Саяси процесс дегеніміз - саяси оқиғалардың
бірізді ішкі байланыс, әр түрлі саяси жеке адамдардың
саяси өкіметті қоғамда ұстап қалу үшін өзіндік бірізді
әрекеті. Саяси процесс ұғымы кең және тар мағына-
сында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт
пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті
нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.
Саяси процестің өмірге келуі белгілі бір ойдан, идеядан туындайды да оның
теорияға айналуына процестің субъектісі (үкімет, жетекші және т.с.с.) оны
теория дәрежесіне жеткізеді. Процесс элементтерінің өзара сәйкестілігі
анықталады. Олардың билік субъектісі мен мақсат-міндеттері, әдіс-тәсілдері
арасындағы үйлесімділік болуы керек. Орындаушылардың алға қойған
талаптарына жауап бере алуымен қатар, олардың жеткілікті қаржылары болуы
керек. Саяси процестің әрбір кезеңі мұқият ойластырылғанда ғана табысты
болады.
Қоғамдық өмірдің бір саласы - саяси өмір. Саяси өмір саяси байланыстың
қарапайым нысаны саяси қатынастардан көрінеді. Онда өмір сүріп жатқан
топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері кейде үйлесіп, кейде
келіспей жатады. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші
жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл
процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны
бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың
қызметін бақылауға және т. с. с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін
арттыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі -
азаматтардың әртүрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім
қабылдауда және оны іске асыру.
Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін
бірнеше кезеңге бөлуге болады:
1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау.
2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.
Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетің бақылау-екі жолмен жүргізіледі:
134
Достарыңызбен бөлісу: