97
бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері,
объектісі (сабақ, экскурсия т.б.жағдайда), жүргізілу әдісі мен техникасы
дұрыс көрсетілуі тиіс. Педагогикалық бақылау – бұл белгілі бір құбылысты
ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі.
Бақылаулар тікелей және жанама, ашық және жабық, үздіксіз және
дискреттік (үзіліспен), монографиялық болуы мүмкін. Зерттеуші
бақыланушы объектінің іс-әрекетіне тікелей белсене қатысса, (оқушылармен
бірге) бақылау тиімді болып шығады. Сырттай (құпия) бақылау айналы
(әйнекті) қабырға арқылы немесе телекамераның көмегімен жүзеге
асырылады.
Бақылау әдісін бастамас бұрын зерттеуші қандай мақсатпен және
қанша уақыт бақылау жүргізетінін және қандай күтілетін нәтижелерге
келетінін білуі тиіс. Жинаған фактілерді тіркеп жазып қою керек, күнделік
жазып, хаттама күйінде тіркеп, бейнетаспаға, үнтаспаға жазып алып,
фотосуретке түсіру керек.
Бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар:
- мақсаттылығы;
- жүйелілігі;
- ұзақтылығы;
- жан-жақтылығы;
- объективтілігі;
- бұқаралық;
- әдептілікті сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: