180
13.3. Кестелерді араб сандарымен нөмірлеу қажет. Нөмір «Кесте»
сөзінен кейін қойылады, содан кейін кестенің аты жазылады. Бұл
мәліметтерді кестенің сол жақ бұрышына орналастыру қажет. Кестені тарау
санына сәйкес нөмірлеуге болады (Қосымша 4).
13.4. Егер жұмыста 1 ғана кесте болса, ол нөмірленбейді және «кесте»
сөзі жазылмайды.
13.5. Әр кестенің атауы болуы қажет, ол «кесте» сөзінен кейін
орналасады. «Кесте» сөзі және атауы бас әріптен басталады, атау соңында
нүкте қойылмайды.
13.6. Кестеге «№; р\н» графасын қосуға болмайды.
13.7. Кестені теріс қаратпай орналастыру қажет. Егер ол мүмкін
болмаса, кестені сағат тілі бойынша оқылатындай етіп орналастырған жөн.
13.8. Кестені келесі бетке көшірген кезде, кесте тақырыбын қайталау
керек және оның үстіне нөмірін көрсетіп, «Кестенің жалғасы» деген сөзді
орналастыру қажет. Егер кестенің тақырыбы ұзақ болса, оны қайталамай-ақ,
графаларды нөмірлеп, келесі бетте сол нөмірлерді қайталап жазу керек.
Кесте тақырыбы қайталанбайды.
13.9. Егер сандық немесе басқа мәліметтер кестенің қайсыбір
жолында болмай қалса, бос жол тастау қажет.
13.10. Жанындағы тақырыптар мен тақырыпшаларды және графаларды
диагональды сызықтармен бөлуге жол берілмейді.
13.11. Егер кестеде келтірілген барлық көрсеткіштер бір бірлікте
берілсе, ол кестенің оң жақ үстіне белгіленеді.
13.12. Кестеде
қайталанып
келген
сандарды,
математикалық
белгілерді, проценттік белгілерді, материалдар маркасының, нормативті
құжаттардың белгілерін тырнақшамен ауыстыруға болмайды.
13.13. Сандық материалдың көлеміндей шағын мәтінді кестеде
толтыру орынсыз, сандық мәліметтерді бағанаға орналастыра отырып,
мәтін түрінде беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: