Дипломдық жобаның мақсаты нақты мысал негізінде компанияның бренд



Pdf көрінісі
бет15/22
Дата12.04.2022
өлшемі3,5 Mb.
#30729
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
2019 5B090800 Джабасова А., Рахимова Д.

V – есептелген бренд құны;  

I – салық салынғаннан кейінгі кіріс; 

R – тура капиталдандыру ставкасы. 

 

V = 6 623,009/20% = 6 623,009/0,2 = 33 115,045 млн.тг 



Сауда  белгілерін  бағалау  кезінде  басты  мәселе  –  капиталдандыру  әдісін 

таңдау  болып  табылады.  Егер  қызмет  көрсетудің  қалған  мерзімін  анықтау 

мүмкін болмаса, онда бағалаушы келесідей проблемаларға тап болады: негізсіз 

жорамалдар  мен  факторларға  сүйеніп,  қалған  қызмет  мерзімін  ерікті  түрде 

таңдау  немесе  мерзімсіз  капиталдандыруды  пайдалану.  Дегенмен,  компания 

фирмалық  атаулар  мен  сауда  белгілерін  мерзімсіз  капиталдандыру  әбден 

мүмкін  жағдай,  себебі  гудвиллге  жататын  кез-келген  қосымша  пайда  осы 

жолмен капиталдандырылады. Ал егер бағалау салық мақсаттары үшін жасалса, 

онда 

қызмет 


мерзімінің 

белгісіздігі 

материалды 

емес 


активтің 

амортизациясымен  қайшы  болады.  Жарнама  науқанын  өткізу  құнының  бренд 

құндылығын анықтау кезінде неғұрлым ақылға қонымды есебі үшін абсолютті 

шығындарды  ғана  емес,  сонымен  қатар  жарнамалық ақпарат  көзін,  оны  ұсыну 




 

42 


түрін  және  жарнама  тиімділігін  есепке  алу  керек.  Егер  бұл  теледидардағы 

жарнама  болса,  арнаны,  уақытты  және  бағдарламаны  таңдау  үлкен  рөл 

атқарады. Капиталдандыру ставкасының есебі 4 кестеде көрсетілген. 

 

4 - кесте - Капиталдандыру ставкасын есептеу 



 

№  п/п 


Тәуекелдер атаулары 

Мүмкін 


болатын 

интервал 

мәні, % 

Сарапшылық 

бағасы 

Тәуекелсіз ставка 



  

7,00 


Ұқсас мүлікті инвестициялау тәуекеліне 

арналған сыйақы (салалық тәуекел)  

0-5 


Кәсіпорын көлеміне сыйақы 



0-5 



Менеджмент сапасына сыйақы 

0-5 


Өндірістік және аумақтық әртараптандыруға 



сыйақы 

0-5 


Капитал құрылымына сыйақы 



0-5 



Клиентураны әртараптандыруға сыйақы 

0-5 


Табыс алудың тұрақсыздығына сыйақы  



0-5 

 



Капиталдандыру ставкасы 

 

20,00 



 Ескерту - цифрлар сарапшылық, авторлармен құрастырылған 

 

«Роялтиден  босату»  әдісі.  Роялтиден  босату  әдісінің  негізінде  бағаланып 



отырған  материалды  емес  актив  (мысалы,  сауда  белгісі,  патенттелген 

технология  және  т.б.)  қазіргі  иесіне  тиесілі  емес,  лицензиялық  негізде  үшінші 

тараппен берілген деген түсінік жатыр.  

Тиісінше,  бұл  жағдайда  ағымдағы  иеленуші  «роялти»  деп  аталатын 

активті  пайдалану  құқығына  мерзімді  төлемдерді  төлеуі  тиіс.  Көбінесе, 

роялтидің  мөлшері  материалды  емес  активті  пайдалану  арқылы  өндірілген 

өнімдерді  сатудан  түсетін  түсімге  байланысты  және  мысалы,  осы  кірістің 

белгілі бір пайыздық мөлшерін білдіреді. 

Роялтиден  босату  әдісінің  ыңғайлылығы,  роялтидің  типтік  ставкасы 

нарықты  талдау  негізінде  салыстырмалы  түрде  оңай  анықтауға  болады. 

Мысалы,  әртүрлі  дереккөздері  бизнестің  немесе  өнімнің  түріне  байланысты 

стандартты  роялти  ставкалары  туралы  ақпаратты  ұсынады.  Роялтидің  ең 

жоғары  құны  технологиялық  ең  дамыған  салаларда  болады,  мысалы,  авиация 

өнеркәсібінде  роялтидің  стандартты  көрсеткіштері  6-10%-ды  құрайды.  Бұл 

фактіні  түсіндіру  өте  оңай:  мұндай  салаларда  материалды  емес  активтер  өте 

маңызды  рөл  ойнайды,  сондықтан  да  оларды  пайдалану  үшін  көбірек  төлеуге 

тура  келеді.  Ал  жоғары  технологиялы  емес  өндірістер  үшін  роялти  ставкасы 

әдетте 1-6% аралығын құрайды. Сонымен қатар, роялти ставкалары зияткерлік 

меншіктің  объектісі  болып  табылатын  зияткерлік  қызметтің  нәтижесінің 

шығармашылық  деңгейіне  сәйкес  бөлінеді.  Осыған  сәйкес,  революциялық 




 

43 


деңгей  ұзақ  уақыт  бойы  сезіліп  жүрген  қажеттілікті  қанағаттандырып, 

өндірістің жаңа саласын құрады. Бастысы, жетілдіру қолданыстағы өнім немесе 

қызмет  өндірісінде  айтарлықтай  артықшылықты  қамтамасыз  етеді.  Кішігірім 

артықшылықтың  өзі  қолданыстағы  өнім  немесе  қызмет  өндірісінде 

артықшылық береді.  

Осылайша,  роялтиден  босату  әдісі  бағалаушыға  кәсіпорынның  жалпы 

кірістеріне  материалды  емес  активке  жатқызылатын  ақша  қаражаттарының 

ағындарын  бөліп  алуға  мүмкіндік  береді.  Роялти  көлемі  компания  түсімінің 

ағымдағы  құнымен  байланыстырылуы  мүмкін,  бұл  жағдайда  роялти  төлемінің 

алынған  құны  капиталдандырылуы  тиіс;  алынған  мән  материалды  емес 

активтің  құнымен  теңестіріледі.  Егер  кіріс  сомасы  уақыт  өте  келе  өзгеретініне 

негіз  бар  болатын  болса  (мысалы,  нарыққа  жаңа  шыққан  тауарлар  үшін, 

өндірісі  тоқтатылып  жатқан  тауарлар  үшін  және  т.б.),  осы  материалды  емес 

активті  қолдана  отырып  сатылатын  өнімдерден  түсетін  түсімді  болжау  қажет, 

бұған  қоса,  алынған  төлемден  дисконттау  ставкасының  көмегімен  ағымдағы 

уақытқа  келтірілуі  керек  және  бағаланып  отырған  материалды  емес  активтің 

құнымен дисконтталған роялти төлемдерінің сомасы теңестіріледі. 

Роялти ставкасының мәні сәйкес салалық көрсеткіштер арасында брендті 

қолдануға  лицензия  сатылған  жағдайға  байланысты,  ұқсас  компаниялар 

ставкасына, брендтер ставкасына, мәміле шарттарына байланысты және т.б. ең 

ықтимал  ставканы  таңдау  арқылы  сарапшылық  жолмен  анықталады.  Көбінесе 

статистика салық салынғанға дейінгі операциялық пайдадан есептелетін роялти 

ставкаларына  ие;  сондай-ақ  сатылған  өнімнің  ақшалай  және  натуралды 

көлеміне  байланысты  ставкалар  да  болады.  №5  кестеде  түрлі  салалардың 

роялти ставкалары мысал ретінде көрсетілген. 

 

5 - кесте - Салалық роялти мәндері 



 

Роялти ставкасы қолданылатын объектілер 

Роялти мәндері, % 

Авиация өнеркәсібі 

6-10 

Автомобиль өнеркәсібі 



1-3 

Құрал-жабдық индустриясы 

3-5 

Металлургия өнеркәсібі 



5-8 

Ескерту - [8] ақпарат көзіне негізделіп құрастырылған 

 

Түсімдер  әдісі.  Бұл  әдіс  алдыңғы  табыс  әдістерімен  алынған  соманы 



растау  үшін  қолданылады.  Әдісті  қолдану  кезінде  компания  өзінің  тауар 

белгісімен  (брендімен)  белгілі  болғандығынан  түскен  табыстың  бір  бөлігі 

анықталады.  Мысалы,  ол  брендінің  арқасында  ұқсас  компанияларға  қарағанда 

өнімдерді көбірек сатады. Ары қарай, белгілі ақша ағымдарын дисконттау әдісі 

бойынша тауар белгісінің құны анықталады. 

Бұл  әдіс  бойынша  бренд  құндылығын  бағалау  үшін  брендті  қолдану 

кезінде тікелей пайда болатын кірісті есептеу қажет. Қазақстанның кондитерлік 

нарығын талдауда «РАХАТ» компаниясының өнімдерінің құны бренд әсерінен, 




 

44 


орта  нарықтық  бағадан  5%-ға  артық  екендігі  көрсетілген  [21].  Компания 

стратегиясына  сәйкес,  алдағы    жылда,  пессимистік  сценарий  жағдайында, 

жылына  3%,  ең  ықтимал  нұсқасы  -    5  %,  оптимистік  сценарий  бойынша  – 

жылына 10% өседі деп болжануда. Бренд құнының есебі танымал сауда белгісін 

қолдану  кезінде  компанияда  туындайтын  артықшылықтарға  байланысты 

болашақ пайданы бағалауға негізделеді. 2017 жылы  «РАХАТ» компаниясының 

брендімен жиналған кірісті есептейік: 

 

Бренд  көмегімен  жиналған  кіріс  =  таза  табыс  *  брендті  пайдалану 



әсерінен орта нарықтық бағалардан %-дық асым                                                  (3) 

 

Бренд көмегімен жиналған кіріс = 6 623,009 млн. тенге * 0,05 = 331,15045 



млн.тг  

Дисконттау  ставкасын  таңдау:  оптимистік  нұсқа  25%,  ықтимал  нұсқа 

30%,  пессимистік  нұсқа  35%  .  Оқиғалардың  үш  нұсқасына  болжанған  кірістер 

кестесін құрайық (кесте №6, №7, №8).  

 

6 - кесте - Оптимистік нұсқа (өсім 10%) 



 

Көрсеткіштер 

2018 

2019 


2020 

2021 


2022 

Табыс, млн. тг 

7 285,3099 

8 013,84089 

8 815,22498 

9696,74748 

10 666,4222 

25% ставка бойынша 2022 жылғы табысқа реверсия 

44 477,5454 

Ақша ағымы 

7 285,3099 

8 013,84089 

8 815,22498 

9696,74748 

10 666,4222 

Ағымдық 


құн 

коэффициенті 

0,8 

0,64 


0,512 

0,4096 


0,32768 

25%  ставкадағы 

ақша  ағымының 

ағымдық құны 

5 828,25 

5 128,86 

4 513,39 

3 971,79 

3 495,17 

Барлығы: 22 937,46 млн. тг 

Ескерту - цифрлар авторлармен есептелген 

 

7 - кесте - Ықтимал нұсқа (өсім 5%) 



 

Көрсеткіштер 

2018 

2019 


2020 

2021 


2022

 

Табыс, млн. тг 



6 954,1594

7 301,86742 



7 666,96079 

8 050,30883 

8 452,82427 

30% ставка бойынша 2022 жылғы табысқа реверсия 

38 426,12076 

Ақша ағымы 

6 954,15945  7 301,86742 

7 666,96079 

8 050,30883 

8 452,82427 

Ағымдық құн 

коэффициенті 

0,769 

0,5917 


0,4552 

0,3501 


0,2693 

30% ставкадағы 

ақша ағымының 

ағымдық құны 

5 349,35 

4 320,63 

3 489,74 

2 818,64 

2 276,59 

Барлығы: 18 254,95 млн. тг

 

Ескерту - цифрлар авторлармен есептелген 



 

 



 

45 


8 - кесте - Пессимистік нұсқа (өсім 3%) 

 

Көрсеткіштер 



2018 

2019 


2020 

2021 


2022

 

Табыс, млн. тг 



6 821,69927 

7 026,35025 

7 237,14076 

7 454,25498 

7 677,88263 

35% ставка бойынша 2022 жылғы табысқа реверсия 

 

Ақша ағымы 



6 821,69927 

7 026,35025 

7 237,14076 

7 454,25498 

7 677,88263 

Ағымдық құн 

коэффициенті 

0,74 


0,5487 

0,4064 


0,3011 

0,2230 


35% 

ставкадағы 

ақша 

ағымының 



ағымдық құны 

5 053,11 

3 855,34 

2 941,48 

2 244,24 

1 712,27 

Барлығы:  15 806,44 млн. тг

 

Ескерту - цифрлар авторлармен есептелген



 

 

Осылайша, «РАХАТ» компаниясы брендінің нарықтық құны   15 806,44 - 



22 937,46 млн. тг аралығында жатыр. 

Бұл  әдістің  тағы  бір  аналогы.  Кәсіпорынның  акциялары  туралы 

мәліметтер  болған  жағдайда  пайдадағы  артықшылықтар  шамасы  компания 

акциясының  нарықтық  құнының  «таза»  пайдаға  қатынасы  коэффициентіне 

көбейтіледі.  Сарапшылардың  пікірінше,  нәтиже  жоғары  дәлдікпен  брендтің 

нарықтық  бағасына  (сауда  белгісі)  сәйкес  келуі  керек.  Бұл  коэффициенті 

қолдану  бренд  және  сауда  белгілерін  бағалау  үшін  ғана  емес,  сондай-ақ 

бизнесті бағалау үшін де қолданылады. 

Әдістің  кемшілігі  кіріс  үлесінде  дәл  сауда  белгісіне  келетін  артық 

түсімдерді  есептеудің  қиындығында.  Сондықтан,  бұл  әдіс  алдыңғы  екі  әдіс 

бойынша анықталған нұсқаулар болмаған кезде қолданылмайды [7]. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет