Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет124/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   158
Байланысты:
Kantarbai

 
10. Сілтемелер 
 
10.1.  Диплом  жұмысының  мәтінінде  дерек  көздеріне  (әдебиетке) 
сілтеме  жасағанда,  сілтеме  нөмірі  квадраттық  жақшаларда  қолдану 
реттілігіне қарай қойылады. 
10.2.  Кестелерге,  суреттерге,  қосымшаларға  сілтемелер  дөңгелек 
жақшаға алынады. Сілтеме қасына  (Кесте 1), (Сурет 3) деп көрсетіледі. 
10.3.    Сілтемелер  ретіне  қарай,  пайдаланылған  деректер  тізімі 
толтырылады. Сілтеменің санына әдебиет саны сәйкес келуі қажет. 
 
 
11. Пайдаланылған деректер тізімінде әдебиетті жазу тәртібі 
 
11.1.  Автор  (тегі,  аты,  әкесінің  аты),  шығарманың  аты,  шыққан  жері, 
баспасы,  жылы,  жалпы  парақ  саны).  Автордың  аты-жөні,  еңбектің  атауы 
нүктемен  ажыратылады.  Шыққан  жердің  атының,  жалпы  бет  санының, 
сілтеме берілген беттің алдына сызықша қойылады. Егер баспа көрсетілетін 


 
179 
болса,  шыққан  жер  атауынан  кейін  қос  нүкте,  баспа  атауынан  кейін,  үтір, 
сосын  шыққан  жылы  қойылады.  «Бет»  сөзі  жалпы  бет  саны  көрсетілгенде, 
қысқартылып,  кіші  әріппен,  нақты  сілтеме  берілген  бет  көрсетілгенде, 
санның алдына бас әріппен беріледі. Мысалы: Бөкейханов Ә. Таңдамалы.  –
Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. -487 б. –Б.27. 
11.2.  Егер  дерек  көздері  (әдебиет)  қосымша  мәліметтерді  қамтыса, 
(оқулық, оқу құралы, еңбектер жинағы), дерек көзінің  негізгі атынан кейін 
қос  нүкте  қойылып,  қосымша  мәліметтер  жазылады.  Мысалы:  Қаңтарбай 
С.Е.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  оқу  әрекетін  қалыптастыру:  теория 
және қалыптастыру әдістемесі. - Ақтөбе, 2001. – 58 б. 
11.3.  Газет,  журнал  материалдары  пайдаланылса,  автордың  аты-жөні, 
мен  мақаланың  атынан  кейін  екі  қисық  жақша  (//)  қойылып,  журналдың 
(газеттің)  аты,  жылы,  айы-күні  немесе  №,  беті  жазылады.  Басылым  аты, 
жылы,  айы-күні  немесе  №-і,  беті  бір-бірімен  нүктемен  ажыратылады.  Әр 
нүктеден  кейін  сызықша  қойылады.  Мысалы:  Әбенова  Б.С.,  Омарұлы  Б. 
Қазақ қасіреті //Қазақ әдебиеті. -1999. -29 қазан. –Б.2-3. 
11.4.  Дерек  көзі  (әдебиет)  жалпы  редакция  басшылығымен  немесе 
құрастырушы  арқылы  жарияланған  болса,  еңбек  атауынан  кейін  қисық 
жақша (/) қойылып, бас әріппен редактордың немесе құрастырушының аты-
жөні  және  библиографиялық  барлық  мәліметтер  жоғарыда  көрсетілген 
ретпен  жазылады.  Мысалы:  Асфендияров  С.  История  Казахстана  (с 
древнейших времен) /Под ред. А.С.Такенова. –Алматы: Санат, 1998. -304 с. 
–С.178. 
11.5.  Пайдаланылған  деректер  тізімі  (әдебиет)  мәтінде  сілтеменің 
қолдану реттілігіне қарай беріледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет