Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері


ДӘРІС 15. Вирустар және бактериофагтар



Pdf көрінісі
бет75/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ МИКРОБ КАЗ (1)

    ДӘРІС 15. Вирустар және бактериофагтар. 

  Вирустар-дезоксирибонуклеин  қышқылынан  құралған  нуклеопротеидтерден,  сондай-ақ 

ферментті  нәруызбен  қапталған  қабықшадан  –

кабсидтерден т

ұрады.  Бұл  қабықша 

вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан 

корғайды.  Кейбір  вирустардың  құрамында  нуклеин  қышқылдарынан  басқа  көмірсулар, 

май текті заттар, 

биотин


 (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі 

жасушада  өніп-өсіп  көбеюге  бейімделген.  Электрондық  микроскоппен  300  мың  есе 

үлкейтіп  қарағанда,  оның  пішіні  таяқша  тәрізді,  жіп  тәрізді  немесе  іші  қуыс  цилиндр 

пішінді  болатыны  дәлелденді.  Вирустар  тірі  организмдердің  барлығын  уландырады. 

Қазіргі  кезде  вирустардың  жылы  қанды  омыртқалыларды  уландыратын  500-дей,  ал 

өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. 

Вирустардың  құрылысы  мен  іс-әрекетін  темекі  теңбілі  ауруын  мысалға  алып 

қарастырайық.  Темекі  теңбілі  вирусы  темекі  жапырағындағы  хлоропластарды 

зақымдайды.  Осының  салдарынан  жапырақ  тақтасы  бүрісіп,  шиыршықтанады.  Сонымен 

қатар  тостағанша,  күлте  жапырақшалары  да  өзгереді

. Темекі

 теңбілі  вирусымен 

зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды. 

У.  Стенлидің  дәлелдеуі  бойынша,  темекі  жапырағында  вирус  бөлшектері  алты  қырлы 

кристалл пішінді шоғыр түзеді. 

Бактерияларды  зақымдап,  ерітіп 

(лизис)

  жіберетін  вирустарды  бактериофагтар  деп 

атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың 

пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған 

базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ 

немесе  РНҚ  болады.  Басының  мөлшері  40  нм,  ал  «құйрығының»  ұзындығы  20-22  нм-ге 

тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз 

молекуласынан 

тұратын қуыс түтік. 

Бактериофагтарды алғаш рет 

1915

 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт 



сипаттап  жазғандығы  белгілі.  Бірақ  бұл  тіршілік  иесі  ерте  кезден  зерттеле  бастаған 


болатын. 

Мысалы, 


топалаңды 

қоздыратын 

бактерияларды 

ерітіп 


жіберетін 

бактериофагтарды 

1898

 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш 



сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 

1917 ж


ылы канадалық бактериолог 

Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған. 

 

Вириондардың 



икосаэдрикалық 

құрылымы  

А. 

Липидты 


қабықшасы 

жоқ 


вирус 

(мысалы, 

пикорнавирустар

). 


B. 

Қабыұшасы 

бар 

вирусвирус(мысалы, 



герпесвирустар

). 


Белгілер:  (1) капсид,  (2) геномнды  нуклеин  қышқылы,  (3) капсомер,  (4) нуклеокапсид, 

(5) вирион, (6) липидты қабықша, (7)  қабықшаның мембраналық ақуыздары. 

Зерттеушілер осындай көзге көрінбейтін бактериялардың паразитін егжей-тегжей зерттеп 

жазды да, оларды 

бактерия

«жеушілер» немесе «жалмаушылар» деп атады. 

Бұдан  кейінгі  зерттеушілер  басқа  бактерияларды  ерітіп  жіберетін  табиғатта  көптеген 

бактериофагтардың  бар  екендігін  анықтаған  болатын.  Олар  ауру  қоздырғыш 

бактерияларды ғана жоймай, пайдалы түрлерін де жояды. Бактериофагтар өндіріске, тамақ 

өнеркәсібіне және тағыда басқа көп зиян келтіреді. Мысалы, олар пайдалы 

сүт

 қышқылы 



бактерияларын ерітіп жіберіп, алынған сүт тағамдарының сапасын төмендетеді. 

Вирус  ұғымы  1899  жылы  ғылымға  алғаш  рет  голландиялық  ғалым 

Мартин 

Бейеринк


 енгізді.  1935  жылы  америкалық  вирусолог 

Уэнделл  Стэнли

 вирусты  кристалл 

күйінде  бөліп  алды.  Осы  кристалдарды  сау 

темекі

өсімдігіне  енгізгенде,  ол  теңбіл 



ауруымен  ауыратынын  дәлелдеді.  1898  ж.  неміс  ғалымы 

Фридрих  Лефлер

 сиыр 

аусылының  қоздырғышы  аусыл  вирусын,  ал  1911  жылы  америкалық  ғалым 



Фрэнсис 

Роус


 

тауық


 саркомасының  вирусын  тауып  зерттеді.  Қазіргі  кезде  жылы  қанды 

жануарларда  ауру  тудыратын  вирустардың  бес  жүздей,  ал  өсімдіктерде  үш  жүздей  түрі 

белгілі.  Кейбір  қатерлі  ісік  ауруын  тудыратын  вирустардың  адам  мен  жануарларда 

вирустық  микрофлорасы  қалыптасады.  Вирустардың  пішіні  әр  түрлі  (мысалы,  таяқша, 

иілгіш  жіпше  тәрізді,  сфералық,  көп  қырлы,  тағыда  басқа).  Вирустың  жасушадан  тыс 

(вириондар)  және  жасуша  ішінде  тіршілік  ететін  топтары  бар.  Барлық  вирустар  шартты 




түрде  жай  және  күрделі  болып  бөлінеді.  Жай  вирустар  –  нуклеин  қышқылдары  мен 

ақуызды  қабықтан  (капсид)  тұрады;  бұларға  таяқша,  жіп  және  сфералық  формалары 

жатады.  Күрделі  вирустар  –  нуклеин  қышқылы  мен  капсидтен  басқа,  липопротеидті 

мембрана,  көмірсу  және  ферменттерден  тұрады.  Вириондардың  мөлшері  15  –  350  нм 

(кейбір  жіптәрізді  вирустардың  ұзындығы  2000  нм-ге  жетеді);  негізінен  вирустарды  тек 

электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан 

(ДНҚ  немесе  РНҚ)  тұрады. 

ДНҚ


-да  вирустардың  молекулалық  саны  106  –  200Һ106,  ал 

РНҚ-дағы  вирустардікі  –  106  –  15Һ106  болады.  Вирустардың  көптеген  жылдар  бойы 

тіршілік  ортасында  әрекетсіз  жата  беру  қабілеті  бар.  Олар  дамуына  қолайлы  жағдай 

туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен 

жануарларда  жиі  кездесетін  вирусты  көпшілігі  60ӘС-та  қыздырғанда  тіршілігін  немесе 

ауру  қоздырғыштық  қасиеттерін  жояды.  Ал  темекі  теңбілінің  вирусы  10  минут  бойы 

90ӘС-қа  дейін,  сары  ауру  вирусы  отыз  минут  бойы  80ӘС-қа  дейін  қыздырғанда  ғана 

тіршілігін  жояды.  Вирус  ультракүлгін  сәулелер  мен  химиялық  заттарға  (қышқыл,  сілті) 

төзімді  келеді.  Тотықтырғыш  заттар  вирустың  белсенділігін  жояды,  ал  барлық 

тотықсыздандырғыш  заттар  олардың  тіршілігіне  қолайлы  келеді.  Мысалы, 

полиомиелит 

вирусы


 фенолдың  0,5%, 

күкірт  қышқылы

 аммонийдың  50%-дық  ерітіндісінде  сақтала 

береді.  Ал  тотықтырғыштарда,  мысалы, 

сутек

 асқын  тотығы  немесе  марганецқышқыл 



калий  (1%)  ерітіндісінде  олар  тіршілігін  тез  жояды.  Вирус  көбеюі  бес  сатыға  бөлінеді: 

жасушаға  ену;  жасушада  вирус  нуклеин  қышқылының  құрылуын  қамтамасыз  ететін 

ферменттердің түзілуі; вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; одан вирионның түзілуі; 

ересек  вирустың  жасушадан  шығуы.  Вирус  бактериялар 

клеткасына

 жасуша  қабырғасы 

арқылы  өтсе,  жануарларда 

жасуша


 мембранасы  арқылы  адсорбцияланады.  Өсімдіктерге 

вирус  тек  қана  жасушаның  зақымдалған  жерінен  ғана  ене  алады.  Бір  жасушаны  «іштей 

жеген»  вирустар  көршілес  жасушаларға  ауысып,  барлық  организмді  зақымдап,  ауруға 

шалдықтырады.  Вирустарды  молекулалық 

биология

зерттейді.  Вирустар  нуклеин 

қышқылдарының  гендік  қызметін  ашу  үшін  (

генетикикалық

 кодты 

анықтау) 

пайдаланылады.  Компьютерлік  вирус  –  компьютердегі  мәліметтерді  қасақана  бүлдіру 

мақсатында жазылған арнаулы шағын бағдарлама. Ол өзінен-өзі (автоматты түрде) басқа 

бағдарламалардың соңына немесе алдына қосымша жасырын жазылып, оларды бүлдіруге 

кіріседі.  Кейіннен  дискідегі  немесе  желідегі  мәліметтерді  тасымалдау,  көшіру  кезінде, 

мәліметтерге  ілесе  отырып,  басқа

компьютерлерге

 «ауру 

жұқтырады».  Мұндай 

зақымданған 

бағдарламаны 

пайдаланғанда 

зиянды 


іс-әрекеттер 

байқалады 

(мысалы, 

дискідегі

 файлдардың  орналасу  тәртібі  бұзылады;  кейбір  бағдарламалар  жұмыс 

істемей қалады; экранға әдеттегіден тыс бөтен символдар шығады; компьютердің жұмыс 

істеу  жылдамдығы  баяулайды;  көптеген  файлдардың  бүлінгені  не  жоғалып  кеткені 

байқалады,  тіпті  компьютердің  қатты  дискісін  қайта  форматтап  шығады).  Қазіргі  кезде 

компьютерлік  вирустардың  жүз  мыңдаған  түрлері  белгілі.  Компьютердегі  вирустарды 

анықтап,  оларды  жою  үшін  арнайы  антивирустық  (вирустарға  қарсы)  бағдарламалар 

қолданылады.Оларды дақылдау үшін 3 әдіс қолданады: 

1.  Жасуша дақылында. 

2.  Тауық эмбрионында. 



3.  Жануарлар организмінде. 

Вирустардың облигатты паразитизмнің себебеі оларда жасушалық құрылым мен меншікті 

зат  алмасу  процесі  болмайды.  Дақылдау  әдісін  таңдау  вирустың  мақсатына  байланысты. 

Жасуша  дақылын  алғашқы  (егілетін)  жартылай  егілетін  және  егілетін  деп  бөлінеді. 

Алғашқы  5-10  пассажѓа  тњтеп  беретін  жасуша  дақылы  жатады.  Алғашқы  дақылды 

дайындау  бірнеше  этаптан  тұрады:  ұлпаны  ұсақтау  трипсинизация  жолымен 

жасушаларды  ажырату,  жасушаларды  трипсиннен  ажырату,  біртекті  изоляцияланған 

жасушаларды  қоректік  ортада  суспензиялау  егілетін  бір  қабатты  жасуша  дақылдарын 

қатерлі  және  қалыпты  жасуша  тізбегін  құрайды.  Оларға  қатерлі  ісік  жасушалары, 

адамның,  маймылдың  бүйрегінің  қалыпты  жасушалары  жатады.  Жартылай  егілетін 

дақылдарға  адамның  диплоидты  хромосома  жиынтығын  сақтайтын  жасуша  жүйесі 

ретінде беріледі. Вирустың жасуша дақылында өсуін цитопатиялық эффектісі, жасушада 

қосымшалар түзілуі, теңбіл дақтардың түзілуі бойынша және гемадсорбция феномені мен 

түрлі  түсті  реакция  бойынша  бағалайды.  ЦПҚ-жасушаның  микроскоппен  көрінетін 

өзгерістері.  Қосымшалар  -  арнайы  бояу  әдістерінде  ядро  мен  цитоплазмада  кездестіруге 

болатын  вирустық  бөлшектердің,  вирустық  ақуызтардың  жұмысы.  Теңбіл  дақтар 

(бляшкы)- вирустардың әсерінен жасушадағы бұзылған бөліктер, оны бірқабатты жасуша 

дақылында  вирустарды  өсіру  кезінде  байқауға  болады.  Гемадсорбция  реакциясы  - 

вируспен  залалданған  жасуша  дақылдарының  өзінің  беткейінде  эритроциттерді 

адсорбциялау  қабілеті,  түрлі-түсті  (цветная  проба)  сынақ  индикаторлы  қоректік 

орталардың  түсіндегі  өзгерістерге  негізделген.  Вируспен  залалданбаған  жасушаның  өсуі 

салдарынан  метаболизм  өнімдері  жинақталып,  қоректік  орта  түсінің  өзгеруі  туады. 

Залалданған  тіндер  дақылдарында  кейбір  вирустар  өзінің  цитопатикалық  әсерін  бірнеше 

күннің  ішінде,  басқалары  1-2  апта  өткен  соң,  вирустың  қасиетіне,  санына  байланысты 

және жасушаның ерекшелігіне байланысты көрінеді. 

[3]


 

[4]


 

Дүниежүзілік 

микробиология

 тарихында  орыс  ғалымы  Д.  И.  Ивановскийдің  алатын  орны 

ерекше.  Ол  XІX  ғасырдың  соңында  темекі  теңбілі  ауруын  зерттеп,  ол  аурудың 

қоздырғыштары  бактериялардан  да  ұсақ  тіршілік  иесі  екенін  тапқан.  Д.  И.  Ивановский 

ауруға  шалдыққан  жапырақты  жуып,  ол  жуындыны  бактерияларды  сүзетін  сүзгіден 

өткізгенде  одан  өтіп  кеткен.  Осы  сұйықтықты  темекіге  жұқтырғанда,  оның  жапырағы 

қайтадан  сарғайып,  ауруға  ұшыраған.  Зақымданған  темекі  жапырағын  үлкейткіш 

құралдармен  тексергенде 

кристалдар

 байқалған.  Кейіннен  1935  жылы  америкалық  ғалым 

У.  Стенли  бұл  кристалдардың  темекі  теңбілі  вирустарының  шоғырланған  жиынтығы 

екенін тапты.

[5]

 

XІX  ғасырдың  соңында  Д.  И.  Ивановский  ашқан  өте  ұсақ  тіршілік  иесінің  вирустар 



екендігі дәлелденді. 

 

 



 

 

 



 


 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет