88
перзент дегенде жалғыз баласы болыпты, мал дегенде он шақты ешкісі
болыпты. Бала ешкілерін бағып жүреді». Терең құрылым деңгейінде бұл
қызметке «бастапқы жағдаят» фреймі сәйкес келіп, ал оның слоттары
«жесір кемпір» және оның «баласы» болып табылады. Әрі қарай ертегі
желісінде «А» қызметі пайда болады: «
Бір күндерде ешкілерін далада
жайып жүріп, бір топ киікті көреді, оның ішінде бір алтын мүйізді киік
жүреді. Бала бұл киіктерді күнде көріп жүріп, бір күндері шешесіне келіп:
- Далада бір топ киік көрдім, ішінде алтын мүйізді бір шұбар киік бар. Осы
шұбар киікті ұстап алып, ханға тарту қылсам, хан маған сыйлық берер ме
еді? – дейді. Шешесі: - Ұстай алсаң, алып бар, хан сыйлық берер, – дейді».
Ол терең құрылымның «жетіспеушілік» сценарийіне сәйкес келеді де,
оның слоттары «алтын мүйізді киік», «алтын және күміс қанатты тақ»,
«сыйлық». Үстіңгі құрылымды «Ә» қызметі жалғастырады: «
Бір күндері бала
далада ешкілерін жайып жүріп, алтын мүйізді шұбар киікті тағы да көреді.
Сол арада бала әлгі шұбар киікті ұстап алады. Ханға алып жүреді. Ханға
Достарыңызбен бөлісу: