Сабақтан үзінді Тақырып: Нольге аяқталған сандармен бөлу амалын орындау...
дәптерлеріне келесі мысалды шығару ұсынылады. 55140:6+30. 560-400
Оқушылар 3 амалды орындап болғаннан кейін, мұғалім қатар отырған
балаларға дәптерлеріңді алмастырып алып, жұмысты жалғастырыңдар деген
тапсырма берді.
Мұғалім: Жұмысты неден бастайсыңдар?
Оқушылар: орындалған амалдарды тексереміз.
Мұғалім: Қалай тексересіңдер?
Оқушы: Бұл - амалдар тәртібіне берілген мысал, сондықтан алдымен
қай амалдардың орындалғанына көңіл аударамын, содан соң бөлу мен
көбейтудің нәтижелерін тексеремін.
Әрекетті тексеруді бұлай ұйымдастыру оқушыларды тапсырманы
жауапкершілікпен орындап,
қате жібермеуге талпынуына ықпал
жасайды.Осындай жұмыстар қазақ тілі, еңбекке баулу сабақтарында да
жүргізіледі.
Қайталау және өтілген материалды бекіту сабақтарындағы тексеру
операцияларының бүкіл тәртібін есте сақтау үшін оқушылардың
әрқайсысына жеке қолдану үшін естелік беріледі. Тексеру үшін
оқушылармен бірлесіп құрастырылған естелікте, төмендегі операциялардың
дұрыстығын тексеру ұсынылады:
- белгілі (шарт) және белгісіздің (сұрақ) анықталуы;
- нені үйренетінімізді көрсететін шарттарды анықтау.
- қажетті ереженің еске түсірілуі;
- жоспардың құрылуы.
Әрбір оқушы есепті (оның ішінде еңбек міндетін де шешудің барлық
кезеңдерімен, талдаумен, мақсатты анықтау және жоспарлаумен таныс
болғандықтан мұғалім назарды тексеруді ұйымдастыру тәсілдеріне көбірек
аударып, жұмысты әр оқушы тексерушінің ролін атқаратындай етіп құрады.
169
Жоғарыдағыдай ұйымдастырылған сабақтарда оқушыларда сол міндеттерді
жүзеге асырудың тәжірибесі жинақталды.