39
коэффициент. 0,5-0,9 шегінде өзгеруі мүмкін, экономикалық эффектке тәуелді
және сарапшылық жолмен анықталады;
К
ж и н .
t
— кәсіпкерлік пайданы есепке ала отырып, шығындарды
жинақтау коэффициенті;
К
и
t
— есептік кезеңге келтіру арқылы әр түрлі уақыттағы бағалауларды
индексациялау коэффициенті.
Бұл әдісті «РАХАТ» компаниясының брендін бағалауда қолдануға
болады. Есептеулерде пайдаланылатын деректер №2 кестеде және 1-қосымшада
көрсетілген:
2 - кесте - Шығындық тәсілмен есептеуге керек деректер
Көрсеткіш
Мағынасы
Ескерту
1. 2017 жылы сауда белгісін әзірлеу
және тіркеуге кеткен шығындар
483 212,8 тенге
Алматы қ. маркетингтік
компанияларының деректері
бойынша
2. 2017 жылы сауда белгісімен
таңбаланған тауардың жарнамасына
кеткен шығындар
5 641,1213 млн.
тенге
Таза түсімдердің 10%-ы
3. Сауда белгісінің құнына кіретін,
жарнамаға кеткен шығындар үлесін
анықтайтын коэффициент
0,7
Ұсынылатын мән
0,5-0,8
4. Таңбаланған өнімдерге қатысты жаңа
технологиялар мен инновацияларды
дамытуға кеткен шығындар
3 948,78491 млн.
тенге
Таза түсімдердің 7%-ы
5. Сауда белгісінің құнына қосылған
өнімдердің сапасы мен технологиялық
деңгейін жаңартуға кеткен шығындар
үлесін анықтайтын коэффициент
0,7
Ұсынылатын мәні
0,5-0,9
6. Кәсіпкерлік пайданы есепке ала
отырып, шығындарды жинақтау
коэффициенті
5
Ұсынылатын мәні
3-5
7. Есептік кезеңге келтіру арқылы әр
түрлі уақыттағы бағалауларды
индексациялау коэффициенті.
1,0
Барлық деректер 2017
жылға келтірілген
Ескерту - цифрлар сарапшылық, авторлармен құрастырылған
Сәйкесінше, деректерді формулаға (№2 кесте) қойып, келесі мәнді
аламыз:
Қ
с.б.
=(483 212,8 + 5 641,1213 млн.* 0,7 + 3 948,78491 млн. * 0,7) * 5*1 =
33 567,0878 млн. тг
Осылайша, шығындық тәсілмен анықталған «РАХАТ» компаниясының
брендінің құны 33 567,0878 млн. теңгені құрайды.