ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Педагогика. Психология. Социология BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Pedagogy. Psychology. Sociology Series би және жеке проблемаларды шешудің
шығармашылық әдістерін меңгеріп, жеке
құндылықтар әлемін тұрғызуы қажет. Л.Н.
Куликованың пікірінше, педагогтың жеке ру-
хани-адамгершіліктік даму қажеттілігі мен
оның жеке әлеуетінің әрдайым өсуі бірін-
ші орынға шығады. Мұғалімнің жеке-кәсіби
өзін-өзі дамытуы жоғары деңгейде болуы қа-
жет, сонда ғана ол білім беруді жаңартудың
негізгі қайнар көзі болып табылады. Осыған
байланысты, педагогикалық үдерістің субъ-
ектілерінің өзін-өзі дамытуына әсер ететін
техникалық және кәсіптік білім берудің ғылы-
ми-әдістемелік жұмысының сондай жүйесін
құру қажеттілігі туындайды [7]. Екінші кесте-
де ғылыми-әдістемелік жұмыстың мақсатта-
ры мен мазмұны сипатталған.
Сондықтан ғылыми-әдістемелік жұмыс екі
түрлі жағдайда анықталады. Біріншіден, оқу
орнының сәйкес нормативтік-ұйымдық база-
сы болуы қажет (ғылыми-зерттеуге, тәжіри-
белік-эксперименттік жұмысқа, ғылыми-әді-
стемелік кеңеске, эксперттік комиссияға,
қызмет моделіне, жоғары оқу орындарымен
ынтымақтық келісім-шартқа, білім беру және
ғылыми-әдістемелік орталықтарына және
т.б.). Екіншіден, сәйкес органдардың қызметін
басқаратын ғылыми-әдістемелік жұмыстың
тиімді ұйымдастырушылық-функционалды
құрылымын құру қажет (ғылыми-әдістемелік
кеңес, эксперттік комиссия, студенттік ғылы-
ми қоғамының кеңесі, кафедралар және ла-
бораториялар және т.б.). Сонымен бірге әр
құрылымның қызметінің мазмұны мен жа-
уапкершілігін, құқықтарын, өкілеттіктерін
нақты анықтап қою қажет.
Зерттеу барысында біз кәсіптік білім беру
мекемелерінің оқытушыларының тұлға-
лық-кәсіби қалыптасуының табыстылығы-
на әсер ететін ғылыми-әдістемелік жұмыс
факторларын анықтадық. Ішкі факторлар
кәсіптік білім беру мекемелерінің миссия-
сы, оны басқару ресурсы мен инновациялық
әлеуеті, ұйымдастыру мәдениеті және тағы
басқа субъектілік-тұлғалық факторлар педа-
гогтардың құндылықтық бағдарын, өзін-өзі
жетілдіруге деген мотивация деңгейін, жеке
тұлғалық мағынасы бар өз қызметінің мақса-
ты туралы түсінігін көрсетеді.
Ғылыми-әдістемелік жұмыс – бұл ғылым
мен педагогикалық озат тәжірибе жетістік-
теріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы
жағдайына сүйене жүргізілген, өзара бай-
ланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі,
ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілі-
гін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға
бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби
білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетіл-
діру шараларын басқаруды қоса) шаралар,
педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік
шамасын дамыту және арттыру, сайып кел-
генде, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты
оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгей-
іне жеткізу.
Ғылыми-әдістемелік жұмыс – педагог кадр-
лардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік,
мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша
ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін
қосатын кешенді және шығармашылық даму
үрдісі. Ол – оқу-тәрбие жұмысын басқару,
мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени
рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы
мен нәтижесінде талап қоя білудің маңыз-
ды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды,
тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру,
бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін
жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік
пен дағдыны қалыптастыратын болады. [8].
Білім беру жүйесін реформалау жағдай-
ында ғылыми-әдістемелік жұмыс ерекше
құндылыққа ие. Өмірде табысты бола алатын
заманауи ойлайтын адамды жоғары кәсіби
шеберлікке ие мұғалім ғана тәрбиелей алады.
«Кәсіби шеберлік» ұғымына пәндік, дидак-
тикалық, әдістемелік, психологиялық-педа-
гогикалық білім мен іскерлік қана кіріп қой-
майды, сонымен қатар кәсіби құндылықтар
жүйесін қамтитын педагогтың жеке әлеуеті
де кіреді. Жалпы білім беретін мекемелерін-
дегі әдістемелік қызметке жоғарыда аталған-
дардың барлығы бағытталады. Ең маңызды-
сы бұл үдерістің ары қарай жетілдірілуінде
педагог қызметі ең белсенді субъект болуы
қажет. Осының өзі көп түрлі ғылыми-әдісте-
мелік жұмысты кешенді қарастыру қажеттілі-
гін туындатады. Ғылыми-әдістемелік жұмыс
көптеген маңызды қызметтерді атқарады.