26
қарастырғанда ғылыми білімді тәжірибелік педагогикалық іс-әрекет
процесінде алуға болатындығы алға тартылады. Бірақ бұл тұжырым дұрыс
емес. Ғылыми танымдық деген ерекше үдеріс. Ол адамдардың танымдық іс-
әрекетінен, таным құралдарынан, оның нысаны мен білімдерінен
құрастырылады.
Стихиялы-эмпирикалық білім әруақытта алғашқылардың қатарынан
табылады Стихиялы-эмпирикалық білімнің көзі – адамдардың нысаны мен
сан алуан тәжірибелік іс-әрекеттері. Адамдар өз тәжірибесі арқылы осы
нысананың қасиеттерін біледі, онымен әрекет жасау жолдарын үйренеді.
Стихиялы-эмпирикалық білім адамдардың көп ғасырлық тәжірибесіне
негізделеді. Педагогика саласында стихиялы-эмпирикалық білім көзі
халықтық педагогикада ғасырлар бойы тәжірибеден өткен педагогикалық
құндылықтар қалдырды. Мысалы, мақал-мәтел, тәрбие ережелері т.б. оларда
белгілі бір педагогикалық заңдылықтар бейнеленген. Мұғалім де тәжірибелік
педагогикалық үдеріс барысында білімін толықтыра түседі.
Ғылымдағы танымдық іс-әрекетті арнайы дайындығы бар адамдар тобы
жүзеге асырады.
Ғылыми-зерттеу танымдық құралдар, ғылыми зерттеу әдістерін өмірге
әкеледі және зерттеуде қолданылады, ал стихиялы-эмпирикалық танымда бұл
көрінбейді. Мысалы, ғылыми-танымдық құралдарына модельдеу, теория
жасау, болжау, эксперименттеу жатады.
Ғылыми
танымның
стихиялы-эмпирикалық
таным
үдерісінен
ерекшелігінің бірі тәжірибеде кездесетін мәселелерді ғана зерттеумен
шектелмей, сонымен қатар, ғылым дамуы барысындағы анықталған
мәселелерді де зерттейді. Сондай-ақ ғылыми білімді стихиялы-эмпирикалық
білімнен ажырату мақсатында критерийлер дайындалады. Стихиялы-
эмпирикалық таным әруақытта табиғи тілмен берілсе, ғылыми білім табиғи
тілмен қатар арнайы символикалық және логикалық құралдарды
пайдаланады.
Ғылыми
танымның
стихиялы-эмпирикалық
танымнан
ерекше
айырмашылығы оның жүйелі және мақсатты сипаты, мәселені шешуге
бағытталуы.
Достарыңызбен бөлісу: