Физикалық практикум


Лабораториялық қондырғының сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет76/113
Дата12.04.2022
өлшемі3,87 Mb.
#30798
түріПрактикум
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   113
Байланысты:
annotation88215

14.4. Лабораториялық қондырғының сипаттамасы  
 
Қондырғының барлық бөлшектері арнайы жасалған оптикалық орындық, рейтерлерден, 
лазерлі  қорек  көзінен,  Френель  бипризмасынан,  оптикалық  осте  бипризманы  жылжытуға 
арналған штативтен, линзадан және экраннан тұрады.  
15.4.1.  құрылғының    оптикалық  схема  элементтері  орналастырылатын  орындығы 
1200мм  құрайды.  Орындық  бойына  рейтерлердің  орналасуын  анықтайтын  миллиметрлік 
шкала орналастырылған. 
15.4.2. рейтерлер 21 және 23 диаметрі сәйкесінше 15 және 23 мм болатын құрылғының 
құрылымдық бірліктерінің орналасуына қызмет етеді. 
15.4.3.  ұстағыш  ОКГ  24  лазердің  орындықта  орнығуына  және  лазерлік  сәуленің 
оптикалық ось бойына қатысты юстировкалануына арналған. 
15.4.4.  экран  31  интерференциялық  картинаны  бақылауға  және  өлшеуге  арналған. 
Экран бөлік құны 1 мм болатын вертикаль және горизонтальды шкаласы бар ақ тегістелген 
беттен тұрады. 
15.4.5.  линза ұстағышы 40 және 51 ішкі диаметрі 75 және 45 мм болатын жарты сақина 
түрінде жасалған және ол рейтердегі линзаны орнықтыруға арналған. 
15.4.6.    қапталған  Френель  бипризмасы  сындырушы  бұрышы 
 тең.  Бипризма 
сындыру  көрсеткіші  n=1,5183  болатын  К-8  әйнектен  жасалған.  Бипризма  қабы  құрылғы 
штативінің тіреуіне орныққан. 
15.4.7.  Қондырғыда  пайдаланылатын  саңылау  өзгермелі.  Оның  ені  0-4  мм 
аралығындағы  жұмыстарды  орындауға  негізделген.  Саңылау  жазықтығы  мен  тіреу 
арақашықтығы 9 мм. 
 
 
 
 


113 
 
 
14.5-сурет. Жарық толқынының ұзындығын Френельдің бипризмасының көмегімен 
анықтауға арналған қондырғының жалпы көрінісі. 
1-  жарықтандырғыш  фонарь  ОИ-19,  2-жарық  фильтрі,  3-саңылау,  4-саңылаудың  енін 
өзгертуге арналған винт, 5-арнайы құрсауға орналастырылған бипризма, 6-арнайы құрсауға 
орналастырылған линза, 7-окулярлық микрометр, 8-рейтер, 9-үшқырлы оптикалық орындық, 
10-шкала,  11-ажыратқыш  тумблер,  12-реостаттың  сабы,  13-кернеуді  төмендеткіш 
трансформатор.  
 
 
14.6-сурет. МОВ-1-15* окулярлық микрометрдің жалпы көрінісі: 
1-окулярдың  венчигі,  2-микрометрлік  винттің  барабаны  (айналдырушысы),  3-
микрометрді бекітуге арналған сақина, 4-белгілі жағдайда ұстап тұрушы винт. 
Қондырғыдағы  МОВ-1-15*  (6-сурет)  оптикалық  микрометрдің  негізгі  элементтері: 
диоптриялық  бағыттағышпен  жабдықталған  үлкейту  15  еселік  компенсациялық  окуляр  1 
және  есеп  жүргізетін  тетік.  Қондырғының  есеп  жүргізуге  бейімделген  тетігін  кескіннің 
айқын көрінуіне бағыттау окуляр венчигі арқылы іске асырылады. Бағыттағыштың шектері 
5
 диоптрий.  Окулярдың  фокальдық  жазықтығына  есеп  жүргізуге  арналған  тетік 
орналасқан:  бір бөлігінің құны 1 мм болатын қозғалмайтын шкала бар;  шкала бетіне бірін-
бірі  көлденең  кесіп  өткен  сызығы  бар  жылжымалы  тор  орналасқан  және  шкала  деңгейіне 
орналасқан  екі  индекс  сызықша  бар.  Осы  айтылған  тетіктердің  орналасуы  14.7-суретте 
көрсетілген. 
Қаралатын  объектілер-интерференциялық  бейнелер  де  және  жалған  жарық  көздерінің 
кескіндері  де  оклярдың  фокальдық  жазықтығына  орналасатын  болады.  Сондықтан  көруге 
дайындалған окулярдың көріну өрісінде бейнелер де және есеп алуға арналған тетік те айқын 
көрінетін  болады.  Санақ  жүргізуге  бейімделген  жылжымалы  тор  мен  дәл  өлшейтін 
микрометрлік  винт  өзара  байланысты.  Ол  байланыс  бойынша,  бұдырланған  барабан  винтті 
бұраған  кезде,  қозғалмайтын  шкаламен  салыстырғанда  бірін-бірі  көлденең  кесіп  өткен 
сызықтар және екі индекс сызықша окулярдың көріну өрісінде қозғала бастайды. 
Барабан  винтінің  2  белгісін  толық  бір  айналдырғанда  (6-сурет)  айқасқан  сызықшалар 
қозғалмайтын  шкаланың  бөлігіне  орын  ауыстыратын  окулярдың  көріну  өрісінен  көруге 
болады. Винттің барабаны біркелкі болып 100 бөлікке бөлінген. Демек барабандағы бір бөлік 
құны  (негізгі  қозғалмайтын  шкаланың  бір  бөлігінің  құны  1мм  болатындығы  жоғарыда 
ескертілген). 


114 
 
Окулярлық  микрометрдің  көмегімен  алынатын  өлшеу  нәтижесі  қозғалмайтын 
шкаладан  және  айналатын  винт  барабанынан  алынады.  Нәтиженің  бүтін  санының  мәні 
барабандағы белгінің көрінуіне сәйкес қозғалмайтын шкаланың нөлінен бастап саналады. 
Нәтиженің  бүтін  саннан  кіші  саны  (бөліктері)  барабандағы  индекске  сәйкес  келетін 
шкала  бойынша  анықталады.  Окулярлық  микрометр  негізгі  тіреуге  сақина  3  көмегімен  4 
винтпен орнықтырылады.  
 
14.7-сурет. МОВ-1-15* микрометр окулярының көру өрісіндегі 
    есеп алуға бейімделген тетіктің көрінісі 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет