30
сипаттамасы,
технологиялық
үдерістің
техникалық-экономикалық
сипаттамалары.
Қолданбалы жұмыстар бұрыннан белгілі әдістерді елеулі түрде
жетілдіруге немесе жаңа әдістер құруға тікелей бағытталады, бұл әдістер
негізінде жаңа жабдықтар, машиналар, материалдардан тұрады.
Қолданбалы зерттеулердің барысы бұдан өзгеше болады. Қолданбалы
зерттеудің іргелі зерттеуден айырмашылығы сол, мұнда теориялық
негіздемелер зерттеушіге беріліп қойылған. Ол зерттеушіні қолда бар
теориялар арқылы педагогикалық тәжірибедегі жоюға тиісті кемшіліктерді
(мысалы, белгілі бір мақсаттарды орындау үшін оқытудың қолда бар
әдістерінің тиімділігінің жеткіліксіздігі) табуға және сипаттауға еліктіреді.
Бұл зерттеудің басы. Бұдан кейін байқалған кемшіліктерді қалай жою
керектігі жөнінде түсінік қалыптасады. Осы түсініктің қандай теориялық
дәрежеде екендігіне байланысты оның жекеленген элементтерін тексеруге
бағытталған эксперимент жүргізілуі мүмкін. Одан соң іс-әрекеттің жобасы
(мысалы, оқыту тәсілдерінің жүйесі) жасалады, және осы түпкі нәтиже
тәжірибе жұмысының барысында тексеріледі. Бұдан кейін соңғы
қорытындылар ұсынылады. Бір жағынан эксперимент, екінші жағынан
тәжірибе жұмысы арасында айырмашылықтар болуы мүмкін, оны зерттеу
жұмысының барысында ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: