168
Оқушылар: Жоқ, сабақтың тақырыбынан басқа бізге мақсатты
анықтауға өтілген материал бойынша біліміміз, математика, еңбекке баулу
т.б. сабақтардағы тәжірибеміз көмектеседі.
Мұғалім: Ерлан барлық шартты толық атады ма?
Оқушылар: Иә, шарт түгел аталды.
Мұғалім: Бірақ бұлар жеткіліксіз, басқа да шарттар бар. Оны атау үшін
оқулықтарынды ашып, біз орындауға тиісті жаттығуларға қараңдар.
(Оқушылар жаттығуларға берілген тапсырмаларды оқиды). Енді кім
толықтырып айтады, сабақтың мақсатын анықтауға бізге тағы не
көмектеседі?
Оқушылар: Жаттығулар мазмұны көмектеседі.
Мұғалім: Дұрыс. Жалқы есім мен жалпы есімді ажырата біліп, жалпы
есімді дұрыс жазуға үйренуіміз керек.
Осылай мақсатты анықтау барысында оны анықтауға көмектесетін
барлық шарттар еске түсіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: