Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет50/141
Дата14.04.2022
өлшемі2,02 Mb.
#30976
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   141
Байланысты:
Қазақ әдебиеті 8 сынып

1-тапсырмаӨлеңде айтылған ойға сипаттама бе ріңдер. 
2-тапсырма.  Берілген  өлең  жолдарын  пайдалана  отырып,  шығар маның 
идеясын дәптерлеріңе қорытып жазыңдар. 
3-тапсырма.  Шығармада  баяндалатын  оқиғалар  тізбегіне  назар  аудара 
отырып, авторға мінездеме беріңдер. 
4-тапсырма.  «Жерсіз  –  ел  жетім...»  тақырыбында  өз  ойларыңды  баян
даңдар. Өлеңнен дәлел тауып, мағынасын түсіндіріп беріңдер. 
5-тапсырма. Өлең құрылысына қарай талдап, дәптерлеріңе жазыңдар.
6-тапсырма.  Төмендегі  үзіндіні  пайдалана  отырып,  ел  болашағын  қор
ғаудағы  Махамбет  Өтемісұлының  еңбегі  туралы  білгендеріңді  айтып 
беріңдер. Мұғалімнің кеңесін басшылыққа алыңдар. 
Ойды алған үш Оймауыт, тоғыз Тортай,
Кең қоныс мұсылманға қалынбады.
Үш қиян – жеті жұртты тоздырған жер,
Жер үшін қайыры жоқ тарылмалы.
Шекшекей, Құтым қашып, Әбенді ұстап,
Ерлерге ерегіскен не қылмады?!
Бір қазақ еркек болса Махамбеттей,
Мұны да аңсыз күні жазымдады.
7-тапсырма.  Өлеңдегі  көріктеу  құралдарын  таба  отырып,  олардың 
қолданылу ерекшелігіне мән беріңдер: 
Бұ қоныс – жеті жұрттан қалған қоныс,
Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


57
Қазтуған, Асанқайғы, Орақ, Мамай,
Біз түгілі осыларды да алған қоныс.
Бұ қоныс – жеті жұрттың кеткен қоныс,
Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.
Кемелсіз қонған елін көп тоздырған,
Қайырсыз осы секілді неткен қоныс?
Әуелде құтты болса неге кетті,
Еңіреп Қазтуғанның көшкен қоныс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет