Зерттеу мақсаты кәсіптік білім беру ме-
кемелерінің мұғалімдерінің ғылыми-әдісте-
мелік жұмысын жетілдіру болып табылады.
Зерттеу міндеттеріне кәсіптік білім беру ме-
кемелеріндегі «ғылыми-әдістемелік жұмыс»
ұғымын нақтылау, кәсіптік білім беру меке-
мелерінің ғылыми-әдістемелік жұмыс жүй-
есін сипаттау және оны жетілдіру жолдарын
анықтау, мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік
жұмысына қойылатын талаптарды анықтау
жатады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық не- гіздерін жалпы байланыс, өзара шартта-
су, әлемнің дамуы мен тұтастығы туралы,
тұлғаның біртұтас жүйе ретіндегі әлеуметтік,
іс-әрекет және шығармашылық мәні тура-
лы философиялық ережелер құрайды және
де төмендегі зерттеу әдістер қарастырылды:
жалпы теориялық (талдау, синтез, салыстыру,
жалпылау, жүйелеу, топтастыру және т. б.);
айқындаушы (мұғалімдер қызметінің мазмұ-
нын талдау, мұғалімдердің практикалық және
әдістемелік іскерліктерін талдау, кәсіптік оқы-
ту және әдістеме бойынша мұғалімдердің
теориялық білімдерін талдау); эксперимен-
талды-диагностикалық (озық педагогикалық
тәжірибені жинақтау, сауалнамалық әдістер
— әңгімелесу, сұхбат, сауалнама жүргізу,
бақылау, тестілеу және т. б.); болжамдық (пе-
дагогикалық модельдеу).