«Балалар болашағымыз!»
Чапаев негізгі ЖББМ-де мектеп тәлімгері Елнұр Алмағамбетовтың ұйымдастыруымен
«Балалар болашағымыз!» атты мәдени шара өтті. Балаларды қорғау күніне орай өткізілген
шараға ауылдың барлық кішкентай бүлдіршіндерімен мектеп оқушылары қатысты. Ән-
би конкурстары, асфальтқа сурет салу, қазақша күрес, жаяу жүгіріс, велосипед жарысы,
нысанаға тигізу турлары бойынша барлық бүлдіршіндер қамтылды. Мүмкіндігі шектеулі
балаларға аудан әкімі, ауыл әкімі, мектеп ұжымы атынан сый-сыяпаттар көрсетілді.
Шағатай селолық округінің әкімі Мүтиев Рүстем Ситонұлы мектепке дейінгі кішкентай
бүлдіршіндерге тәттілер тарту етті. 7-сынып ата-аналар атынан мектеп оқушыларына
өткізілген турлар бойынша сыйлықтар таратып қуантты. Ата-аналар өз ризашылықтарын
білдірді.
Балалар үшін өте қуанышты мереке болды.
Осындай тағылымы мол іс-шаралар ауылымыздың
мектеп ұжымы, ата-аналар комитеті үнемі
ұйымдастырып отырады. Игі істер жалғасын табады
деген сенімдемін.
Достарыңызбен бөлісу: |