Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет2/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ МИКРОБ КАЗ (1)

Жалпы 

микробиология 

микроорганизмдердің 

өзгергіштілігі 

мен 


тұқым 

қуалаушылығын, дамуы мен тіршілігін, табиғатта зат алмасу процесіндегі  рөлін зерттеп, 

айқындалған заңдылықтарды адам игілігіне қолдануды мақсат тұтады. 

Техникалық немесе өнеркәсіптік микробиология микробтардың тіршілігі нәтижесінде 

түзілетін  өнімдердің  адам  үшін  ең  қажеттілерін  көп  мөлшерде  өндірудің  ғылыми 

деректерге  негізделген  тиімді  технологиясын  әзірлейді.  Сонымен  қатар  ол  дайын 

өнімдерді  бүлінуден  сақтайтын  әдістерді  жетілдірумен  де  шұғылданады.  Аталмыш  сала 

микробиологиясының 

дамуы 


барысында 

ашыту 


өнеркәсібі, 

антибиотиктерді, 

ферменттерді, витаминдерді, амин қышқылдарын өндіретін өндірістер пайда болды. 

Тағам  микробиологиясы  әр  түрлі  микроорганизмдердің  көмегімен  тағам  өнімдерін 

даярлау  әдістерін  жетілдіру  мақсатында  зерттеулер  жүргізеді  және  осы  өнімдерді  сақтау 

шараларын анықтайды. 

Ауыл  шаруашылық  микробиологиясы  өсімдіктердің  қоректенуі  мен  топырақ 

түзілуіндегі микроорганизмдердің рөлін зерттейді. Сонымен қатар, ғылымның бұл саласы 

топырақтың  шұрайлығын,  азықтың  нәрлігін  арттыру  мақсатында  микроорганизмдерді 

қолдану тәсілдерін қарастырады. 



Санитарлық  микробиология  су,  ауа  және  топырақтағы  микроорганизмдердің 

маңызын  және  олардың  көмегімен  аурудың  таралу  жолдарын  зерттеп,  әртүрлі 

объектілерді зардапты микроорганизмдерден тазарту әдісі мен жолдарын анықтайды 

Медициналық  және ветеринарлық микробиология сәйкесінше адам мен жануарларға 

зардапты  микроорганизмдерді  зерттеп,  жұқпалы  аурулардың  алдын-алу  жолдары  мен 

зертханалық диагностикасын, оларға қарсы күрес шараларының тиімділігін жетілдірумен 

шұғылданады.  



Геологиялық  микробиология  жер  қабатында  пайдалы  қазбалардың  түзілуіндегі 

микробтардың рөлін анықтап, олардың өнеркәсіпте қолдану мүмкіндіктерін қарастырады.  

Заманауи  микробиологияның  жетістіктері  мен  тәсілдері  молекулалық    биология, 

генетика,  иммунология,  биотехнология  және  т.б.  ғылымдар    саласында  қолданыс  тауып, 

адамзаттың өзекті мәселелерінің оңтайлы шешілуіне өз үлесін тигізіп отыр. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет