ҚАРШЫҒА –ҚАЛҚАН
Көңілінен шықтық
біз көп баланың
Ақжайық ауданының білім бөліміне жазғы каникул
кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын
және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында
биыл
жергілікті бюджеттен жалпы 7 183 760 теңге қаражат
бөлінді.
Ауданымызда 1-10 сыныптарда
барлығы 6152
оқушыны 100 пайыз жазғы демалыспен қамту
жоспарланды. Ауданда «Ақ шағала», «Атамекен», «Жас
қыран» сауықтыру, «Жас қыран» шатырлы және 38 мектеп
жанындағы тамақтануы ұйымдастырылған лагерьлер жұмыс
жасайды.
Маусым айында барлығы 3983 оқушы жазғы
демалыспен қамтылды. Облыстық «Дарын» қосымша
білім орталығында ұйымдастырылған облыстық балалар
қозғалысы жас көшбасшыларының «Келешек-2014» және
«Үздіктер форумы» жазғы ауысымдарына ауданнан сегіз
оқушы жолданып, демалып қайтты.
Қ.Байсықов атындағы ОЖББМ-нің мектеп жанындағы
лагерьдің бірінші кезеңінде демалушы балалар ата-
аналарының қаражаты есебінен Орал қаласындағы
тарихи-өлкетану мұражайларына, М.Мәметоваға арналған
мұражайға, балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық
экологиялық және жануарларды қорғау паркіне, «Киров»
атындағы саябаққа біркүндік саяхатқа барып қайтты.
Ж.Молдағалиев атындағы ОЖББМ-нің оқушылары
Сырым ауданы Жымпиты ауылындағы «Алаш» мұражайына
саяхаттап
қайтты.
Оқушылардың
тарихи-өлкетану
мұражайларынан білгендері көп болды. Қадыр Мырза Әлі
атындағы мектептің тыныс-тіршілігімен де толық танысып,
«Қадыр сыныбында» да болды. Балалардың саяхаттан алған
әсерлері ұшан-теңіз.
Жоғары
класс
оқушыларының
қатысуымен
ауданымыздың екі мектебінде, атап айтсақ, Алмалы және
Ғ.Махамбетов атындағы орта мектептерінде өндірістік
бригадалар, қалған мектептерде (судың болуына қарай)
мектеп ауласындағы үлескелер жұмыс жасауда.«Атамекен»,
«Ақ шағала», «Жас қыран» сауықтыру, «Жас қыран» шатырлы
лагерьлері «Балалар қорғау» күні, мектеп жанындағы
лагерьлер 2 маусым күні білім бөлімі қызметкерлерінің
қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Барлық лагерьлерде
бірінші кезекте әлеуметтік қорғалмаған отбасы балалары,
аудандық КТІЖ есебіндегі, мектепішілік бақылаудағы,
ішкі істер бөлімінде есепте тұрған қолайсыз отбасы
балалары қамтылды. Абай атындағы және Тайпақ мектеп-
гимназиясының 10 класс оқушыларына мектеп жанындағы
лагерьде пәндік ауысым ұйымдастырылды, бұл ауысым
оқушыларды демалтумен қатар таңдаған бағдары бойынша
ҰБТ-ға дайындық ретінде өткізілді. «Жас ұлан» ұйымының
мүшелеріне кезең ұйымдастырылып, оған облыстық «Өркен»
қосымша білім беру орталығының қосымша білім беру
педагогтары шақырылып, іс-тәжірибе алмасу жоспарлануда.
Достарыңызбен бөлісу: |