16 шілде 2014 жыл Ел ер Балдә Рәміздерім – мақтанышым Рәміздер ұлттық мақтанышымыз



Pdf көрінісі
бет8/35
Дата11.04.2022
өлшемі3,45 Mb.
#30656
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Нұрбану СЕРІКҚЫЗЫ                                                                                                                                        

Чапаев негізгі ЖББМ-нің  мектеп директорының 

тәрбие ісінің меңгерушісі

Құтсиық ауылы, Теректі ауданы

«Бала – болашағымыз!»

Бала  –  болашағымыз 

десек, сол балаларымыздың 

балалық  шағы  бақытты  да, 

ерекше болып есте қалуына 

біздің 


мектебімізде 

де 


барлық  жағдай  жасалуда. 

Оқушыларымыз  білім  алу 

мен қатар,  көптеген тәрбиелік 

мәні зор мәдени шараларға 

үзбей қатысады. Соның бірі, 

дүниежүзілік 

балаларды 

қорғау  күні  қарсаңында 

аудандық  мәдени  демалыс 

орталығында 

өткен 

«Балбұлақ» 



балалар 

шығармашылығы байқауына 

қатысқан 

оқушыларымыз 

жүлделі 

орындарға 

ие 

болды.  Атап айтар болсам, ән айту жанры бойынша 2 «б» сынып оқушысы оқуда 



озат  болып  табылатын  Бақытжан  Баянбек  «Мектебім»  әнімен  жүлделі  екінші 

орынды  иеленсе,  оқу  озатының  бірі  4  «а»  сынып  оқушысы  Әуелбек  Аян  «Туған 

жер» әнімен жүлделі үшінші орынға ие болды. Аудандық оқулардың қатысушысы, 

өз  жанынан  да  туындылар  шығара  білетін,    6«а»  сынып  оқушысы  Индира 

Сауранбекова Мағжан Жұмабаевтың өлең жолдарын мәнерлеп оқуда алдына жан 

салмады.  Жүлделі  екінші  орынға  5«а»  сынып  оқушысы  Виктория  Сапаргалиева 

мен орыс ұлтының қызы 4«в» сынып оқушысы Милана Шкарина «Қазақ осы» атты 

өлең жолдарын өз мәнеріне келтіріп оқумен тыңдаушыларды таң қалдырды. 

Мектебіміздің  тәрбие  ісінің  меңгерушісі  Т.Даркенова    дефектолог  маман 

А.Кабиева,  мектеп  парламенті  ұйымының  жетекшісі  Ж.Дүйсенгалиеваның  

ұйымдастыруымен  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  да  жылдың  әр      мерекесінде 

құттықтап,  сый-сыяпат  табыстауды  ешқашан  ұмытқан  емес.  Балалардың  оқу 

жылы барысында білім мен тәрбиесіне баса көңіл бөлінсе, жазғы демалысын да 

тиімді де, қызықты етіп өткізуде педагог мамандардың алар орны ерекше. Мектеп 

жанындағы «Балдәурен»жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастап кетті. Мектептің 

аз  қамтылған  оқушылары  мен  көп  балалы,  патронаттық  пен  қамқоршылық 

тәрбиедегі және тағы да басқа өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды да 

сауықтыру  лагерлерімен  қамту  жоспарланып  жүзеге  асуда.  Осы  мақсатпен  жыл 

сайын «Бала еңбегінің ең нашар түріне жол бермеу» акциясы ұйымдастырылып, 

аталмыш  акция  аясында  балаға  қатысты  зорлық-зомбылықтың  алдын  алу 

бойынша іс-шаралар оздырылуда. Аталған шара барысында мектепте ақпараттық 

стендтер мен көрме жасақталып,«Бала еңбегі тоқтатылсын!» тақырыбында флеш-

мобтар  ұйымдастырылды.  Зорлық-зомбылық  фактілері  қолданылған  балаларды 

анықтау  мақсатында  сауалнама  жүргізілді.  «Түнгі  қала  балалары»  атты  кең 

ауқымды  рейдтік  шаралар  мен  акциялар  жұмысы  күшейтіліп,  мектептен  арнайы 

комиссия құрылды. Әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтардың бірлескен 

жұмыстарының  арқасында    қиын  балалармен  жұмыс  жасауда  аталмыш  рейдтер 

үнемі өз жалғасын тауып келеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет