Математикалық және статистикалық әдіс. Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен
олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық дәлдікті анықтау үшін
қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу, байланыс пен ықпал ету
көрсеткіштерін есепке алу үшін, өзара тәуелділікті айқындау, әр түрлілік
көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау, орташа арифметикалық қате мен
оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін, орташа
квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін
қолданылады.
Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол
зерттеу объектісінің белгілі бір қасиеттерін ашып, есептеу үшін
қолданылады. Тіркеу әдетте белгілі бір белгісі бар не жоқ бір құбылысты
өлшеу үшін қолданылады. Бұл белгісі бар объектіні анықтап алып, оны
белгісі жоқ басқа бір объектіден ажырата алуы қажет. Сондай-ақ, шартты
критерийлер қажет, мысалы қандай оқушыны тәртіпті, ал қандайын
тәртіпсіз деп, өзімшіл немесе көпшіл деп, үлгерімі жақсы немесе үлгерімі
нашар деп айтуға болады.