Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет64/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   255
Байланысты:
itog

Түйінді сөздер: инклюзивті оқыту, мүмкінігі шектеулі, ауытқушылық, логопед, 

дефектолог. 

 

Инклюзивті оқыту – мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар 



балалардың  дені  сау  балалармен  бірге  олардың  әлеуметтендіру  және  интеграция 

процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.  

Әрбір  адамның  маңызды 

құқықтары мен еркіндіктері жүйесіндегі негіз қалаушы фактор болып білім алу құқығы 

табылады. Қазақстан Республикасында, барлық дамыған мемлекеттерде сияқты, аталған 

құқыққа,  әлеуметтік  немесе  материалдық  деңгейге,  жынысы  мен  діни  көзқарастарға, 

денсаулық  қалпына  және  т.б.  ерекшеліктерге  қарамастан,  барша  адамдар  ие.  Біздің 

мемлекетімізде  бірде  бір  бала  дамуындағы  интеллектуалдық  немесе  физикалық 

бұзылыстар  себебінен  бұл  құқықтан  айырылмайды.  Барлық  балалардың  білім  алуға 

құқығы  біздің  мемлекетіміздің  басты  заңы  –  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясымен  кепілденген.  1994  жылы  біздің  мемлекетіміз  БҰҰ-ның  бала 

құқықтары  жайлы  Конвенциясын  ратификациялай  отырып,  денсаулық  және  даму 

бұзылыстары  бар  балаларды  «білім  беру  саласындағы  қызметтерге  нәтижелі  қол 



129 

 

жеткізу»,  баланы,  мүмкіндігінше,  әлеуметтік  өмірге  қосу  арқылы  жеке  тұлға  ретінде, 



мәдени және рухани дамуын қоса алғанда, дамыту міндеттерін алады. 

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға бірдей білім беру орталықтарына қарай 

бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқы 

рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық тұрғыдан 

қолдау»  туралы  заңды  қабылдады[1,5б.].  Осы  заң  шеңберінде    мүмкіндігі  шектеулі 

балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларға білім беру, әлеуметтік, 

медициналық  тұрғыда  қамтамасыз  ету  қарастырылған.  Ең  бастысы,  аталмыш  заңда 

инклюзивті  білім  берудің  негізгі  принциптері  айқындалды.  2000  жылдардың  басында 

педагогтардың 80%-ы бұл жүйеге қарсы болса, 2007 жылы 49% ғана қолдамаған. Қазіргі 

уақытта,    бұл  жүйені  педагогтар  қауымы  толықтай  қолдауда.  Бұл  инклюзивті  білім 

берудің дамып келе жатқанын көрсетеді. 

Осы  бағыт  балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал  етіп,  жақсы  өмір  сүру 

жағдайын  қалыптастырады.  Сонымен,  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  жұмыс 

жүргізетін  мекемеде  білім  мазмұнын  үш  түрлі  бағдарлама  бойынша  реттелген  абзал. 

Атап айтқанда: 

–  жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары

– мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру 

бағытындағы оқу бағдарламалары;  

–  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  психофизикалық  ерекшеліктерін  есепке  ала 

отырып  әзірленетін  оқытудың  жеке  бағдарламасы.  Біздің    аймағымызда    инклюзивті 

білім  беруді  дамытуда  ең  негізгі  қиындықтардың  бірі.  Бұл  кадрмен  қамтамасыз  ету 

мүмкіндігінің  жоқтығы,  себебі  облыстағы  ешбір  оқу  орны  арнайы  педагогтарды 

(логопед,  дефектолог)  дайындамайды  немесе  педагогтардың  өздері  келіспей,  мұндай 

жауапкершілікті алудан қорқады. Бұның себебі неде? Мүмкіншілігі шектеулі балаларға 

өз  зияның  тигіземіз  деп  ақталады.  Осы  мәселені  талқылаған  халықаралық 

конференциялар,  түрлі  семинарлар  ұйымдастырылуда.  Бірақ  та  шешімін  таппаған 

мәселелер көп. Солардың бірі – инклюзивті білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын 

педагогтарды дайындау. 

Бүгінгі таңда шет елдерін денсаулық және тұрмыстық жақтарынан мүмкіндіктері 

шектеулі  оқушыларды  интеграциялық  оқыту  тәжірибесі  болғанына  қарамастан, 

инклюзивті  оқыту тек  теория  түрінде  ғана  жасалған.  Қазақстанда  және  де  басқа  ТМД 

мемлекеттерінде  бұл  процестің  құқықтық,  ғылыми,  оқу-әдістемелік,  маманмен 

қамтамасыз етуі қарастырылмаған. 

Дегенмен, жалпы білім беру жүйесінде интеграция проблемасы бар. Бұл академик 

В.И.Лубовскийдің  сөзімен  айтқанда  «қажеттіліктен»  туындаған  интеграция.  Оның 

себептері  арнаулы  мекемелердің  болмауы  немесе  ол  мекеменің  бала  мен  отбасынан 

қашық жерде орналасуы, сонымен қатар ата-аналардың балаларын арнаулы мекемелерде 

оқытқылары келмеулері болып табылады [2,16б.] 

Инклюзивтік оқытудың базалық құқықтың құжаты дамуында жетіспеушілік бар 

балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа 

даярлау,  бала  мүгедектігін  сауықтыруға  бағытталған  Қазақстан  Республикасының 

мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  «Әлеуметтік  және  медициналық-педагогикалық 

түзетімді қолдау» заңы болып отыр. 

Дамуында  ауытқуы  бар  балаларға  арналған  біздің  елімізде  мектептер  мен 

мектепке дейін мекемелер бар. Онда осы балалардың ақыл-ойы және физикалық дамуын 

қамтамасыз  ететін  білім  беру  жағдайы  құрылған.  Бұл  жағдайға  әр  баланың  жеке 

ерекшелігін  ecкеріп,  жеке  ықпал  ету  болып  табылады.  Ерекше  қажеттіліктегі  балалар 

жалпы білім мектептерінің бағдарламасын толық немесе толық емес ауқымды алулары 




130 

 

керек. Жалпы білім беретін мектептер мүмкіндіктері шектелген балалар үшін «өмірлік 



орнын  толтырудың»  тәрбие  институты  болуы  керек.  Оны  оқуға,  жазуға,  есепке, 

еңбектенуге  оқыта  отырып,  бірлестік  қарым-қатынасын,  мәдени  тәртіп  ережелерін 

үйренуін, әртүрлі әрекетте икемдерін қалыптастыру маңызды болып табылады. Баламен 

және  оның  ата-аналарымен  бірлестік,  білім  алу  орталарын  ұйымдастыруда 

психологиялық жайлылыққа  жағдай  жасау  инклюзивтік оқытудың ең басты шарты. 

Сондықтан  инклюзивтік  білім  беру    тек  жалпы  мектептердегі  педагог 

мамандардың арнайы дайындықтары мен қайта даярлықтары бар болған жағдайда ғана 

нәтижелі  болмақ.  Мұндай  дайындықтардың  мақсаты  жалпы  мектеп,  балабақша 

педагогының дене және ақыл-есінің дамуында кемшілігі бар балаларды толық біліммен 

қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеудің негізгі әдістерін игеруі болып табылады. 

Инклюзивтік  оқыту  жағдайындағы  арнайы  түзетім  көмектерін  беретін  педагог-

дефектологтар  жалпы  білім  беретін  мектептердің  тәрбиешілері  мен  мұғалімдеріне 

нұсқаушылар болулары керек. 

Қазіргі  кезде  мектептерде  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  қамқорлыққа  алып, 

олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт-

бағдар  беруге  арнайы  дайындық  жүргізілуде.  Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  білім 

деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім дағдысын тәртібін қалыптастыруға байланысты 

түрлі шаралар жасалуда[3,45б.]. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына бірнеше  

міндет қойылады: 

1. Баланың мектепке дайындығын анықтау 

2. Тәрбиесіндегі кемістігін жою. 

3. Сабақты жүйелі жоспарлау. 

Баланың мектепке дайындығын анықтау үшін оларды жазу, сызу, оқуға үйретпес 

бұрын олардың қабілеті бойынша жеке ерекшелігін, психологиялық дайындық байқау 

керек. Белгілі психологтар Д.В.Эльконин, В.В.Давыдов, Р.С.Немов зерттеулері бойынша 

баланы  жүйелі  оқыту  үшін  психологиялық  дайындығына  ерекше  назар  аудару  керек 

дегенді  атап  айтады.  Қазір  мектептерде  коррекциялық  сабақтар  жүргізіле  бастады. 

Коррекция  дегеннің  өзі  «түзету»  деген  мағына  береді.  Бұның  басты  мақсаты  –  бала 

бойындағы, тәртібіндегі кемшіліктерді түзету. Ол баланың өзіне 1) сенім; 2) көз жеткізу; 

3)  кеңес  беру;  4)  психоанализ;  5)  логотерапия;  6)  аутотренинг  сияқты  методикаларды 

қабылдау арқылы жүзеге асырады. Үйден оқитын балаға сабақ беретін мұғалім алдымен 

баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойынның, қиялының, зейінінің 

тұрақтылығын  анықтап  алу  керек.  Ол  үшін  «Дөңгелек  қию»,  «Лабиринт»,  «Танграм», 

«Көру  әдісі»,  «Есту  әдісі»  тәрізді  әдістмелерді,    тесттерді  қолданып,  баланың  шама-

шарқын анықтап алады. Сабақ барысында баланың тіл мүкісін, қолының буындарының 

қимылын, саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыру қажет. Осы 

бағытта қазақтың халық педагогикасының алатын орны ерекше. Қазақ халқы санамақ, 

жұмбақ,  жаңылтпаштар  арқылы  баланың  сөйлеуге  деген  ынтасын  ашып,  қабілетін 

арттырып  отырған.  Баланың  байланыстырып  сөйлеуіне  жануарлар,  олардың  төлдері 

туралы өлең, тақпақ ертегілерді көп қолданған [4,26б.]. 

Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  ата-анасы  көмекші  не  арнайы  мектептер  мен 

мектеп интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзу кабинеттері мен сыныптарға 

балаларын  бергісі  келмесе,  жалпы  балалар  оқитын  мектептерге  ПМПК-ң  ұсынысы 

бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуға толық  құқылары бар. Ол үшін жалпы 

мектептер ПМПК-ң қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни баланың деңгейіне қарай 

жеңілдетілген  бағдарламамен  мүмкіндіг    шектеулі    балаларды  тәрбиелеуге  және 

инклюзивті  оқытуға  жалпы  мектептерде  арнайы  мұғалімдер  болмаған  жағдайда 

мұғалімдерді  мүмкіндігі  шектелген,  кемтар,  мүгедек  балаларды  инклюзивті  оқыту  – 




131 

 

ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  оқыту 



үрдісін сипаттауда қолданылады. 

 Электрондық  білім  беру  ресурстары,  мамандандырылған  компьютерлік  құрал-

жабдықтарды  білім  беру  үрдісінде  қолданатын  интерактивтік  элементтерді  қолдану, 

көрнекілік  құралдарды  арттыру  есебінде  дидактикалық  мүмкіншілікті  кеңейтуіне  оқу 

материалдық жолымен мүгедек балалардың жақсы қабылдауына бағытталған. 

Мүмкіндігі шектеулі балаларға  инклюзивті  білім беруде: 

–  арнайы  білім  беру  бағдарламаларын,  әдістерді  және  оқытуға  қажетті 

техникалық құралдарды қолдану; 

–  арнайы  дайындаған  педагогтар,  психологтар,  дефектологтар  және  басқа 

мамандардың жұмыстары; 

–  оқытуды  қажетті  медициналық  және  профилактикалық,  емдеу  шараларымен 

қатар жүргізу; 

– арнайы білім беру мекемелерінің материалды - техникалық базасын құру және 

оларды ғылыми - әдістемелік қамтамасыз ету. 

Қазіргі уакытта арнайы білім беру мекемелері әр түрлі қызмет атқаруда. Балалар 

мұкият  тексеруден  кейін  ҚР  білім  және  ғылым  министрлігі  бекіткен  арнайы  оқыту 

бағдарламасымен  білім  алатын  мектепке  дейін  мекемелер  мен  арнайы  мектептерден 

басқа, мемлекеттік емес мекемелер, оналту орталықтары, дамыту орталықтары, аралас 

топтар және т.б. ашылып  жасалуда. Мұндай мекемелерде кемістіктің түрлері  мен жас 

ерекшеліктері  әр  түрлі  балалар  болады.  Оларды  бірдей  бағдарламамен  оқыту  мүмкін 

емес,  сондыктан,  әр  баланы  жеке  психологиялық  -  педагогикалық  оқыту  мүмкіндігі 

артады [5,5б.]. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жалпы өзгерістер, соның ішінде 

инклюзивті білім беру институтының пайда болуы және дамуы, педагогикалық жүйенің 

өзгеруіне  әкеп,  жалпы  білім  беру  ортада  мүмкіндігі  шектеулі  (МШ)  балаларды 

сүйемелдеу  мен  оларға  қолдау  көрсету  қажеттілігін  туындатуда.  Жалпы  білім  беру 

жүйесі МШ  балаларға білім беруде жалпы білім беретін мектептерде қолайлы орта мен 

арнайы  оқу  құралдарының  жоқтығы  және  басшылар  мен  ұстаздардың  мұндай 

балалармен жұмыс жүргізуге дайын еместігі кедергі болып отыр. 

Алайда мүгедек, мүмкіндігі шектеулі баланы түрғылықты жері бойынша жалпы 

білім беретін мектеп кеңістігіне кіріктіруге байланысты бірнеше мәселелер кездеседі: 

– мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеуге дайын жаңа тұрпатты педагогтар 

мен басшылар санының аздығы; 

–  мектептік  ортада  мүгедектікке  деген  көзқарастың  теріс  пікірінің   дұрыс  емес 

пікірдің болуы; 

–  педагогтардың,  оқушылардың,  ата-аналардың  мүгедектік  туралы  және 

мүмкіндігі шектеулі құрдастарының мүмкіндіктері туралы ақпараттың жетіспеушілігі

–  тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беретін мектеп жағдайында мүмкіндігі 

шектеулі  баламен  жұмыс  жасау  үшін  материалдық-техникалық  дайындық  пен 

әдістемелерге сәйкес білімнің аздығы; 

–  түрлі  бұзылыстары  бар  балалардың  қалыпты  дамыған  қатарластарының 

ортасында  білім  алу  құқығын  дұрыс  түсініп  қабылдауда  қоғам  өкілдерінің  дайын 

еместігі. 

Қорыта  айтқанда,  инклюзивті  білім  беру  саласында  әлеуметтік  педагогтың, 

психологтың,  дефектолог  маманның    ролі  ерекше.  Бұл  саладағы  оқушылар  ерекше 

назарда  болады.  Даму  мүмкінділігі  шектеулі  балалардың  кейбіреулерінде  өзіндік 

қабілет,  ерекшелік  бар.  Мысалы:  кейбіреулері  би  билеуге,  спортқа,  сурет  салуға 

қызығады, осындай қызығушылығы мол балаларды әрі қарай дамыту әлеуметтік педагог 

пен әрбір мұғалімнің міндеті. 




132 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.  «Кемтар  балаларды  элеуметтік  және  медициналық-педагогикалық  түзеу 

арқылы қолдау» туралы ҚР заңы-11 шілде 2002 г. № 343-П. 

2. 


Всемирный 

доклад 


об 

инвалидности// 

Всемирная 

организация 

здравоохранения от 9 июня 2011 года в  

 

3.  Постановление  Правительства  Республики  Казахстан  от  5  февраля  2007  г. 



№81  «Об  утверждении    Плана  мероприятий  по  социальной  и  медико-педагогической 

коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями». 

4.  Оразаева  Г.С.,  Фурсова  Л.М.,  Анализ  результатов  мониторинга  психолого-

педагогического  сопровождения  детей  с  ограниченными  возможностями  в  развитии  в 

общеобразовательных организациях республики. 2012 г.,С.2-7 

5.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР президентінің 2010ж. 7 желтоқсандағы №1118 

жарлығы - Астана. 2010 ж. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет