2. Ғазиза неге көкесін іздеді, неге көкесінің басына баруға бел буды? Мәтіннен мысал ала отырып дәлелдеңдер. Бүл сүраққа жауап та, мәтіннен табатын мысалдары да
әр түрлі болуы мүмкін. Біреуі: “Ғазизаның көңілінде қалған
ойдың ең ақырғы бүйрығы: әкесі мен бауырының бейітіне
барып, екеуінің арасында отырып зарлау! Дүниеде жетім
болып, ж алғы з қалғандағы басынан кеш ірген қасіретін
шығару, азабын, дертін айту. Ғазиза бейітті бетіне алып: “А,
Қүдай, ендігі бар тілегім — осы көкемнің басына жеткіз! —
деп жүріп кетті”, — деген сөзді алса, екіншісі: “Көңілінде
қалған таусыншық сезімнің ойлатқаны: енді үйге кіріп
қайтемін? Үйде мен көретін не қы зы қ қалды? Бейш ара
болған шешелерім ақы ры қайғымды көрмей-ақ, білмей-ақ
қойсын! Қайта бүл сыр көрге бір-ақ кетсін дегендей болып,
тысқа шықты”, —деген сипаттауды алуы мүмкін. Мүғалімнің
үсынатын сүрағы, тапсырмасы оқушыны ойлантатындай,
әрі жауабында кеңінен іздендіретіндей болғаны дүрыс. Енді
келесі сүраққа келейік.