Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет50/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60
Байланысты:
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Саяси процестің 
кезеңдері және 
типологиясы
Саяси процесс 
үгымы, оның мәні, 
құрылымы


біріншісі-мемлекеттік  мекемелер,  партия  органдары,  қоғамдық  ұйымдар  мен 
қозғалыстардың  белгілі  бір  құрылымдары  арқылы  жүзеге  асады.  Мұнда 
мемлекет  аппаратына  қарасты  тексеру,  қадағалау  қызметтері,  партиялық 
бақылау,  ресми  баспасөз  органдары  енеді.  Екіншісінде,  саяси  жүйенің 
жұмысына  бақылау  жасауға  барлық  азаматгардың  қатысуына  мүмкіндік 
жасалады.  Мұның  екінші  атауы  -   «төменнен  бақылау».  Бұл  үшін  қоғам 
демократиялық жолмен дамуы керек.
Сонымен  саяси  процесс  дегеніміз  -   әлеуметтік  қауымдастықтың,  саяси 
ұйымдар мен топтардың,  белгілі бір  саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған 
іс-әрекетінің  нәтижесінде  қоғамның  саяси  өмірінің  бір  қалыптан  екінші 
жағдайға келіп өзгеруі, қозғалуы.
Саяси процесс жіктеліп,  топталады.  Саяси  еркіндікті  іске  асыру объектісіне 
қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді.
Ішкі  саяси  процесс  азаматтардың  саяси  белсенділігінің тарихи қалыптасқан 
түрлерінен,  олардың  іс-әрекетінен,  билік  құрылымының  ұйымдасуынан  және 
т.  б.  белгілі  болады.  Олар азаматтарды саяси іске тарту, жұмылдырудың амал- 
әрекеттерін,  басқару  түрлерін  айқындайды.  Саяси  ұйымдардың  жаңа  талап- 
тарға  сай  жұмысын,  құрылымын  өзгертіп,  бейімделе,  икемделе  білуі  оның 
әлеуметтік  ортаға  етер  ықпалының  деңгейін  көрсетеді.  Саяси  билікті 
ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай демократиялық және антидемократия- 
лық саяси  процесс  етіп  бөледі.  Демократиялық түрінде халық (тікелей немесе 
өкілдері  арқылы)  билейді.  Антидемократиялық  процесте  билік  авторитарлық 
көсем,  монархтың,  бір  билеуші  партияның,  әскери  топтың  қолында  болады. 
Атқаратын  қызметінің  жариялылығы  бойынша  ашық  және  жасырын  саяси 
процесс деп топтастырылады.  Ашығында азаматтар, топтар  билік институтта- 
рымен үздіксіз кездесіп, мақсат-мүдделерін білдіріп отырады. Билік органдары 
қоғамдық  пікірді  зерттеп,  саралап,  олардың  талаптарын  ескеріп,  соған  орай 
саяси  бағытына  түзетулер  енгізеді.  Жасырын  түріне  тоталитарлық  тәртіпті 
жатқызуға  болады.  Онда  бүкіл  билік  орталықтың  қолында,  жергілікті  жердің 
мүддесімен  санаспайды,  стратегиялық  мәні  бар  саяси  шешімдерді  қабылдау- 
дан  шеттетіледі.  Адамдардың  барлық  өмірі  қатаң  бақылаудың  астына  түсіп, 
еркіндіктері мен бостандықтары шектеледі.
Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне,  билік субъекті- 
лерінің  қызмет  ықпалдылығы  және  өзара  қатынастарының  тиянақтылығына 
байланысты саяси процесс тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді.
135


Тұрақты жағдайда билік институттары сенімді жұмыс істейді,  азаматтар да 
саяси  іске  белсенді  қатынасады.  Саяси  шешімдер  дәстүрлі  демократиялық 
жолмен  қабылданады.  Әлеуметтік  түсінбеушілік,  кикілжіңдерді  азаматтық 
ұйымдар  өздері  реттейді.  Мемлекет  олардың  ісіне  араласа  бермейді.  Жалпы 
халықтың  жағдайы  жақсы  елде  заңды  тәртіп  орнайды.  Көпшілік  жұрт  билік 
институттарының іс-қимылына қанағаттанғандықтан қабылдайды.
Тұрақсыз  жағдай  әдетте  қоғам  өмірі  күйзеліске  ұшырап,  тығырыққа 
тірелген тұста пайда болады,  Оған халықаралық қатынастардағы шиеленістер, 
соғыстағы  жеңіліс,  өндірістің  ұзақ  уақыт  құлдырауы,  көпшілік  халықтың  әл- 
ауқатының  нашарлап,  төмендеуі  және  т.с.с.  әлеуметтік  кикілжіңдер  себеп 
болады. Қайшылықтардың күшейіп, асқынуы, дер кезінде шешілмеуі көпшілік 
жұрттың  наразылығын  тудырады.  Мұндайда  саяси  бағытты  өзгертуге  тура 
келеді.  Оны реформалық және революциялық жолмен жүзеге  асыруға болады. 
Реформада  жаңа  заң  актілері  арқылы  сол  қоғамның  шеңберінде  өзгерістер 
енгізіледі.  Онда  алға  қойған  мақсатқа  ақырын,  кейде  бірнеше  кезең  арқылы 
жетеді,  өзгерістер біртіндеп жасалады. Революция -  қоғамдағы биліктің,  саяси 
жүйенің  толық,  түбегейлі  өзгеруі.  Ол  әлеуметтік-саяси  өмірдің,  терең 
дағдарысынан  туады.  Мемлекет  басындағы  топтар  өздігінен  билікті  бере 
қоймайтындықтан  онда күштеу,  зорлау  кең  орын  алады.  Саяси  жүйеге  ықпал 
жасау  үшін  көтеріліс  те  жасалады.  Оны  ұйымдастырушылар  алдына  белгілі 
бір  мақсат  қояды.  Саяси  өмірде  бүлікшілік  (бунт)  те  кездеседі.  Ол  саяси 
үстемдік  етуші  топтың,  мемлекет  органдарының  шектен  тыс  іс-әрекетіне 
жауап  ретінде  тууы  мүмкін.  Көтеріліспен  салыстырғанда  ол  ұйымдаспаған, 
стихиялы түрде келеді, анық-айқын мақсаты болмайды.  Қатысушылар саны да 
азырақ,  ұрандары не тым  кең  көлемді,  не тым тар шеңберлі.  Бір топ  адамның 
мемлекеттік  төңкеріс  жасау  мақсатымен  жасаған  іс-әрекетін  бүлік  (путч) 
дейді.  Оны  көбіне  әскери  топ  өз  диктатурасын  орнату  үшін  пайдалануға 
тырысады.  Ол  халықтан  қолдау  таппайды  және  оның  орын  алған  жағдайды 
терең түйсінетін бағдарламасы болмайды.
Адамдар  саяси  процесске  екі  түрде  қатысады. 
Біріншісінде, саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін 
өкілдік  органдар  арқылы,  екіншісінде,  азаматтардың 
тікелей  қатысуы  арқылы  саяси  билікке  әсер  етеді.  Өкілдік  органдар  арқылы 
қатысқанда  өз  араларынан  заң  қабылдайтын  және  күнделікті  мемлекетті 
басқару қызметін  атқаратын  адамдарды  сайлайды.  Олар  белгілі  бір  мөлшерде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет