Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет34/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

БЕДЕУ АТ. Қазақтың аса бай ауыз әдебиеті үлгілерінде, ақын-

жырауларының  өлең-толғауларында  бедеу,  бедеу  ат  сөздері  жиі 

кездеседі. Мұндағы бедеу сөзінің бірден ойға келетін мағынасы «бала 

көтермеген  әйел»  және  «қысыр,  бойдақ  ұрғашы  мал».  Сондықтан, 

сырт қарағанда, бедеу ат тіркесі ақылға сыйымсыз көрінеді, өйткені 

ат  дегеніміз  –  «үйірге  түспейтін,  піштірілген,  ақтатылған  жылқы» 

(ҚТТС,  І  том,  464),  демек,  еркек  мал.  Бірақ  қазақ  тілінде,  әсіресе 

«Батырлар жырлары» сияқты көркем дүниесінде малды жақсы білген 

атам қазақ бедеу ат деген тіркесті қалайша қалыптастырған? Демек, 

бедеу  сөзінің  өзге  де  мағынасын  іздеу  керек  болады.  Бір  қызығы 

–  «Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі»  бедеу  сөзінің  1-лексикалық 

мағынасы етіп «жүйрік, бәйгі аты, жараған жылқы» дегенді көрсетеді 

де ат сөзімен тіркеспей, жеке тұрып қолданысқа түскенін мысалға 

келтіреді: Шапса да қанша жүйрік бедеу озар (Ақан сері). Демек, бе-

деу ат дегеннің мағынасы «мықты ат, жараған ат» , ал халық жыр-

ларында  бедеу  ат  –  жай  мықты  ат  емес,  тіпті  бәйге  аты  да  емес, 

көбінесе батырлар, бектер, хандар мінетін мықты ат, сұлу ат, бағалы 

жылқы. Оны Мұрат ақын (ХІХ ғ.): 

Жібектей жалын төгілтіп,

Ерні төмен салынған.

Құйрығы гүлдей малынған,

Күдергі бел, күпшек сан



Бедеу атқа мінген жер, – 

деп сипаттайды. «Қамбар батыр» жырында: 

Бектер мінген бедеу ат 

Темір менен тағалар, – 

деп келеді. Алпамыс батыр қалмақ ханына: 

Байлаудағы бедеу ат 

Астыңдағы алтын тақ 

Я сенікі, я менікі! – 

деп айбат көрсетеді. Кедей жігіт Қамбар батырды күйеу бала етпек 

болғанда, оған:

Мінгізді бедеу атын да,

Кигізді қамқа тонын да, – деп баяндайды. 

Бұл  мысалдардың  барлығында  да  бедеу  ат  –  хан,  бек,  батырға 

лайық мықты, бағалы ат.

Бұл  атау  наз  бедеу  деп  те  келеді:  Тайбурыл  иесі  Қобыланды 

батырға:


Қарағай менен бітер тал,

Кімге келмес керім сал.




60

Наз бедеу атқа бітер жал

Аямай тарттың қамшыңды,

Батыр туған Қобылан нар! – 

деп өкпе айтады. Наз бедеу – сұлу ат. Наз – парсы сөзі, наз бедеу де-

генде оның «грациозный» деген бір мағынасы алынған болуы керек. 

Бедеу  ат  деген  тіркес  бұл  күнде  күнделікті  сөйлеу  тілінде  көп 

қолданылмайтыны белгілі, ал қазіргі көпшілік қауым ауыз әдебиеті 

жырлары мен ХV- ХVІІІ ғасыр ақын-жырауларын да көп оқымайтын 

болар. Тіпті «тіл білеміз» деп тілдегі кемшіліктерді теріп жүрген ере-

сек  журналистеріңіздің  өзі  сөздіктерге  тіркелген  бедеу  ат  дегенді 

сынап, ондай қолданыс жоқ деп білгішсінгендері де бар. Іздей білсек, 

әлі біз көп естімеген, мағынасын білмейтін, танымайтын сөздеріміз 

баршылық екен. Бабаларымыздың тіліндегі осындай қазынаны біле 

түсу үшін де осынау еңбек ұсынылып отыр. 

Бедеу ат тіркесінің мән-мағынасын іздей жүріп және бір қызық 

фактіні кездестірдік. Жалайыр Қадырғали би жазған тарихи еңбекте 

(ХVІ ғ.) ақта/ахта ат деген тіркесті кездестіреміз. Ақта ат – бе-

деу  ат  дегеннің  синонимі,  яғни  хандардың,  батырлардың  жорыққа 

мінетін  мықты  аты.  Мысалы:  Уа  анларны  йахшы  ахта  атларға 



міндіріб,  йолда  йүргүздім  (Қадырғали  би  …,  196-бет).  Ечкі  оғлы 

Хасан Едіге бинің ахта атын алып турур ерді (сонда, 235-бет). Тіпті 

осы сөзден жасалған ақтачы «атбегі» сөзі де бар. Ақтачы/ахтачы 

− Шыңғыс хан тағайындаған мәртебелі 10 қызметтің біреуінің иесі, 

сондықтан көбінесе жалқы есіммен тіркесте келеді: Буқатай ахта-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет