тауып әкелсін, есік алдына орнатсын»; үшінші сынақ «Ханға айтып, бұл
баланы тағы да бір келмейтін жерге жұмсайық. Бәлендей алыстағы, күн
астындағы Күнікей қызды тапсын. Мұны болса да таба алмай өледі, енді
оны іздеп барушылардың өлмей қайтқаны жоқ. Баланы сонда жіберейік».
Ертегі желісі «сыйлаушы кейіпкерді сынаққа алады» №12
қызметпен жалғасып, терең құрылым деңгейінде іс-әрекет етуші
тұлғалары -бала, төрт жолдасы, құмырсқа, хан және Күнікей қыз болып
табылатын сценарийге трансформацияланады: 1) «- Осы топта кімде-кім
күресіп жығып, күші асса, қызымды соған беремін, – дейді. Ханның елі
жағынан бір өгіз балуан шығады. Бала жағынан екі қолына екі тау ұстап
жүруші дәу шығады. Екі балуан күресіп, дәу жығып кетеді»; 2) «Енді жаяу
бәйгеден озып келгенге беремін, – дейді. Жаяу бәйгеге ханның елінен бір
жүйрік мыстан кемпір шығады. Мыстан кемпір қолына екі шыны арақ
ұстап шығады да, жолда желаяққа ішкізіп, мас қылып, өзі жүгіріп кетеді.
Бала тыңшыға айтады: - Кім келе жатыр екен, соны тыңдашы, – дейді.
Тыңшы
тұра
қалып
тыңдап:
«Кемпірдің
дыбысы
білінеді,
желаяқтың дыбысы білінбейді», –дейді. Бала сол арада баяғы қолындағы
кездікті ұстап еді, ұйықтап жатқан желаяққа дыбыс беріп оянады, сол
арада жалмажан жүгіріп отырып, кемпірге жетеді. Қолына бір уыс
топырақты алады да, кемпірдің алдынан өте беріп, топырақты көзіне
шашып жібереді. Кемпір көзін уқалап аша алмай жатқанда, желаяқ озып
келеді. Хан сонда да қызын бермейді»; 3) «Кімде-кім қызымның қай жерде
екенін тапса, соған беремін, – дейді. Бір мезгілде тыңшы тыңдап жүрсе, хан
қызын жер астындағы бір үйге жасырып қойған екен. Қыз сол үйде кесте
90
тігіп отырып, қолындағы инесін жерге түсіріп алады. Тыңшы тыңдап біліп
тауып алады».
Бұл қызмет терең құрылымның «зиян келтіру» сценарийіне сәйкес
келіп, төмендегідей қатысушылардан тұрады: хан, бала, баланың
жолдастары: «Хан бұларды темірден салынған қонақ үйге жатқызады.
Қонақтар жатқан үйді сыртынан өртейді. Бұлар түн ортасында оянып
кетсе, үй өртеніп бара жатыр екен. Бәрі де сасады. Сол жерде көл
ұрттаушы дәу ұртындағы бір көлдің суын бүркіп тастап, өртті сөндіреді.
Бұлар тып-тыныш ұйқыда жата береді. Хан бұларды өлді деп, күлін
қарайын деп келсе, бәрі де тып-тыныш ұйықтап жатыр екен».
Әрі қарай терең құрылым деңгейіндегі «кейіпкерге қиын тапсырма
беріледі» сценарийі орын алады: «Хан тағы ойлап, бір амал табады.
Ертеңінде: - Қырық қызбен қызымды қатар тұрғызамын, солардың ішінен
танып алғанға қызымды беремін, – дейді». Элементарлық сюжет үстіңгі
құрылымның №30 қызметімен аяқталып, ол терең құрылымның фреймі
«жау жазасын тартады» фрейміне сәйкес келеді: « - Сен озып ханға бар,
менің алдымнан шықсын. Ең алдымен хан, оның соңынан қырық уәзірі
жүрсін, ең артында өзің жүр, – дейді. Бала ханға барып, қыздың алдынан
шығарады. Қыз келе жатқан ханды қасқыр, уәзірлерді түлкі қылып
жібереді. Олар бірін-бірі қуып кетеді». Бұл фреймнің слоттары бала, хан,
қырық уәзір, Күнікей және ол «кейіпкер үйленеді» сценарийімен
аяқталады: «Сонымен, күн астындағы Күнікей қызды бала алып, екеуі той
жасап, қосылады. Ел-жұрты баланың ерлігіне риза болып, оны хан
сайлайды». Алайда, бұл сценарийде басқа да қызмет байқалады: «жоғары
мәртебеге ие болу». Ертегі дискурсында кейіпкер бала екі бірдей
мақсатты көздейді. Сондықтан да ол терең құрылымның екі бірдей
жоспарының басты кейіпкері: қалыңдық іздеу.
«The king of England» ағылшын ертегісін қарастыратын болсақ,
қазақ ертегісіне қарағанда онда үш бірдей кейіпкер болады.
Элементарлық сюжеттері: отбасында немесе қоғамда тең дәрежелі не
жоғары мәртебеге ие болу; күнделікті тұрмыс-тіршілікке қажет құралдар
мен ыңғайлылық, жайлылық нысандарын табу; қалыңдық немесе күйеу
жігіт іздеу. Қазақ және ағылшын ертегілерінің үстіңгі құрылымдары,
жалпы алғанда, толықтай сәйкес келеді деп тұжырымдауға болады.
Келесі кезекте, ертегінің терең құрылымын қарастырып, оның
жоспарлары мен сценарийлерін, фреймдерін айқындап көреміз. Бірінші,
екінші және үшінші жоспар «бастапқы жағдаят» (№1 қызмет) фреймімен
басталып, ал оның слоттарын «three sons», «the old king»: «Once upon a
time there was an old king who had three sons». Баяндаудың
«жетіспеушілік» фреймін «golden apples» слотымен жалғастырады: «and
the old king fell very sick one time and there was nothing at all could make
him well but some golden apples from a far country». Фреймдер сәйкес
келгенімен слоттарда айырмашылықтар бар: «алтын мүйізді киік», «алтын
және күміс қанатты тақ» т.б.
91
Әрі қарай ағылшын ертегісінде екі сценарий жоқ: «кейіпкерге өтініш
жасайды немесе жетіспеушіліктің орнын толтыруға жібереді» және «іздеуші
келісімін береді немесе қарама-қарсы әрекетке барады». Бірақ «кейіпкер
үйінен жолға шығады» сценарийінде сәйкестік табады: « So the three brothers
went on horseback to look for some of these apples. They set off together, and
when they came to cross-roads they halted and refreshed themselves a bit; and
then they agreed to meet on a certain time, and not one was to go home before
the other. So Valentine took the right, and Oliver went straight
OIK
and poor
Jack took the left». Іс-әрекет етуші тұлғалар - Valentine, Oliver u poor Jack,
олардың мақсаты «golden apples» табу.
Ертегіде кіші ұлы « poor Jack» сол жаққа қарайтын жолды таңдайды.
К.Юнгтің пікірі бойынша: «солға қарай қозғалысты салттық билер өлім, о
дүние символы болып саналады» [131, 152-153бб.]. Мұндай символдық мән
қазақ ертегісінде де орын алады: « Бір жерлерге барғанда биік тауларға
кездесесің. Таудың бауырынан бір қоян қашар, сен сол қоянды қуа бер, ол
қоян барып бір үңгірге кірер. Сонда ол сол жақтағы үңгірге кірер, сен оң
Достарыңызбен бөлісу: |