Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет9/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   158
Байланысты:
Kantarbai

Рефераттық жұмыс (латын сөзі referat-баяндама, refero-баяндаймын)  - 
ғылыми  еңбектер,  ғылыми  зерттеулердің  қысқаша  мазмұнын  сипаттайтын, 
жазбаша  немесе  басылым  түрінде  берілетін  жұмыс.  Реферат  ғылыми-
ақпараттық    бағытта  болады.  Тақырыпты  объективті  тұрғыда  толық 
баяндаумен 
қатар 
рефератта 
ғылыми 
теориялар 
мен 
ғылыми 
қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер 
мен жоғары оқу орындарында қолданылады.   
Қойылған  мақсаты  мен  мазмұнына  қарай  рефераттарды  төмендегідей 
типтерге бөлуге болады: 
1. 
Ақпараттық  рефераттар.  Мұнда  автор    бір  немесе  бірнеше 
жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндайды. 
2. 
 Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше 
ғылыми әдебиеттер негізінде жазылады және  проблемаға түрлі көзқарастар, 
түрлі  жұмыстардағы  ғылыми  тұжырымдамалардың  сыни  талдамасы 
келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады. 
Баяндама  –  өзіндік  жұмыс  түрі,  оқу  және  сабақтан  тыс  уақыттарда 
студенттердің 
зерттеу 
дағдыларын 
қалыптастыруына, 
танымдық 
қызығушылығын кеңейтуіне, пікір айтуда маңызы үлкен. 
Берілген  тақырып  бойынша  жоспар  құрылады.  Қажетті  әдебиеттер 
іріктеледі.  әдебиеттермен  жұмыс  жасауда  алынған  мәліметтерді  жүйелеп, 
тұжырым жасалынады. 
      Курстық  жұмыс    студенттердің  шығармашылық  қабілеттерін 
танытады,  педагогикалық  ойлауын  дамытып,  ғылыми-зерттеу  дағдыларын 
қалыптастырады.  Курстық  жұмыстың  мақсаты  –  студенттердің  логикалық 
ойлау,  шығармашылық  қабілеттерінің  оқу-тәрбие  үдерісіндегі  дағдысын, 
ғылыми-зерттеушілік  шеберлігінің  деңгейін,  теорияны  тәжірибемен 
ұштастыра қолданып, қалыптастыру. 
     М. Р. Дружинин курстық жұмыстың  орындалуына мынадай талаптар 
қояды: 
- курстық жұмыс жоғары теориялық дәрежеде орындалуы қажет; 
- курстық жұмыс зерттеушілік сипатта болуы тиіс; 


21 
 
- курстық  жұмыс  педагогикалық  бағытталған,  яғни  онда  бірқатар 
педагогикалық  міндеттер  және  студенттердің  кәсіби  дайындығына 
көмектесетін қазіргі мектеп мәселелері орын алуы тиіс; 
- курстық  жұмыста  талқыланатын  мәселелер  теориялық  және  ғылыми 
негізделген, оның тұжырымдары қазіргі педагогика мен психологияның даму 
деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс; 
- курстық  жұмыстың  мазмұны  мен  құрылымы  логикалық  жағынан 
жүйелі болуы тиіс. 
    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет