16 шілде 2014 жыл Ел ер Балдә Рәміздерім – мақтанышым Рәміздер ұлттық мақтанышымыз



Pdf көрінісі
бет9/35
Дата11.04.2022
өлшемі3,45 Mb.
#30656
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Айгүл УСАХОВА

№1 орта мектепт директорының тәрбие ісінің меңгерушісі  

Чапаев ауылы, Ақжайық ауданы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Оралда  Х 

Ұлттық  Дельфий  ойындарының  туы  көтерілді.    Шараның  ашылу  салтанатына  Орал 

қаласы  әкімінің  орынбасары  Марс  Сатыбалдиев,  Дельфи  комитетінің  қамқорлық 

кеңесінің  мүшесі  Лаврентий  Бобрышев,  «Нұр  Отан»  партиясы  «Жас  Отан»  жастар 

қанатының  атқарушы  хатшысы  Нұрлан  Сыдықов,  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі 

жастар  ісі  комитеті  төрағасының  орынбасары  Еркін  Үйсімбаев,  ұлттық    Дельфи 

комитетінің орындаушы директоры Сажида Сайтбаева қатысып, барша өнерпаздарға 

сәттілік тіледі.

Содан  соң,  ұлттық    Дельфи  ойындары  қатысушыларының  салтанатты  шеруі 

болып,  әр облыс жастары өз өнерлерін ортаға салды. Олардың  көбі би билеп, кеш 

көрігін қыздырды. «Сырлы саз» хорының өнер көрсетілімінен кейін сахнаға тура шешіп, 

төрелігін айтатын қазылар алқасы көтеріліп, өнер додасының салты бойынша көпшілік 

алдында ант берді. Белгілі әнші Марат Сарбөпеев «Оралым» әнін орындап,  «Батыс 

стар»  группасы  оралдықтардың  қызу  қолдауына  ие  болды.  Республикалық  және 

халықаралық  конкурстардың лауреаты Асланбек Қуаналиевтің жүректен шыққан әні 

көрермен көңілінде көпке дейін сақталары анық. Олжас Сейтимов пен Айбар Сапыш, 

ыммен  ән  салған  Нұржан  Жайықбаев  пен  Балым  Ақберен  Дельфий  ойындарының 

мерекелік сахнасын әнге бөледі.

Кешке  жиналған  мыңдаған  көрерменнің  күткен  қазақ  өнерінің  жалауын  көтеріп, 

алауын  жағатын  сәті  келіп  жетті.  Х-Ұлттық  Дельфий  ойындарының  алауын  жағу 

мәртебесі  халықаралық  Дельфи  комитетінің  қамқорлық  кеңесінің  мүшесі  Лаврентий 

Бобрышев пен Дельфий ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Амина Гайнединоваға 

ұсынылды. Алау жағылғаннан кейін Амина Гайнединова «Махамбет термесін» айтып, 

кештің көрігін қыздырды.

Өнер додасының ашылу салтанаты аяқтала келе сахнаға өнер жұлдызы Айқын 

Төлепбергеннің  шығуы  жастарға  тосын  сый  болды.  Осы  кеште  мақпал  түн  көгін 

отшашу өрнектері өрнектеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет