8-тапсырма. Поэмада баяндалғантарихи оқиғадағы бата бұзу ұғымына
мән бере отырып, оқиғаны қорытып, эссе түрінде жазыңдар.
9-тапсырма. Берілген шығарма идеясын «Қыз Жібек» лироэпостық жыры
мен салыстыра отырып, дәптерлеріңе жазыңдар.
«Еңлік–Кебек» «Қыз Жібек» Еңлік кім?
Жібек кім?
Кебек кім?
Төлеген кім?
Қалай табысты? (атастыру, қыз айттыру т.б.)
Атаанасының батасын алды ма?
Оқиға соңы немен аяқталды?
10-тапсырма. Поэмадағы ойлардың бүгінгі құндылығына зер салыңдар.
Атаана разылығы, ел тыныштығы дегенді қалай түсінесіңдер? Өз ойла
рыңды баяндап беріңдер. Мәтінді тыңдаңдар. Берілген уақыт ішінде тапсырмаларды орын
даңдар.
Эллипсис – грек тіліндегі elleipsis – сөз тастау, қысқарту, кеміту
деген сөзден шыққан термин. Яғни жазушы, немесе ақын белгілі
бір ойды ерекше етіп көрсеткісі келсе, сөйлемнен сөздерді алып
тастап, көп нүкте арқылы білдіреді. Эллипсис сөйлемнің, ойдың
ықшамдылығын, әсерлілігін, өткірлігін арттырады. Эллипсисті сөй
лем дердегі түсіп қал ған сөздердің мәні белгілі болады. Мысалы, Жау
келіп қалды... – келіп қалды. Эллипсис адамдардың бірбірімен сөй
лесу барысында, диалог түрінде көбірек қолданылады.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
80
1. Естіген үзіндіні тыңдай отырып, дәптерлеріңе адам есімдері мен ру атта
рын теріп жазыңдар.