16 шілде 2014 жыл Ел ер Балдә Рәміздерім – мақтанышым Рәміздер ұлттық мақтанышымыз



Pdf көрінісі
бет23/35
Дата11.04.2022
өлшемі3,45 Mb.
#30656
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Шынар АЛЬСЕЙТОВА

Ақжайық аудандық білім бөлімінің 

жетекші маманы



№№13-14 (197-198)    16.07.2014 ж.

6

Мектеп оқушылардың жазғы лагерлердегі жай-күйімен танысуды араға апта салып, редакция алқасы 

Ақжайық ауданының Чапаев ауылында жалғастырды. Жиырма төрт орта, он екі негізгі және он төрт 

бастауыш мектебі бар ауданның білім бөлімі биыл да балғындардың жазғы демалысын жайлы өткізуді 

жоспарлы ойластырыпты. 

Келетінімізден  хабардар  болғандықтан  Абай  атындағы  мектеп-гимназиясында    болуды  жөн  санамадым. 

Ал, М.Әуезов орта мектебіне кіргенімде мектеп директорының іс сапарда екенін естіп, жарқырып тұрған жаңа 

мектептегі ұжымның сыртқы тазалығын, мектеп ауласындағы гүлзарлардың көз түскен жанның көңіліне қуаныш 

сыйлайтынын көріп, онысыз да шаруалары бастан асып жатқан жандарды мазалауды жөн көрдім. 

Аудан орталығындағы үш білім ордасының үшеуі де базалық мектеп екенін хабардар едім. Сол үшеудің 

бірінің  бірегейі  №1    Хасанова  Дина  Хасанқызы  басшылық  жасайтын    білім  шаңырағында  болып,  оқушылар 

демалысының жай-күйімен жете танысу үшін мектепке келдім. Іргетасы сонау 1975 жылы қаланған төрт қабатты 

ғимарат  келбетін  жоғалта  қоймапты.  Көз  үйренбеген  жанға  мектеп  ауласындағы  субұрқақ  пен  ұшқыр  ойлы 

ұстаздары мен оқушылар бірлесе жасап орнатқан  төрт түліктің төресі түйе мен қыран құста, әдемілігі әсем 

егілген гүлдерде көрген көзге қуаныш ұялатады. Құдды бір, сәулет мектебі дерсің. 

Мектеп басшысы Дина Хасанқызы мектеп жанындағы «Балдәурен» лагерінің қазір толыққанды жұмыс жасап 

тұрғанынан  хабардар  етіп,  әріптестерінің  оқушыларға  әр  күндерінің  көңілді  өткізуге  барынша  назарда  ұстап 

отырғанын жеткізді. Лагерде қазірдің өзінде үш жүз қырық екі бала демалып үлгеріпті. Қай ауысымда болмасын 

демалушыларға мәдени-спортық шаралар кеңінен жүргізілген. «Ел рәміздері», Астана күніне орай өткізілген 

шараларда айшықты көрінеді. Жалпы мектепте 576 оқушы болса, соның 457-і шілде айының ортасына дейін 

қамтылады деп отыр. Тұрмысы төмен, қамқорлыққа зәру, қиын балалар да мектеп ұжымының назарынан тыс 

қалмаған. Оны біз лагерде демалушыларды аралай жүріп байқадық. Өздерін толыққанды жан сезініп, қоғам 

мен  қоршаған  ортаға  керек  екендіктеріне  сеніп,  жанарларына  қуаныш  ойнатқан  балғындар  мектептің  спорт 

кешенінде жаттықтырушы апайы Б. Сүндетованың және тоғыз құмалақ, шахмат дойбы үйірмесінің жетекшісі  

Е. Қапездің ұйымдастыруымен  сайыс көрігін қыздырып жатыр екен. Мектептің ауласындағы футбол алаңында 

да екі команда өзара жолдастық кездесу өткізіп жатты.

  Қ.  Жұмағазиев  тәлім  беретін  жас  аяқ  допшыларына  журналистің  келгенін  гөрі  қақпаға  доп  жібермеу 

маңызды  екенін  ойындарынан  ұқтым.  Көп  мектептің  тәжірибесінде  жоқ  ұлттық  асық  ойынының  аталмыш 

мектепте жанданып, оқушылардың қызығушлығын арттыруы Ерсайын Қуанышұлындай елдікті сүйген азаматтың 

ауыл баласының асығын ұмытпағаны абыройлы іс, көңілім бір көтеріліп қалды. Лагерь басшысы Е.Нағибов, 

орынбасары С. Икалиева тәрбиешілер, Б.Қаленова, Г. Қазимова, Г. Қапиева, Н. Жантемірова, Г. Смайылова 

және музыка пәнінің жетекшісі С. Рамазанова сынды өз маманының білгірлері әр баланың әр ісін назарда ұстап 

отыр,- дейді  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Нұрлыбекқызы. 

Аудандық білім бөлімінің басшысы Зиналиев Мереке Ғатауұлы Тәуелсіз журналистің аудан орталығына іс 

сапармен келгенін естіп, өзі іс сапарда болса да орынбасары Бақыт Илиясқызын сапар жалғасқан мектепке 

жіберіп, жалпы аудан көлемінде оқушылардың жазғы демалысының жай-күйі жайында Ақпарат бергізуі билік 

басындамын деп,-бәлсінбей кеңдік танытқанына шын риза болдым. Азамат жігіттің көрегендігі мен көкжиегінің 

кеңдігі болса керек бұл. 

Өкініштісі  сол,  аудан  бойынша  бала  басылымына  жазылым  жүз  данадан  артық  шықпай  отыр.  Елу 

мектептен  бес  данадан  жазылса  да  екі  жүз  оқырманымыз  болар  еді  ғой.  Келген  мектебімізде  газетімізде 

оқушыларының  шығармалары  жарияланып  келе  жатса  да  осы  жарты  жылдықта  бес  саусаққа  жетпейтін 

оқырманның  жазылғанын  айтып  отыр.  Балаға  керекті  басылымның  кесірі  тимесі  мәлім  ешкімге  тек,  мектеп 

ұжымдары көңілге алып қолдаса болғаны. Бізге үкіметтік бюджеттен Ақпарат құралдарына бөлінетін қаржыдан 

“бөтеке” бөліп бермейді. Сенетінімізде, сенерімізде халық. Шүкірлік етіп, ісімізге шүбә келтірмей, тәуелсіздігіне 

тәу  еткен  ұл-қыздарымыздың  шығармашылығын  газетімізге  жариялап  келеміз.  Әлемдегі  жағдайды  бақылап 

отырсақ, қолдарына автомат алып, болмаса, наша шегіп жүрген балғындар қаншама, оның бетін аулақ қылсын 

елімізден. 

Қорыта айтқанда мен көргенімді, көкейге түйгенімді қоспасыз жаздым. Дина Хасанқызы басқаратын мектеп 

ұжымының  шәкірттерінің  жазғы  демалысын  жайландыру  жұмысы  да  көңілден  шықты.  Түймедейді  түйедей 

етіп, көрсету қанымда да қасиетімде де жоқ. Ал, мен айтқан басылым жайындағы ескертпе ме, бала газетінің 

басшысы болып отырғасын жүрегі ауырып отыр деп ұққайсыздар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет