14. Формулалар мен теңдеулер 14.1. Символдар мен сандық коэффициенттер мағынасын түсіндіру
тікелей формуладан соң формулада берілген тәртіппен жүргізіледі. Әрбір
символдың және сандық коэффициенттің мәні жаңа жолдан берілуі тиіс.
Түсіндірудің бірінші жолы қос нүктесіз, «мұнда» сөзінен басталады.
14.2. Теңдеулер мен формулаларды мәтіннен бөліп, жеке жолға көрсету
қажет. Әрбір формуладан немесе теңдеуден соң, жоғары не төменде бір бос
жол қалуы керек. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, тең болады (=) белгісінен
кейін ауыстырылуы керек, жаңа жолда міндетті түрде қайталануы қажет.
14.3. Жұмыс мәтінінде формулалар мен теңдеулерді араб сандарымен,
дөңгелек жақшамен оң жақтан формулаға қарсы нөмірлеу керек. Формуланы
тарау санына дейін нөмірлеуге болады. Егер жұмыста 1 ғана формула
немесе теңдеу болса, ол нөмірленбейді.