи және табиғи орындар жетерлік.
Мұқым қазақ баласы сол себепті бұл өлкені қасиетті санайды. Оның әрбірінің сырына
үңілсеңіз, қаншама құнды дүниелерге кезігетінің анық. Өркениетке бет бұрған бүгінгі
қоғамда біздің бұрынғы шежіремізге үңіліп, қайтадан бір тиянақтап, зерттеу жасау
міндеміз ғой. Бізге жетпей жатқаны осындай ыждағаттылық. Болмаса, біздің кең-байтақ
өлкемізде тарихтан мол мағлұмат беретін киелі орындар және табиғаттың керемет
құбылыстары баршылық.
Ендігі бағыт Үстірт қорығының үстімен Көгесемге бару. Аласалау төбеге
орналасқан Көгесем әулиесінен Маңғыстауға ғана тон айшықты архитектуралық
құрылыстың не бір таңдай қақтырар нұсқаларын көруге болады. Бұл өзі жеке әңгіме
қылуға тұрарлық үлкен ансамбль. Бірі–біріне кедергі жасамай, көз алдыңда өзінің
тамаша көріністерімен ерекше әсер қалдырады. Кезінде осындай кереметті өмірге
әкелген сол кездегі шебердің, оның туындыларының асқақтығына, қүдіреттілігіне еріксіз
басыңды иесің. Ойыңа Әбекеңнің, Әбіш ағамыздың "Ертедегі сәулетшілер жеке – жеке
ескерткіштердің ажарымен қоса, күллі зираттың жалпы ажарын, ортақ көркін мықтап
ойластырыпты. Олар зираттағы ескерткіштердің бірін – бірі көлегейлеп, қалқалап
тастамай, көрушінің көзіне түгел көрінуін мұқият қамдастырған. Қысқасы, бұл зираттан
жекелеген шеберлердің бармағынан бал тамған өнерін ғана емес, күллі бір сәулетшілік
үрдісті, сәулетшілік мектепті, архитектуралық мәдениетті көресіз", – дегені түседі.
Ия, айтса айтқандай Маңғыстау жері өз бойында көрерге көз керек талай асылды
сақтай білген ғой.
Түбектің төсін айқұш – ұйқыш тілімдеп жатқан керуен жолының тармағы бір
кездері осы Уәлі арқылы өткен. Бастауын сонау біздің дәуірімізге дейінгі уақыттан
алатын Жібек саудасы батыс пен шығысты үнемі байланыстырып жатты. Қытайлар
өздерінің ұлттық құпиясы санаған жібек жолдарын қаншама қатал бақыласа да, іштен
шыққан жау жаман Сақ князына түрмысқа шыққан қыз, жібек құртын шашының арасына
жасырып, өзімен бірге ала кетті. Жібек өркендету осылай дүниеге тарап кетсе де багзы
жерлермен сауда керуендері бәрібір өтіп жатты. СССР-ның Волга-Урал
экспедициясының жетекшісі Л.Л. Галкиннің карта схемасында сонау көне – Үргеніштен
шыққан жол Кендірліге келіп екі айрылатын. Бірі Маңғыстау арқылы Қабақтыға келіп,
одан әрі теңіз арқылы Хажы —Тархан (Астрахань) асатын. Ал екіншісі Бейнеу – Жезді –
Мыңсуалмас – ұшқан арқылы Сарайшыққа баратын. Ал Маңғыстаудан шыққан жол,
кейде Уәлі арқылы Ноғай жолына қосылып жатты. ( Наука и жйзнь. 1990. 9. 101
бет).(Сызба сурет) қазір мал қырқатын пункт, тоғыт орналасқан жерде Уәлі қамал -
қаласының қалдықтары өлі көзге ұрады. Есекең өз еңбегінде "қабырғасының қалыңдығы
2 метр, күйдірілген қызыл кірпіш пен ақ тастан қаланған. Уәлі биік басындағы қауым
аты. Ол қыпшақ ханы болған, қамал төмпек басында. Бүл жер ханның орда тіккен орны,
деп жазған еді. ( С. Шалабаев Е. Өмірбаев, Қ. Сыдиықов. Маңғыстау. Алматы 1973 44-
бет) Бір кездері қамал болған бұл жердің қыпшақ заманынан кейінде өмір сүргенін,
керуен тоқтап, ызы-қиқы тіршілік болғанын дәлелдейтін деректер әлі де жетерлік. Бүл
жерге 1825 жылы Ф.Ф. Берг те келіп кетті. Г.С. Карелин осы Уәліден онша қашық емес
Қызылтастан әскери бекініс салғаңда да болашақ Хиуаға жорыққа шығуға ең ұрымтал
түс осы жер деген еді. Адай ауылдарының Жем бойына көшетін жолы сонау Түбіжік–
Үдек– Ұланақ– Шетпе– Қаратүйе– Өтес– Манашы– Күйкен– Қарашүңгіл– Бақашы
болып осы жермен өтетінді. Сондықтан да осы жолдардын бойында белгілі бір дәрежеде
ащы болсын, түщы болсын қүдықтар кездесіп отырады.
Сонау ықылым замандардан тіршіліктің тамыры іспеттес болған Уәліде ескі
керуен соқпағымен катарласа бугінгінің даңғыл жолдары жатыр.
43
Бейнеуге жақын жерде Манашының ащыағары, соның іргесінде шығыстық
архитектуралық кұрылыстан мол хабары бар адамның қолынан шыққан Көркембайдың
мешіті түр. Маңғыстаудың жеріне жеті жүрт келіп, жеті жүрттың кеткені туралы
қариялардың айтып отыратыны бар емес пе еді. Оған керек десеніз терең зерттеудің
қажеті де шамалы. Түбек төсіндегі кез-келген төбе де, үйік-қорғандар мен тау жоталары
да олар туралы аңыз-шындықты жайып салады. Соның бірі есте сақтау қабілеті адам
баласында сирек кездесетін дарынды жырау Мұрын Сеңгірбекұлының жырлаған
"Қырымның, қырық батыры". Атақты жырау осы бір асыл мұраны ғасырлар қойнауынан
бізге аман жеткізді. Бәлкім оның жырын аласапыран тарих толқынының түңғиығында
қалған Гомер келіп тыңдаған болса, ерекше дарынға егіле отырып қол соққан да болар
еді. Міне осы теңдесі жоқ эпоста Манашыұлы Тұяқбай туралы тарау бар. Сол тарауда
Ноғайлы елінде болған он бір би туралы айтылады. Ащыағар сайдың бойында отырған
Ноғайлының ақылшысы Орманбетке ындыс қалмақтар өзіне бағынуды талап етеді. Ел
мүддесін жоғары қойған, олардың ұсынысын қабыл алмаған Орманбетті өлтіріп, қалған
билерді шақыртады. Олар жолда отырған Манашы мырзаға соғып, өздерімен бірге ала
кетеді. Манашының шешесі Күйкен билердің жүрісінен сезіктеніп қоса жүріпті. Қалмақ
ханының талабына олар "Біз елге қайталык,, үш күн мұрсат бер. Сол үш күнде елді
өзіңізге бағындырып келеміз деп", Манашыны аманатқа тастайды. Бірак, қорқақ билер
осы уақытта елін көшіріп қашып кетеді. Он бір би үш күнде келмегесін қалмақтар
Манашыны кескілеп өлтіреді. Күйікке шыдамаған Күйкен Аралтөбе тауынан ұшып
өледі. Содан бері Аралтөбе тауы Күйкен ұшқан, Ащыагар сайы Манащы аталып
кетеді.[2]
Ал, осы ащыағардың жағасындағы Көркембай мешіті күнінде үлкен білім ордасы
болған. Мешіттің қожасы да, шәкірттерге дэріс берген үстазы да руы Ақбота Көркембай
Бектүрұлы. Жаңа үкіметтің озбыр саясаты кесірінен сонау 1928 жылы түн жамылып,
туған жерінен үдере көшкен елмен бірге ол да кеткен. Төбесінде 30 кұмбез бар, 26
бөлмеден түрады. Ортасында үлкен бөлме. Біздің шамалауымыз бойынша әлгі аталған
кішкене бөлмелерде бөлек – бөлек шәкірттер отырған. Ортадағы ұлкен бөлмедегі
ұстаздың даусы, барлық шәкірттерге бірдей дәрежеде естілетін болуы мүмкін. өйткені
қазір сылағы түсіп, кейбір жоғары жашнан жаңбыр сулары ене бастаған бөлмелерде
кезінде акустикалық зандылықтар сақталған болуы керек. Беинеулік азаматтар оны
қалпына келтіру жұмыстарына кіріскен де сияқты. Бірақ аяқталмай қалған іс тағы да
"әттең – ай" айтқызады. Жанашыр, тағы да жанашыр болмаса күндердің күнінде үйіндіге
айналар жәдігердің бірі болуы да мүмкін.
Терістікте 12–13 шақырымдай жерде Ақмешіт. Бұл төбенің ерекше, тарихи орын
екені жөнінде мынадай әңгіме бар. Адайлар Маңғыстаудың ойына аттанар тұста осында
Есек батырдың үйінде бас қосады. Әр рудан, әр атасынан өкілдер Жарыдан – Шотан мен
Үсен, Бәйімбеттен Арғынбай мен Төлеп, Ескелдіден –Жанұзақ, Жеменейден – Сейіт би
мен Бегеш батыр, Зорбайдан -Таған, Бабықтан –Әжібай, Шоңайдан – Бекбауыл мен
Құнан болыпты. Есек батасын беріп, батырларды осы жерден Маңғыстауға аттандырған
көрінеді. Қазір бұл төбенің басында бір кереге там тұр. Жазуы жоқ. Бейнебір жорыққа
кеткен батырлардың артынан қарап, тілеуін тілеп, алысқа көз тіккен, хабар күткен
қариядай төбе басынан алыстан қарауытып көрінеді.
Міне, тебе басынан шыға келгенде алыстан мен мұндалап Ақмешітте көрінеді.
Ақмешіт десе дегендей. Осы бір аймақ ерекше қасиетгі мекен. Алдамыздағы Ақмешітте
Бекет өмірге келді. Ол өзінің алғашқы ұстаздық жолын да осында бастады. Оған
әруақтың қонған жері де осы. Оның әкесі Мырзағұл, шешесі Жания, атасы Жаналының,
баласы Тоғайдың да жатқан жері осы. Талай адамға, талай тағдырға, талай мілләтке
мекен де болған, аумалы төкпелі замандарда үдере көшіп жат мекеңде іжел айдаған
44
каңбақтай болып жүргенде, көз жасын көлдете, сағыныш жырын айтқызған да осы жер:
"Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда", – деп түн жамылған жолаушының асқақтата әнге
салып, ат басын еркіне жіберетіні де осы жер ғой.
Ақмешітгің құбыла бетінде төрт–бес шақырымдай жерде Құлшан–ата әулиесі
бар. Күншығыс бетінде Аралтөбе. Осы Аралтөбеде қазба жүмысын жүргізген Зейнолла
Самашев бастаған археологтар б.д. дейінгі ерте кезеңдегі алтын адамды тапқан еді.
Қалпына келтірілген, осынау ықылым замандағы алтын киімді жауынгер қазір
Атыраудың облыстық мұражайында тұр.
Құлаат батыс Қаратау мен Солтүстік Ақтау жоталарының аралығындағы
аңғардың ортасында щошайып тұрған төбе. Биіктігі 277 м. Құлаат тауы Шайыр аулының
солтүстік – батысқа қарай шамамен 22-25 км жүрген жерде орналасқан.
Құлаат туралы аңыз осы маңда жерленген Қырықкез батырдың Қади немесе Қази
деген батыр інісі болыпты. Батырлығымен атағы мәшһүр болған Қади аталған тауда
болған бір үлкен шайқас кезінде қаза тапқан, сірә, сол жерге жерленген. Қадидың құла
түсті аты болған. Міне, осы атының есімі тау атына негіз болыпты дейді халық аңызы.
Аусары алқап Аусар деп те аталады.Шетпе кентінен шығыста 8 км жердегі
тауаралық аңғар. Бұл жерде ертеде бұлақ көздері, қыста отын етіп жағар жер үстіне
шығып жатқан көмірі болатын. Аусары деген сөздің өзіндік тарихы бар. Аусары-
мұрындықсыз түйеге салатын ноқтаның ішкі бетіндегі темір тіс. Тартсаң екі жағын темір
қысады да түйе елпектеп жетекке ере береді.түрікмендер жер бедеріне қарап, түйеге
салатын аусары сияқты деп Аусары деп атап кеткен екен. Ал қазақтар оны Аусары деген.
Аусары – қара таудың етегі. Сары қабақты жер жарыса келіп, аша болып барлық
сүзілген су ызаменжылымшылап ағып жатады. Тау ішінде сарқырап ағып, төменгі қайыр
жерге кетіп жатқан су көзі бар. Ол кезде Аусарыда қалың ши өскен.соның ішінде
жайылған мал көрінбейтіндей болған.
Шетпе кентінің ең көне бөлігі болып есептелетіні Ескі Шетпе ауылының тауға
қараған бетіндегі қорымдықтың аты «Үшкөз» немесе «Үшкөз әулие» деп аталады.
Үш көз – көшпелі ауылды қоршай қазылатын шеңбер пішінді ор. Оны қорғаныс
жүйесі ретінде пайдаланған. Ауылға шапқан жаудан, барымташылардан қорғану үшін
жасалған амал болатын. Бір кездері осы маңда, Ескі Шетпе орнында осындай ауыл -
қамал болып, оның сыртынан үш қатарлы ор – үш көз қазылған болар. Уақыт өте ауыл
орнында бос жұрт қалады ескі жұртты айналдыра қазған ор да қалады. Сондықтан осы
аймақтың жұрты осы жерді әлгі ордың атымен «Үшкөз» деп атаған шығар. Жел мен
жаңбыр суы үш қатарлы орды да топырақпен толтырып жоқ етеді, енді тек жердің
«Үшкөз» деген аты қалады. Артынан осы жерге белгілі машайых жерленеді, оның есімі
бастапқы ұрпақтарға белгілі болса, жаңа ұрпақ оның атын естен шығарады да жер
атымен осы әулиені атап «Үшкөз әулиесі» деп жаңа есім жасайды.[3]
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.
2.
Батырлар жыры. Алматы "Жазушы", 1990 ж
3. «Жұмбақ жайлап аңыз өрген - Маңғыстау», О. Көшбайұлы, 2005ж
|